Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Несие капиталының сыртқы нарығында орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 243 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2018 жылы несие капиталының сыртқы нарығында кемінде 1170000000 (бір миллиард бір жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |