Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 480 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстан үкіметтері 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығын күшейту мен кеңейтудің маңыздылығын ұғына отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Хаттама 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабында көрсетілген Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларында белгіленген салалардағы өкілеттіктер шеңберінде Каспий маңындағы мемлекеттердің шекаралық ведомстволарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерін реттейді.
2-бап
1. Осы Хаттаманың ережелерін іске асыру жөніндегі Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары мыналар болып табылады:
а) орталық деңгейде:
Әзербайжан тарапынан - Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік Шекара қызметі;
Иран тарапынан - Иран Ислам Республикасының Құқық тәртібін қорғау күштерінің Шекаралық қолбасшылығы;
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі;
Түрікмен тарапынан - Түрікменстанның Мемлекеттік шекара қызметі;
б) өңірлік деңгейде:
Әзербайжан тарапынан - Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік Шекара қызметінің Жағалау күзеті;
Иран тарапынан - Мазандаран провинциясы Жағалау күзетінің қолбасшылығы, Гилан провинциясы Шекара қызметінің қолбасшылығы, Голестан провинциясы Шекара қызметінің қолбасшылығы;
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жағалау күзетінің өңірлік басқармасы;
Ресей тарапынан - Ресей ФҚҚ Дағыстан Республикасы бойынша Шекаралық басқармасы және Ресей ФҚҚ Калмыкия Республикасы мен Астрахань облысы бойынша Шекаралық басқармасы;
Түрікмен тарапынан - Түрікменстан Мемлекеттік шекара қызметі орталық аппаратының Теңіз бөлімі.
2. Құзыретті органның атаулары және функциялары өзгерген жағдайда тиісті Тарап ол туралы осы Хаттаманың Депозитарийін дереу дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
3-бап
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) ақпарат алмасу;
2) орталық және өңірлік деңгейлерде кездесулер өткізу;
3) семинарлар, тренингтер өткізу және тәжірибе алмасу;
4) Каспии теңізіндегі құқыққа қайшы әрекеттердің профилактикасы, алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша келісілген іс-шараларды еткізу.
Тараптар мүдделілік танытқан жағдайда ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл басқа да нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
4-бап
Осы Хаттаманы іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзара мүдделілікті білдіретін, оның ішінде:
Тараптар мемлекеттерінің құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін қарап-тексерілген немесе ұсталған кемелері (жүзу құралдары) туралы, оларға қатысты қолданылған шаралар туралы, сондай-ақ олардың салдары туралы;
Тараптар мемлекеттерінің Каспий теңізінде құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін ұсталған азаматтары мен басқа да адамдар туралы;
Тараптар мемлекеттерінің Каспий теңізінде құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асырғаны туралы оларға қатысты мәліметтер бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
5-бап
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ақпарат алмасуды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін телефонды, факсимильдік байланысты, электрондық поштаны және басқа да ақпараттық технологияны пайдаланады.
Жәрдем көрсету туралы сұрау салулар жазбаша нысанда жолданады.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салулар орнатылған байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және кейіннен 72 сағат ішінде жазбаша расталады. Қабылданған шешім туралы жауап мүмкіндігінше қысқа мерзімде жолданады.
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде құзыретті органдар байланыс пункттерін және олардың арасындағы байланысты ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
6-бап
Тараптар осы Хаттама шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын және тиісті түрде сақталуын қамтамасыз етеді.
Ақпарат пен материалдардың құпиялылық дәрежесін жіберуші Тарап айқындайды.
Алынған ақпарат пен материалдар оларды ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз және оның шартын сақтамай үшінші тарапқа жіберілмейді.
Егер ұсынылатын ақпарат өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі, заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келтіретін болса, сұрау салушы Тарап ақпарат ұсынудан толық немесе ішінара бас тарта алады. Қабылданған шешім сұрау салу бастамашысына жазбаша нысанда жеткізіледі.
7-бап
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында кезекпен жылына кем дегенде бір рет кеңес өткізеді.
Қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл бағыттары бойынша бірлескен жоспарлар әзірленеді.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары келісілген іс-шараларды жүргізуді үйлестіру және олардың нәтижелерін бағалау, сондай-ақ осы Хаттаманың ережелерін іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешу үшін кез келген Тараптың бастамасы бойынша жоспардан тыс жұмыс кездесулерін өткізе алады.
8-бап
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмеген болса, осы Хаттаманы орындаумен байланысты шығыстарды әрбір Тарап дербес көтереді.
9-бап
Тараптар осы Хаттама шеңберінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде сұрау салулар мен материалдарды жіберген жағдайда ағылшын және орыс тілдерін пайдаланады.
10-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.
11-бап
Әзербайжан Республикасы осы Хаттаманың Депозитарийі болып табылады.
12-бап
Осы Хаттаманың ережелері Тараптардың өз мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
13-бап
Осы Хаттаманың ережелері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін алдын ала анықтау ретінде қаралмауға тиіс.
14-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Хаттаманың 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.
15-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Депозитарий алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Әрбір Тарап бұл туралы Депозитарийдің хабардар ете отырып, осы Хаттамадан шыға алады. Бүл Тарап үшін осы Хаттама Депозитарийдің осындай хабарламаны алған күнінен бастап он екі ай бойы қолданыста болады.
20 жылғы " _ " ______________ ______________________ қаласында бір төлнұсқа данада әзербайжан, қазақ, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдерінде жасалды, бүл орайда барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
Келіспеушіліктер туындаған жағдайда осы Хаттаманы түсіндіру мақсатында Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Хаттаманың төлнұсқа данасы Депозитарийге сақтауға тапсырылады, ол оның расталған көшірмелерін барлық Тараптарға жолдайды.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін |
Иран Ислам Республикасының Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |
Түрікменстанның Үкіметі үшін |