Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "район Шынгырлау" деп өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.Сағынтаев |
Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "район Шынгырлау" деп өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясы "район Шынгырлау" деп өзгертілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |