Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2018 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 желтоқсандағы № 865 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 66-67, 409-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 757 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 желтоқсандағы № 865 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2018 жылға арналған квота
Р/с № | Экономикалық қызмет түрі | Жұмыс күшіне шаққанда % |
1 | 2 | 3 |
1 | Құрылыс | 0,2091% |
2 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру | 0,0367% |
3 | Өңдеу өнеркәсібі | 0,0272% |
4 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 0,0017% |
5 | Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау | 0,0013% |
6 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 0,0301% |
7 | Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 0,0182% |
8 | Көлік және қоймаға жинау | 0,0063% |
9 | Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер | 0,0132% |
10 | Ақпарат және байланыс | 0,0049% |
11 | Қаржы және сақтандыру қызметі | 0,0033% |
12 | Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар | 0,0016% |
13 | Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 0,0316% |
14 | Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 0,0518% |
15 | Білім беру | 0,0054% |
16 | Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | 0,0052% |
17 | Өнер, ойын-сауық және демалыс | 0,0018% |
18 | Өзге де қызмет түрлерін ұсыну | 0,0155% |
Жиыны | 0,46% |