"Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 472 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 404-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

      2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;

      3) Қазақстан Республикасының кодекстері;

      4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;

      5) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің қаулылары.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурсты өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

      Хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:

      конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

      конкурс өткiзілетін уақыты, күнi және орны;

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылданатын, конкурс туралы қосымша ақпарат берілетін мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттер ашылатын орны, күнi және уақыты;

      тираж бен мерзімділік бойынша конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;

      конкурстық өтiнiмдi жасау тiлiне қойылатын талаптар.";

      8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мерзiмдi баспа басылымы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға баспа басылымдарын шығарудың тиражы мен мерзімділігін растайтын баспахана анықтамасымен қоса өтінімді мөрленген конвертте ұсынады.

      9. Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      10. Конкурстық комиссия өтiнiмдері бар конверттердi конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген күнi, уақытта және орында конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.

      Конверттi ашу кезiнде конкурстық комиссия мүшелерi алынған құжаттардың әр бетiн дәйектеуді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда өтінім қарауға жіберілмейді.

      11. Конкурстық комиссия хабарландыруда көрсетілген конкурс талаптарына сәйкес келетін мерзімді баспа басылымдарын айқындау мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.

      Өтінім хабарландыруда көрсетілген конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хаттамаға міндетті қосымша болып табылатын жазбаша негіздемемен өтінімдерді кері қайтарады.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Конкурстық комиссияның және жұмыс органның жұмыс тәртiбi";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комиссияның жұмыс органы:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес өтінімдерді белгіленген мерзімде қабылдайды;

      2) өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдерді қарамай қайтарады;

      3) қажет болған жағдайда, ұсынылатын өтiнiмдерді қарауға және сараптаманы жүзеге асыруға қатысу үшiн тәуелсiз сарапшыларды және (немесе) өзге де мамандарды (консультанттарды) тартады;

      4) конкурсқа қатысушыларды конкурстың шарттарымен таныстырады;

      5) конкурсқа қатысушыларға конкурстың өткізілуіне қатысты қосымша ақпарат береді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Конкурстың нәтижелерін жарамсыз деп тану";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Барлық қатысушылар хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген немесе мерзімді баспа басылымдарынан өтінімдер болмаған жағдайда, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы он жұмыс күні ішінде конкурсты қайта жүзеге асырады.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 472 қаулысына
қосымша
  Мерзімді баспа
басылымдарының заңнамалық
актілерді ресми жариялау
құқығын алуға конкурс өткізу
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінім

      1. Толық атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ____________________________________________

      2. Орналасқан жерінің мекенжайы/заңды мекенжайы:

      _____________________________________________

      3. Телефон, факс нөмірлері:

      _____________________________________________

      4. Мерзімді баспа басылымының атауы:

      _____________________________________________

      5. Мерзімді баспа басылымдарын есепке қою туралы куәлік:

      _________________________________________

      6. Баспа басылымдарын шығару тиражын және

      мерзімділігін растайтын баспахана анықтамасы (қосымша).

      __________________ ______________

      Меншік иесінің қолы

      немесе уәкілетті тұлғаның

      тегі, аты-жөні

      Мөрдің орны (бар болса)

      20__ жылғы "___" ___________

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 762 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права официального опубликования законодательных актов периодическими печатными изданиями"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2019 года № 472.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 762 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права официального опубликования законодательных актов периодическими печатными изданиями" (САПП Республики Казахстан 2016 г., № 63, ст. 404) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах проведения конкурса на получение права официального опубликования законодательных актов периодическими печатными изданиями, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "5) законодательный акт – закон, вносящий изменения и дополнения в Конституцию Республики Казахстан, конституционный закон, кодекс, консолидированный закон, закон, постановление Парламента Республики Казахстан, постановления Сената и Мажилиса Парламента Республики Казахстан;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Конкурс проводится в целях предоставления права на официальное опубликование следующих законодательных актов:

      1) законов, вносящих изменения и дополнения в Конституцию Республики Казахстан;

      2) конституционных законов Республики Казахстан;

      3) кодексов Республики Казахстан;

      4) консолидированных законов Республики Казахстан, законов Республики Казахстан;

      5) постановлений Парламента Республики Казахстан, постановлений Сената и Мажилиса Парламента Республики Казахстан.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок проведения конкурса на получение права официального опубликования законодательных актов периодическими печатными изданиями";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Объявление о проведении конкурса на получение права официального опубликования законодательных актов периодическими печатными изданиями (далее – объявление) размещается за тридцать календарных дней до проведения конкурса.

      Объявление включает в себя следующие сведения:

      наименование и место нахождения организатора конкурса;

      время, дату и место проведения конкурса;

      сроки и место приема заявок на участие в конкурсе на получение права официального опубликования законодательных актов периодическими печатными изданиями по форме согласно приложению к настоящим Правилам (далее – заявка), выдачи дополнительной информации о конкурсе, а также место, дату и время вскрытия конвертов с заявками;

      требования по тиражу и периодичности, предъявляемые к участнику конкурса;

      требования к языку составления заявки.";

      пункты 8, 9, 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "8. Периодическое печатное издание, изъявившее желание участвовать в конкурсе, в течение десяти рабочих дней после дня опубликования объявления представляет организатору конкурса в запечатанном конверте заявку с приложением справки с типографии, подтверждающей тираж и периодичность выпуска печатных изданий.

      9. Заявки, поступившие после истечения срока приема заявок, указанного в объявлении, не принимаются.

      10. Конкурсная комиссия вскрывает конверты с заявками на дату, время и место, указанные в объявлении о проведении конкурса, в присутствии участников конкурса или их представителей.

      При вскрытии конвертов членами конкурсной комиссии осуществляется полистное парафирование извлеченных документов.

      В случае отсутствия документов, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, заявка не допускается к рассмотрению.

      11. Конкурсная комиссия рассматривает заявки на участие в конкурсе в целях определения периодических печатных изданий, соответствующих требованиям конкурса, указанным в объявлении.

      В случае несоответствия заявки требованиям конкурса, указанным в объявлении, конкурсная комиссия не позднее одного рабочего дня со дня вскрытия заявок на участие в конкурсе отклоняет заявку с письменным обоснованием, которое является обязательным приложением к протоколу.";

      пункт 12 исключить.

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок работы конкурсной комиссии и рабочего органа";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Рабочий орган комиссии:

      1) принимает в установленные сроки заявки согласно пункту 8 настоящих Правил;

      2) возвращает без рассмотрения заявки, поступившие после истечения срока приема заявок;

      3) при необходимости привлекает независимых экспертов и (или) иных специалистов (консультантов) для участия в рассмотрении и осуществлении экспертизы представляемых заявок;

      4) знакомит участников конкурса с условиями конкурса;

      5) предоставляет участникам конкурса дополнительную информацию, касающуюся проведения конкурса.";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Признание результатов конкурса недействительными";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Конкурс признается несостоявшимся в случае несоответствия заявок требованиям, указанным в объявлении, всех конкурсантов либо отсутствия заявок от периодических печатных изданий.

      В случае признания конкурса несостоявшимся, организатор конкурса в течение десяти рабочих дней осуществляет повторный конкурс.";

      дополнить приложением согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 3 июля 2019 года № 472
  Приложение
к Правилам проведения конкурса на получение
права официального опубликования
законодательных актов периодическими
печатными изданиями
  Форма

Заявка на участие в конкурсе на получение права официального
опубликования законодательных актов периодическими печатными
изданиями

      1.Полное наименование/фамилия, имя, отчество (при его наличии):
      ___________________________________________________________
      2. Адрес местонахождения/юридический адрес:
      ___________________________________________________________
      3. Номера телефонов, факсов:
      ___________________________________________________________
      4. Наименование периодического печатного издания:
      ___________________________________________________________
      5. Свидетельство о постановке на учет периодического печатного
      издания: ___________________________________________________
      6. Справка с типографии, подтверждающая тираж и периодичность
выпуска печатных изданий (приложение).
      __________________                   ______________
      фамилия, инициалы                               подпись
      собственника либо
      уполномоченного лица
      место для печати (при ее наличии)
      "___" ___________ 20__ года