"Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 642 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2) және 67-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "67-1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      67-2) босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      67-3) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 704 "Некоторые вопросы Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2018 года № 642. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.03.2019 № 142.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 704 "Некоторые вопросы Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 58, ст. 373) следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 16 дополнить подпунктами 67-1), 67-2) и 67-3) следующего содержания:

      "67-1) осуществление лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему;

      67-2) осуществление лицензирования деятельности по ликвидации (уничтожение, утилизация, захоронение) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств;

      67-3) осуществление лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, приобретению и реализации боеприпасов, вооружения и военной техники, запасных частей, комплектующих изделий и приборов к ним, а также специальных материалов и оборудования для их производства, включая монтаж, наладку, модернизацию, установку, использование, хранение, ремонт и сервисное обслуживание;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев