Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 690 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
26 қазандағы № 690
қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру тәртібі";

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өтінішхаты:

      2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

      7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және объектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаулы жобасын енгізеді.".

      2. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурс жылдың басында жарияланады және "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Конкурс үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), үшінші – ұлттық.

      9. Жергілікті атқарушы органдар "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурстың (бұдан әрі – Комиссия) жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссия құрады, сондай-ақ ол туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық (қалалық) конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде төрт қатысушының (жанұяның) құжаттарын, өздерінің аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген шешімдерін облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияға жолдайды.

      15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік жанұяны іріктейді, қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарды қосымша тексеруден өткізеді және облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада конкурс жеңімпаздары анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өздерінің шешімдерін ұсынылған құжаттармен бірге "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беретін комиссияға (бұдан әрі – атақ беру жөніндегі комиссия) жолдайды.";

      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Атақ беру жөніндегі комиссия облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарастырғаннан кейін 10 күн ішінде іріктеу туралы бағдарламалар циклін әзірлеу үшін, сондай-ақ лауреат атағын беру бойынша үміткер-отбасылар туралы материалдарды ұлттық телеарнаға жолдайды.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен. 

      4. "Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 315-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.".

      5. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 606 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 316-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.".

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 625-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздер күнін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.".

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2020 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 690.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
26 октября 2018 года № 690

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., № 11, ст. 81):

      в Правилах присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок присвоения наименования объектам, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства";

      подпункты 1) и 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "1) ходатайство центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения и столицы;

      2) совместное решение местных представительных и исполнительных органов областей, городов республиканского значения и столицы о присвоении наименовании и переименовании объекта, а также об уточнении и изменении транскрипции их наименований и присвоении собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства, за исключением объектов, юридических лиц, находящихся в ведении центральных государственных органов;";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Уполномоченный орган в течении трех рабочих дней направляет заключения Комиссии в центральные государственные органы, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы.

      7. В случае получения положительного заключения Комиссии центральные государственные органы, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы вносят в Правительство Республики Казахстан проект постановления по присвоению наименования объектам, а также переименованию, уточнению и изменению транскрипции их наименований и присвоению собственных имен лиц объектам, государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства с приложением заключения Комиссии.".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 181 "Об утверждении Правил проведения Национального конкурса "Мерейлі отбасы" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 15, ст. 126):

      в Правилах проведения Национального конкурса "Мерейлі отбасы", утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      часть вторую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "Конкурс объявляется в начале года и итоги подводятся ко Дню семьи, в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2017 года № 689 "Об утверждении перечня праздничных дат в Республике Казахстан.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок организации конкурса";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Организаторами конкурса являются Министерство культуры и спорта Республики Казахстан, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан при поддержке Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, а также комиссий по делам женщин и семейно-демографической политике при акимах областей, городов республиканского значения и столицы.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Конкурс проводится в три этапа. Первый этап – районный (городской), второй – областной (города республиканского значения, столицы), третий – национальный.

      9. Местные исполнительные органы создают комиссии по определению победителей Национального конкурса "Мерейлі отбасы" (далее – комиссия) в областях, городах, районах, а также утверждают положение о ней и критерии отбора.";

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Районная (городская) комиссия в срок не более одного месяца с момента завершения приема документов для участия в конкурсе осуществляет всестороннюю проверку полученной информации по определению победителей районного (городского) конкурса, после чего в течение двух рабочих дней направляет свои решения, согласованные с акимами районов (городов), конкурсные документы четырех участников (семьи) в областные (городов республиканского значения, столицы) комиссии.

      15. Областные (городов республиканского значения, столицы) комиссии в срок не более одного месяца с момента получения документов из районных (гopoдских) комиссий производят отбор двух лучших семей, при необходимости осуществляют дополнительную проверку представленных документов и в течение двух рабочих дней после определения победителей конкурса в областях (городах республиканского значения, столице) свои решения, согласованные с акимами областей (городов республиканского значения, столицы), с представленными документами направляют в Комиссию по присуждению звания лауреата Национального конкурса "Мерейлі отбасы" (далее – комиссия по присуждению звания).";

      абзац первый пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "16. При принятии решения об определении лучших семей комиссии в областях, городах, районах руководствуются следующими критериями:";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Комиссия по присуждению звания после коллегиального рассмотрения предложений областных (городов республиканского значения, столицы) комиссий в течение 10 дней направляет материалы на государственный телеканал для подготовки цикла программ об отборе, а также о семьях-претендентах по присуждению звания лауреата.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Задачи Организационного комитета".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.10.2023 № 865.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 605 "Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры и органов, которые осуществляют согласование выдачи лицензии на деятельность по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры" (САПП Республики Казахстан 2015 г., № 43, ст. 315):

      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "2) местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы органами, которые осуществляют согласование выдачи лицензии на деятельность по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры.".

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 606 "Об определении лицензиаров по осуществлению лицензирования туристской операторской деятельности (туроператорская деятельность)" (САПП Республики Казахстан 2015 г., № 43, ст. 316):

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы лицензиарами по осуществлению лицензирования туристской операторской деятельности (туроператорская деятельность).".

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1186 "Об утверждении Правил празднования Дня государственных символов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 85-86, ст. 625):

      в Правилах празднования Дня государственных символов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок празднования Дня государственных символов";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Местными исполнительными органами разрабатываются и утверждаются планы мероприятий по организации и проведению, а также информационному сопровождению празднования Дня государственных символов в областях, городах республиканского значения, столице, районах (городах областного значения), районах в городе, городах районного значения, поселках, селах, сельских округах.".

      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 15.04.2020 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).