"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2019 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінің 0,74 пайызынан аспайды деп бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |