"Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 465 қаулысы.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

"Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы Жарлық жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қолданылмайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады