Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 642 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық депозитарий беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.";
20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар).";
2.6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2.6. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар".
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |