Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2018 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 желтоқсандағы № 865 қаулысы.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2018 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;

      2) еңбекші иммигранттарды тартуға 4,2 % мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 865 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2018 жылға арналған квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Экономикалық қызмет түрі

Жұмыс күшіне шаққанда %

1

2

3

1

Құрылыс

0,2091%

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

0,0367%

3

Өңдеу өнеркәсібі

0,0272%

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

0,0017%

5

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

0,0013%

6

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

0,0301%

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу

0,0182%

8

Көлік және қоймаға жинау

0,0063%

9

Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

0,0132%

10

Ақпарат және байланыс

0,0049%

11

Қаржы және сақтандыру қызметі

0,0033%

12

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар

0,0016%

13

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

0,0316%

14

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

0,0518%

15

Білім беру

0,0054%

16

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

0,0052%

17

Өнер, ойын-сауық және демалыс

0,0018%

18

Өзге де қызмет түрлерін ұсыну

0,0155%


Жиыны

0,46%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады