Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж.; № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 48-құжат):
176-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не Қазақстан Республикасының соғыс және төтенше жағдай туралы заңнамасына сәйкес ерекше шаралар енгізілген кезеңдерде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерінде және елдің қорғанысын, мемлекет қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардан сақтандыру немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;".
2. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат, 2015 ж.,
№ 208 (28084):
11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке әскери-есепке алу құжатын алуға;".
3. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) интернирлеу – Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасаған мемлекет азаматтарын халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес ұстау және арнайы бөлінген қоныстандыру орындарына орналастыру;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесі – мемлекеттің қорғанысы мүдделерінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы соғыс жағдайын енгізумен құрылатын және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде әскери және мемлекеттік басқару органдарына басшылық жасауды жүзеге асыратын әскери басқару органы.";
2) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және пайдалану;";
3) 7-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көлік және коммуникациялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілерді күзету;";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы.";
4) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Соғыс жағдайы кезеңіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының құзыреті";
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Президенті бейбіт уақытта соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін айқындайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы туралы ережені, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережені, Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру туралы ережені, сондай-ақ соғыс жағдайы кезеңінде өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережені бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасын құрады, соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыру ісіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк органдардың келiсiлген жұмысын және өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
3) соғыс жағдайы шараларының қолданылу тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың осы шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiн бекiтедi;
4) соғыс жағдайының мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
5) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес төтенше мемлекеттiк бюджеттi қабылдап, енгiзедi және ол туралы Қазақстан Республикасының Парламентiн дереу хабардар етедi;
6) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қолдану тәртібін белгілейді және осы Заңға сәйкес олардың міндеттерін айқындайды;
7) жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер, пикеттер,
ереуiлдер өткiзуге тыйым салуларды немесе шектеулерді белгiлейдi;
8) әскери қызмет өткерудiң ерекшелiктерiн айқындайды;
9) көлiктiң, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауiп төндіретін объектiлердiң ерекше жұмыс режимiн белгiлейдi;
10) қорғаныс және қауiпсiздiк мәселелерi жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарды құрады;
11) соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымын айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің осы баптың 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген өкілеттіктері соғыс жағдайы кезеңінде, сонымен қатар ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.";
6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бейбіт уақытта соғыс жағдайы енгізілген кезеңге оның құрылымына кіретін министрліктер туралы ережелерді бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі соғыс жағдайы кезеңінде:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды;
2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, азаматтардың және басқа да адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
3) Қазақстан Республикасының Президентiне төтенше мемлекеттiк бюджеттi ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етедi;
4) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
5) өз құзыретi шегiнде агрессия жасаған (жасалған) мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасы Парламентiнің олардың күшiн жоюы үшiн ұсынады;
6) азаматтық және аумақтық қорғанысқа басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс іс-шараларын, сондай-ақ қорғаныс мүдделерінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік
органдар мен ұйымдарды соғыс уақытының құрылымы мен штаттарына ауыстыруды ұйымдастырады;
8) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдар мен халықты хабардар ету жүйесін ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өкілеттіктері соғыс жағдайы кезеңінде, сонымен қатар ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.";
7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдарының соғыс жағдайы шараларын орындауын қамтамасыз етеді.
2. Соғыс жағдайы енгізілген кезеңде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесіне тікелей басшылық жасау тиісті жергілікті атқарушы органның басшысына жүктеледі.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережеге сәйкес функцияларды орындайды.".
4. "Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):
1) 4-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) елдiң мемлекеттік органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ қорғаныс мүдделерінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт уақытта жүргізiлетін жалпымемлекеттiк iс-шаралар кешенін;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың қызметін үйлестіруді;";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мемлекеттің әскери ұйымы шешеді.
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан, ұйымдар Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.";
2) 5-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекітеді;";
3) 7-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) қорғаныс мүдделерінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;";
4) 8-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға саланы тікелей дайындауды ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
4) инженерлік-техникалық және диверсияға қарсы қауіпсіздікті нығайтуға қатысты жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде күзетуге және қорғауға жататын ведомстволық бағынысты объектілерді дайындау, арнаулы құралымдар үшін материалдық-техникалық құралдар қорларын құру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;";
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
"6-3) олар әзірлеген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғаныс жоспары заңнамада белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі;";
6) 11-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) өз құзыреті шегінде инженерлік-техникалық және диверсияға қарсы қауіпсіздікті нығайтуға қатысты жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде күзетуге және қорғауға жататын объектілерді дайындауды жүзеге асырады, арнайы құрылған құралымдарды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.";
7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету";
8) 12-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету";
9) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс саласындағы уəкілетті орган болып табылады.";
2-тармақта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қарулы Күштердің объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы 26-25) тармақшамен толықтырылсын:
"26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қағидаларды және нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;";
10) 23-баптың 1-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын əзірлейді, əскерлерді жоспарлауды, дайындауды жəне жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;
3) Қарулы Күштердi жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады;";
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1) Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді;";
11) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.";
12) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |