Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын салу шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 383 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын салу шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 7 маусымдағы
№ 383 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын салу шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар

Р/с

Жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің атауы

Өнім берушінің атауы

БСН

1

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

"B&A Сontractors SA" компаниясы

140850001841

2

Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер (оның ішінде техникалық қадағалау)

"Делойт ТСФ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

060740004890


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады