Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен, оған 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен, оған 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып қайта аталсын.

4. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.04.2017 № 223 қаулысымен.

5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулының 4-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

6. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.07.2018 № 405 қаулысымен.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;

2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.04.2017 № 223 қаулысымен.
8. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.07.2018 № 405 қаулысымен.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 704 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру салаларындағы басшылықты, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 188 қаулысымен.

2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

1) Аэроғарыш комитеті;

2) Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті;

3) Ақпараттық қауіпсіздік комитеті.

3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Министрлік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

5. Министрлік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

6. Министрлік, егер оған заңнамаға сәйкес осындай өкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8, "Министрліктер үйі" ғимараты, 2-кіреберіс.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.04.2017 № 223 қаулысымен.

10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Министрлiктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Министрліктің миссиясы:

бәсекеге қабілетті қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті, жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;

2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiру;

3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;

4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

5) бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласына басшылық жасау;

6) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;

7) ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;

8) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;

9) өз құзыреті шегінде "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

10) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 188 қаулысымен.

16. Орталық аппараттың функциялары:

1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;

2) стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

3) реттелетiн салалардағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және қабылдау;

4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлмшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу және бекіту;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

8) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

9) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

11) құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлік мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің, заң жобалары тұжырымдамасының жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;

12) сарапшылық кеңес құру;

13) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сарапшылық кеңес қызметі туралы ережені және оның құрамын бекіту;

14) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту;

15) реттелетін салаларда шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізу;

16) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;

17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

18) Министрлікте мемлекеттік құпиялардың және таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;

19) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

20) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тиісті кезеңге арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

21) мемлекеттік органдардың жұмылдыру даярлығы саласындағы қызметін үйлестіру;

22) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында зерттеулерді ұйымдастыру;

23) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

24) жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

25) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгерген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және беру туралы ұсыныстар енгізу;

26) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидалары мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы баяндамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асыру;

27) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;

28) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді броньдау бойынша жұмысын үйлестіру;

29) бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу;

30) қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі мен ақпараттық қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асыру, олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру;

31) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыру;

32) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлеу;

33) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасын әзірлеу және қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға жеткізу;

34) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

35) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекіту;

36) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындау;

37) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекіту;

38) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекіту;

39) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекіту;

40) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындау;

41) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындау;

42) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің айқындауы үшін ұсыну;

43) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жасау, пайдалану және дамыту шығындарының нормативтерін бекіту;

44) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту;

45) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындау;

46) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін бекіту;

47) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;

48) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

49) халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау тәртібін айқындау;

50) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындау;

51) ғарыш қызметі саласындағы және "Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа да қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;

52) Ресей Федерациясы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыларды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

53) Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

54) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту;

55) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару;

56) броньнан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімін келісу;

57) шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;

58) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту;

59) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты орналастыру;

60) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

61) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіру;

62) сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту;

63) ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін бекіту;

64) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;

64-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;

64-2) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

64-3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

64-4) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту;

64-5) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін бекіту;

64-6) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту;

64-7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;

64-8) электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту;

64-9) электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібін және мерзімін бекіту;

64-10) ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын келісу;

64-11) "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын келісу;

64-12) "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды келісу;

64-13) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын келісу;

64-14) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;

65) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасау;

66) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстар, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;

67) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;

67-1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

67-2) босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

67-3) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру;

68) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 188; 16.10.2018 № 642 қаулысымен.

17. Ведомстволардың функциялары:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

3) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

5) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

6) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

8) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

9) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;

10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

13) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

16) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

17) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

18) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi қоса алғанда, ғарыш қызметi саласындағы жобалар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз ету;

19) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;

20) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

21) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;

22) халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалауды айқындау;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;

24) Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

25) ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;

26) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

27) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесi бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;

28) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

29) ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;

31) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;

32) "Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

33) ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;

34) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлеу;

35) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;

36) ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

37) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен, мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы мен материалдық құндылықтардың сақталу көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

38) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сауда қызметінің субъектілерімен шарттар жасасу арқылы нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

39) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;

40) қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;

41) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізудің тиісті қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

42) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде шығыстар көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

43) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

44) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;

45) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;

46) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

47) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;

48) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, сапалық және сандық жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету;

49) қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушылармен шарт (келісімшарт) жасасу;

50) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыптарын өндiріп алуды жүзеге асыру;

51) тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резерв саласында түгендеу жүргізуге тарту;

52) сақтау пункттерінде сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізу;

53) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзуда кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін тексеру (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;

54) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу;

55) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;

56) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

57) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

58) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 188 қаулысымен;

59) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

60) ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аттестаттауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;

61) ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне аттестаттау жүргізу;

62) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;

63) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өндірістік пайдалануға енгізуге қатысу;

64) мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

65) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;

65-1) сервистік бағдарламалық өнімнің, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының, мемлекеттік органның интернет-ресурсының және ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу;

65-2) ақпараттық жүйенің, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасының, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін әзірлеу;

65-3) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

65-4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

65-5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

65-6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар жіберу;

65-7) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау бойынша ұсыныстар дайындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын әзірлеу;

65-8) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін әзірлеу;

65-9) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін әзірлеу;

65-10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу;

65-11) электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын әзірлеу;

65-12) электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

65-13) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;

66) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 188 қаулысымен.

18. Министрліктің құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

4) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша оны мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;

5) халықаралық шарттарды (келісімдерді) жасасу бойынша ұсыныстар енгізеді, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді, шарттар (келісімдер) жасасады;

6) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

7) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру

19. Министрлікке басшылық етуді Министр жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

20. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. Министрдің өкілеттіктері:

1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;

2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;

3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;

4) Министрлік атынан Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;

5) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;

6) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және бұрыштама қояды;

7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

8) Үкімет тиісті шешім қабылдаған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 62 қаулысымен.

Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

23. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді.

24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкі

25. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

26. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi

Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.07.2018 № 405 қаулысымен.

1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Акционерлік қоғамдар

1) "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

2) "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын:

"Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Республикалық мемлекеттік мекеме

"Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі

3) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

2. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

1) "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

2) "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Акционерлік қоғамдар

1) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

2) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

3) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

4) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

"Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

"Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 704 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 280-1, 280-2-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген бөлім алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне

      375. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы.

      376. "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне

      377. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.

      378. "Ғарыштық байланыс республикалық орталығы" акционерлік қоғамы.

      379. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      380. "Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы.

      381. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi – Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.";

      10-1-тармақта:

      2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;";

      11-тармақта:

      29), 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру;

      30) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесін әзірлеу;";

      12-тармақта:

      20), 21) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстар, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;

      21) өз құзыреті шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болатын нормативтік құқықтық актілер, әдiстемелік және өзге де құжаттар әзiрлеу, бекіту және шығару;";

      "23) мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершiлiгi туралы ұсыныстар енгiзу;".

      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      4-бөлімде:

      мына:

      "

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

10681


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

10644


      ";

      5-бөлімде:

      мына:

      "

5

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2553


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2278


      ";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолдағы "386" деген сандар "183" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 1) жол алып тасталсын;

      12-бөлімде:

      мына:

      "

12

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

252


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

247


      ";

      мынадай мазмұндағы 13-бөліммен толықтырылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

424


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203


Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203


      ".

      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.

      6. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

      197. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      198. "Ғарыштық техника және технологиялар институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      199. "В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      200. "Ионосфера институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      201. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      7. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 491-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше.";

      3, 5, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйым жыл сайын, 30 мамырдан кешіктірмейтін мерзімде ведомствоға, тоқсан сайын ұсынылатын тамақ өнімдерінің тізбесін қоспағанда, мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесін ұсынады.";

      "5. Комиссия есептен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тікелей қарап шығуды жүзеге асырады, бұл ретте техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерін пайдаланады және оның қайта қалпына келтіру мен одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды, тендерде сату, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру, нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдалану бойынша қабылданған шаралар туралы материалдарды қарайды, есептен шығару себептерін анықтайды, материалдық құндылықтарды сақтау кезінде сақтау нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуді, есептен шығарылатын мүліктің жекелеген түзілімдерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3 (үш) данада мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының техникалық (сапалық) жай-күйінің хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) жасайды.

      Хаттаманың бір данасы сақтау пунктінде/ведомстволық бағынысты ұйымда қалады, хаттаманың екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынып тасталған мемлекеттік органға жолданады, үшінші данасы ведомствоға оған қол қойылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолданады.";

      "7. Хаттама мен есептен шығару актісінің негізінде ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) үшін броньнан шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.

      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) үшін броньнан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін ведомство есептен шығару актісін мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын одан әрі кәдеге жарату (жою) үшін сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға жолдайды.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жарамсыз болып қалған, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кәдеге жарату (жою) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратуды (жоюды) жүргізген сақтау пункттері немесе ведомстволық бағынысты ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2 (екі) данада мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) туралы акті жасайды және қол қойылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның бір данасын ведомствоға жібереді.".

      8. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 492-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жинақтауға және жаңартуға тиісті материалдық құндылықтар туралы мәліметтер жасайды. Мәліметтер ведомствоға 10 қаңтардан кешіктірілмей беріледі. Ұсынылған мәліметтер негізінде ведомство жыл сайын операция жүргізу жоспарын жасайды.

      7-2. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері 20 қаңтарға дейінгі мерзімде ведомствоға:

      1) тауарды жеткізу орны туралы мәліметтерді (қажеттілігіне қарай байланыстыратын станциясын);

      2) сипаттамасын және сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын, ұлттық стандартты немесе бар болған жағдайда, Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспелі қызметтерді (жинақтау, жапсыру, оқыту, олар өтетін жерді тексеру және тауарларды сынақтан өткізу), тауардың шығарылған жылын, кепілдік мерзімін көрсете отырып, техникалық ерекшелігін келісуге ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтау пункттері жыл сайын ұсынатын материалдық құндылықтарды сақтау бойынша шығындар есептері негізінде есептеледі. Шығындар есебі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеппен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына сәйкес 10 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қарызға беру тәртiбiмен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарған кезде ведомство алушымен тиiстi шарт (келiсiмшарт) жасасады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік резерв номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде ведомство жүзеге асырады.

      Броньнан шығару тәртібімен төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Мемлекеттік резерв номенклатурасын өзгерту және материалдық құндылықтарды кәдеге жарату (жою) кезінде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар заңнамасына сәйкес құпиясыздандырылады.";

      осы өзгерістер мен толықтыруларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, халықтың көші-қоны;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақтың 14), 14-1), 38) тармақшалары алып тасталсын;

      16-тармақтың 60), 100), 101), 102), 103), 105), 106), 180), 207), 271), 272), 273), 274), 275), 276) және 280) тармақшалары алып тасталсын;

      281) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "281) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тауарларға баға мониторингін жүргізу және нарыққа реттеушілік әсер ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізген жағдайда мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, оның көлемін, бағасын және сауда үстемесінің мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;";

      17-тармақтың 228), 229), 230), 231), 232), 233), 234), 235), 236), 244), 245), 266-34), 266-35), және 266-36) тармақшалары алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі алып тасталсын.

      11. "Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 590-құжат.):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік әсер ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне үшін шығару жағдайларын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағында айқындалған жағдайларды шығаруды қоспағанда, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды тендер нысанында шығару тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тендерді ұйымдастырушы – мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы ведомство;";

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тендерді ұйымдастырушының лауазымды тұлғалардың қатарынан айқындалады.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тендерді ұйымдастырушы тендер өткізу туралы хабарлама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ үміткерлердің тендерге қатысуға өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тендер өткізу туралы хабарлама мәтінін орналастырады.";

      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық үкімет порталы арқылы алынған жағдайда, ол нотариат куәландырылған анықтама көшірмесімен бірдей қабылданады;";

      15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк кепілдігі ведомствоның сатып алу-сату шартын тіркегенге дейін қолданылады және егер екінші деңгейдегі банк сатып алу-сату шартын орындау мерзімі аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жазбаша талап алмаса, толық және автоматты түрде күшін жояды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тендерге қатысуға өтінімді үміткер тендерді ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түрде береді және соңғы парағы оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.

      Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.";

      31-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемі үшін төлем алынғаннан кейін ведомство мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға наряд жазып береді.";

      38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тендерге қатысуға өтінім осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес келмеген;";

      41-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, лоттың кесімді бағасын қадамдық өзгерту тендерлік комиссияның ағымдағы отырысында жүзеге асырылады.".

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.

      13. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 12, 60-құжат.):

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 7-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      14. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 228-құжат):

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      15. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат):

      1-қосымшадағы 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы
5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім:
1-санат бойынша өнім – "Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер" мен "уыттар";
9-санаттағы өнім - қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар;
Әскери тізім бойынша өнім



1-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
9-санат бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
Әскери тiзiм бойынша:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi


      ";

      2-қосымшадағы 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті


      ";

      16. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 704 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволары мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару бойынша уәкілетті орган болып белгіленген қайта аталатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесі

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Республикалық мемлекеттік мекемелер

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 704 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына акциялардың (қатысу үлестерiнің) мемлекеттiк пакеттерiн пайдалану және иелiк ету құқықтары берілетін заңды тұлғалар тізбесі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне

Акционерлік қоғамдар

1) "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы;

2) "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне

Акционерлік қоғамдар

1) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

2) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

3) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

4) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

"Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

__________________

(құпиялық белгісі)

№___ дана

М.О. Бекітемін

.........................

Сақтау пунктінің басшысы

_________________________

(лауазымы, қолы)

20___ жылғы "___"________

_____ жылдарға арналған жинақтауға және жаңартуға жататын материалдық құндылықтар жөніндегі мәліметтер

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Жинақталу көлемі

Салынған жылы

Жинақталды

Жаңартуға жатады

Жаңарту мерзімі қашан өтіп кетті немесе өтеді

Жинақтау көлеміне дейін жетпейді

Салуға жатады

Ескертпе

саны

сомасы

саны

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Бас бухгалтер _________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Арнайы бөлім бастығы немесе

жұмылдыру жұмыскері/материалдық

құндылықтардың сақталуына жауапты тұлға

_________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

..........................................................жіберіледі (алушының атауы және мекенжайы)

....................................................... сақтау пункті

(атауы)

Министрлік (ведомство) _____________________________________________

Сақтау пунктінің мекенжайы _________________________________________

_____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарын есептеулер

Р/с

Шығындардың атауы

Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі іс-шаралар

Сомасы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Жалақы




2

Әлеуметтік салық




3

Іссапарлар




4

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу




5

Үй-жай мен жерді жалға алу ақысы




6

Ұстау мен ағымдағы жөндеу




7

Бөлімнің алаңдары мен үй-жайларын ұстау және ағымдағы жөндеу




8

Көлік шығыстарына ақы төлеу




9

Өзге де тауарларды сатып алу




10

Өзге де ағымдағы шығыстар




11

Оның ішінде ҚҚС





Шығындардың жиыны:





М.О. Сақтау пунктінің басшысы ________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Бас бухгалтер ___________________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Орындаушының телефоны Арнайы бөлім бастығы немесе

жұмылдыру жұмыскері/материалдық

құндылықтардың сақталуына

жауапты тұлға__________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
  Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарын
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

________________________________

(құпиялық белгісі)

№ дана

БЕКІТЕМІН

________________________________

(мемлекеттік резерв саласындағы

ведомство басшысы

немесе ол уәкілеттік берген өзге адам)

________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20__жылғы "__" _______

Жөнелтілді ___________________________

(ұйымның атауы мен мекенжайы)

Тексерді _________________________ Қолы ___________________

(ҚР ҚАӨМ ММРК өкілі)

________________________________________________

(салуға, шығаруға)

20___ жылғы "__" ________ № __ АКТ

_____________________________________________________ тәртібімен (жеткізу, жаңарту, қарызға беру, қайтару, орнын ауыстыру және т.б.) Негіздеме ___________________________________________________

(құжаттың атауы, күні және №)

Есептік позициялар № (шифрі)

Материалдық құндылықтардың атауы (сорты, өлшемі, маркасы)

Өлшем бірлігі

Салынды


Шығарылды

Саны

Бірлігі үшін бағасы

сомасы

Мем СТ нөмірі, сериясы, сертификациясы

Мемтіркеудің нөмірі, жылы

Саны

Өлшем бірлігі

сомасы

Жүргізілген операциядан кейін бар-жоғы

теңге

теңге

теңге

теңге













М.О. Ұйым басшысы _____________________(Т.А.Ә., қолы)

Бас бухгалтер ______________________(Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
4-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
2-қосымша

Қызмет бабында пайдалану үшін

(толтырылуы бойынша)

№ __ дана

Жөнелтіледі _____________________________

(алушының атауы мен мекенжайы)

Ұйым ____________________________________

(атауы мен мекенжайы)

20___ жылғы "__" ________

Материалдық құндылықтарды қабылдау-беру
АКТІСІ

Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия құрамы ___________________,

комиссия мүшелері __________________________________________________

___________________________________________________________, өнім беруші _________(өнім берушінің атауы) өкілінің қатысуымен _____ № ____ шартқа сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының төменде тізбеленген материалдық құндылықтарын қабылдап алуды жүргіздік.

Р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Жасалған күні

Өндіруші

Ескертпе











ЖИЫНЫ:









_____________________________________________________

(сомасы жазбаша)

Қабылдады: комиссия төрағасы: ________________ (Т.А.Ә., қолы)

(басшы)

М.О.

Комиссия мүшелері:______ (Т.А.Ә., қолы)_________ (Т.А.Ә., қолы)

(бас бухгалтер, материалдық жауапты тұлға және т.б.)

М.О.

Тапсырды: Өнім берушінің уәкілетті адамы _______ (Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
5-қосымша
  Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық
құндылықтарын есепке алу
қағидаларына
7-қосымша

Қызмет бабында пайдалану үшін

(толтырылуы бойынша)

№ ___ дана

БЕКІТЕМІН

________________________________

(кәсіпорын басшысының лауазымы)

________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20 __ жылғы "__" _______________

КЕЛІСІЛДІ

________________________________

(мемлекеттік резерв саласындағы

ведомствоның басшысы немесе

ол уәкілеттік берген өзге адам)

________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20 __ жылғы "__" _______________

Сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының табиғи кемуін есептен шығару актісі

____________

күні

Біз төменде қол қоюшылар, комиссия құрамы ____________________

_________________________________________________, комиссия мүшелері

____________________________________________________________________

(нормативтік құқықтық актінің атауы)

20 __ жылғы "__" ________ № ___ сәйкес ұсынылған ______ бастап _____ дейінгі кезеңдегі құжаттарды қарап,_________________________________

(сақтау пунктінің атауы)

материалдық құндылықтар сақталатын жер бойынша климаттық аймақтарды ескере отырып, мынаны белгіледік.

Сақтау орнын сипаттау және есептеулер жүргізу:___________________________________________________________

___________________________________________________________________

Р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Жол берілетін ағаттық (барынан +/- ____)









ЖИЫНЫ:







Комиссия қорытындысы мен ұсыныстары: _______________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Негіздеме: _________________________________________________________

Акт ____ данада жасалды.

№ 1 дана _________________

№ 2 дана _________________

№ 3 дана _________________

М.О. Комиссия төрағасы: _______________________

(Т.А.Ә., қолы)

Комиссия мүшелері _______________________

(Т.А.Ә., қолы)

_______________________

(Т.А.Ә., қолы)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады