"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2019 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 867 қаулысы.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2019 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінің 0,74 пайызынан аспайды деп бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады