Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 369-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 46-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев



Қазақстан Республикасы


Yкiметiнiң

2016 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 762 қаулысымен

бекiтiлген

Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалар ресми басылымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысына" қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;

      2) конкурс – заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында мерзiмдi баспа басылымдарын айқындау тәсiлi;

      3) конкурстық комиссия – конкурсқа ұсынылған құжаттарды олардың конкурстың шарттарына сәйкестiгiн белгілеу және тиiстi шешiм қабылдау мақсатында қарау үшiн конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      4) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысуға өтiнiм берген мерзiмдi баспа басылымы;

      5) Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері – Конституциялық Соттың нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданатын шешімдері;

      6) конкурсты ұйымдастырушы – бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;

      7) мерзiмдi баспа басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және үш айда бір реттен сиретпей шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

      2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;

      3) Қазақстан Республикасының кодекстері;

      4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;

      4-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулылары;

      5) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің қаулылары;

      6) Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.06.2021 № 428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын келесі жылға айқындау мақсатында конкурсты ұйымдастырушы ағымдағы жылғы қарашадан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

      Хабарландыруда мынадай мәлiметтер қамтылады:

      конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

      конкурс өткiзу уақыты, күні және орны;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылдау, конкурс туралы қосымша ақпарат беру мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттерді ашу орны, күнi және уақыты;

      тираж бен мерзімділік бойынша конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;

      өтiнiмдi жасау тiлiне қойылатын талаптар.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Құжаттарды мерзімді баспа басылымдарынан қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.

      8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мерзiмдi баспа басылымы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға баспа басылымдарын шығарудың тиражы мен мерзімділігін растайтын баспахана анықтамасымен қоса өтінімді мөрленген конвертте ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Конкурстық комиссия өтiнiмдер салынған конверттердi конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген күнi, уақытта және орында конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.

      Конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия мүшелерi алынған құжаттардың әрбір парағын дәйектеуді жүзеге асырады.

      Конкурстық комиссия хабарландыруда көрсетілген конкурс талаптарына сәйкес келетін мерзімді баспа басылымдарын айқындау мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімді сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.

      Өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда конкурстық комиссия өтінімді сәйкес келтіру мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтару туралы жазбаша дәлелді жауапты оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың өтінімдерде көрсетілген электрондық мекенжайларына жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді бағалауы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      Әрбір өлшемшарт бойынша 1 (бір) баллдан 5 (бес) баллға дейін қойылады.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары баллдары бар мерзімді баспа басылымдарын конкурстық комиссия заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдары ретінде айқындайды.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы ресімделеді.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы мынадай:

      1) келіп түскен өтінімдер;

      2) қатысушылардан өтінімдердің түсуі және конкурс өткізу тәртібін түсіндіру;

      3) конкурс өткізу тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

      4) өтінімдерде қамтылған мәліметтер және оларға қойылатын талаптар;

      5) конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімді сәйкес келтіру мүмкіндігінің берілуі туралы ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Өтінімдерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарын айқындау конкурсы қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.

      Конкурстық комиссия хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасы бар хабарламаны конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе өтінімдерінде көрсетілген электрондық мекенжайларына жібереді.

      Конкурсқа қатысушы немесе оның өкілі хаттама жобасы бар хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасына қарсылық беруі мүмкін.

      Конкурс қорытындыларының хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшесі болып табылмайтын конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Конкурс қорытындыларының хаттамасы мынадай:

      1) қайтарудың себептерін толық сипаттап, оның ішінде конкурсты ұйымдастырушы қоятын талаптарға олардың сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдері қайтарылған мерзімді баспа басылымдары;

      2) заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарының айқындалуы;

      3) конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің конкурс қорытындылары хаттама жобасымен, сондай-ақ қарсылықтар келіп түскен жағдайда, оларды қараудың нәтижелерімен таныстырылғаны туралы ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде мерзімді баспа басылымына заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы бір жыл мерзімге беріледі.

      Мерзімді баспа басылымына бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру туралы хабарлама-хат жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Конкурстық комиссияның және жұмыс органның жұмыс тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерiнен тұрады.

      17. Конкурстық комиссия мүшелерінің құрамын және санын конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы ақпаратты ескере отырып бекітеді.

      Конкурстық комиссияның мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) болса, өтінімдерді қарауға қатыспайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

      Конкурстық комиссияның мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған кезден бастап конкурсты ұйымдастырушыны жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды (үштен жетіге дейін) құрайды.

      Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Комиссия отырыстары қажеттiлiгіне қарай өткiзiледi.

      19. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

      20. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.

      21. Конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      22. Комиссияның жұмыс органы:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес өтінімдерді белгіленген мерзімде қабылдайды;

      2) өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдерді қарамай қайтарады;

      3) қажет болған жағдайда, ұсынылатын өтiнiмдерді қарауға және сараптаманы жүзеге асыруға қатысу үшiн тәуелсiз сарапшыларды және (немесе) өзге де мамандарды (консультанттарды) тартады;

      4) конкурсқа қатысушыларды конкурстың шарттарымен таныстырады;

      5) конкурсқа қатысушыларға конкурстың өткізілуіне қатысты қосымша ақпарат береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Конкурстың нәтижелерін жарамсыз деп тану

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Барлық қатысушылар хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген немесе мерзімді баспа басылымдарынан өтінімдер болмаған жағдайда, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы он жұмыс күні ішінде конкурсты қайта жүзеге асырады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 03.07.2019 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Толық атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      _______________________________________________________________

      2. Орналасқан жерінің мекенжайы/заңды мекенжайы:

      _______________________________________________________________

      3. Телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы:

      _______________________________________________________________

      4. Мерзімді баспа басылымының атауы:

      _______________________________________________________________

      5. Мерзімді баспа басылымын есепке қою туралы куәлік:

      _______________________________________________________________

      6. Баспа басылымдарын шығару тиражын және мерзімділігін растайтын баспахана анықтамасы (қосымша).

      _______________________________________________________________

      Меншік иесінің не уәкілетті адамның тегі, аты-жөні, қолы

      Мөр орны (бар болса)

      20__ жылғы "___" ___________

  Мерзімді баспа
басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурс өткiзу қағидаларына
  2-қосымша

Заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған баллдық бағалау

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.12.2023 № 1092 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Өлшемшарт

Бағалау

1.

Мерзімді баспа басылымының таралымы

1000-нан 3000 данаға дейін – 1

3001-ден 10000 данаға дейін – 2

10001-ден 20000 данаға дейін – 3

20001-ден 30000 данаға дейін – 4

30001 дана және одан жоғары – 5

2.

Мерзімді баспа басылымының шығу мерзімділігі

аптасына 1 рет – 1

аптасына 2 рет – 2

аптасына 3 рет – 3

аптасына 4 рет – 4

аптасына 5 және одан да көп – 5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады