Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
"Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы Жарлық жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қолданылмайды.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |