"Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын салу шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 383 қаулысына қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын салу шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар
Р/с | Жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің атауы | Өнім берушінің атауы | БСН |
1 | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | "B&A Сontractors SA" компаниясы | 140850001841 |
2 | Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер (оның ішінде техникалық қадағалау) | "Делойт ТСФ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 060740004890 |