Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына қол қою және "Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 263 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 439 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министріне 2015 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде әр жұмыс кезеңіне арналған өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.

      2. "Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 263 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О подписании Ежегодной программы предоставления консультационных услуг на возмездной основе и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2017 года № 263 "О подписании Ежегодной программы предоставления консультационных услуг на возмездной основе"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 2019 года № 439

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Уполномочить Министра национальной экономики Республики Казахстан подписывать Ежегодную программу предоставления консультационных услуг на возмездной основе на каждый рабочий период от имени Правительства Республики Казахстан в рамках Соглашения о техническом сотрудничестве по Программе совместных экономических исследований между Правительством Республики Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития, подписанного 5 декабря 2015 года.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2017 года № 263 "О подписании Ежегодной программы предоставления консультационных услуг на возмездной основе".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин