"Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "район Шынгырлау" деп өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 788 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "район Шынгырлау" деп өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев


Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясын "район Шынгырлау" деп өзгерту туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Батыс Қазақстан облысының "Чингирлауский район" атауының орыс тіліндегі транскрипциясы "район Шынгырлау" деп өзгертілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады