Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 670 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 641 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 670 қаулысымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу шарттары мен тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) залал – өнеркәсіптік тауарды өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде субсидия берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан осы тауарды әкелу салдарынан туындаған Қазақстан Республикасының экономика саласы жағдайының дәлелдемелермен расталған нашарлауы және ол Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарды өндіру және өткізу көлемінің қысқаруынан, мұндай тауарды өндіру рентабельділігінің төмендеуінен, тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейіне және осы салаға инвестициялар деңгейіне теріс әсер етуден байқалады;

      2) мүдделі тұлғалар – ұқсас тауар өндіруші, қатысушыларының көбі ұқсас тауар өндірушілер болып табылатын өндірушілер бірлестігі, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауар өндіруші, қатысушыларының көбі субсидияланатын тауар өндірушілер болып табылатын осындай тауар өндірушілер бірлестігі, ЕАЭО-ға мүше субсидиялаушы мемлекет және (немесе) ЕАЭО-ға мүше субсидиялаушы мемлекеттің құзыретті органы, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (егер тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды көбінесе жеке тұлғалар тұтынатын болса), тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды тұтынушылар (егер олар өнім өндіру кезінде осы тауарды пайдаланған жағдайда) және осындай тұтынушылардың бірлестіктері;

      3) өзіндік ерекшелікті субсидия – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік қолдау шарасы, оның өзіндік ерекшелігі 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 28 қосымша болып табылатын Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттамада баяндалған қағидаттардың негізінде айқындалады;

      4) өнеркәсіптік тауарлар – ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 25-97-топтарында сыныпталатын тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес 2905 43 000 0 және 2905 44 қосымша позицияларында, 3301, 3501 – 3505 позицияларында, 3809 10 және 3824 60 қосымша позицияларында, 4101 – 4103, 4301, 5001 00 000 0 – 5003 00 000 0, 5101 – 5103, 5201 00 – 5203 00 000 0, 5301 және 5302 позицияларында (2905 43 000 0 қосымша позициясы – маннит, 2905 44 қосымша позициясы – сорбит, 3301 позициясы – эфир майлары, 3501 – 3505 позициялары – альбуминоидтық заттар, түрлендірілген крахмалдар, желімдер, 3809 10 қосымша позициясы – сыртқы қабатты өңдеуге арналған заттар, 3824 60 қосымша позициясы – сорбитол, басқа да өнімдер, 4101 – 4103 позициялары – терілер мен былғары шикізаты, 4301 позициясы – өңделмеген аң терісі, 5001 00 000 0 – 5003 00 000 0 позициялары – жібек-тазартылмаған жібек және жібек қалдықтары, 5101 – 5103 позициялары – жүн және жануарлар қылы, 5201 00 – 5203 00 000 0 қосымша позициялары – шитті мақта, мақта қалдықтары, түтілген мақта талшықтары, 5301 позициясы – аршылмаған зығыр, 5302 позициясы – аршылмаған кендір) сыныпталатын тауарларды қоспағанда, балық және балық өнімдері (тауарлардың келтірілген сипаттамасының толық болуы міндетті емес);

      5) өтемақы шарасы – осы шараны енгізуге өтініш берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің экономикасы саласына ЕАЭО-ға мүше субсидиялаушы мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидиясының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;

      6) субсидияланатын тауар өндіруші – ЕАЭО-ға мүше мемлекет субсидиялайтын тауарды өндіруші;

      7) уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және оған басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ сауда қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) ұқсас тауар – Қазақстан Республикасында өндірілген өнеркәсіптік тауар, тауарды өндіру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылған тауарға толығымен сәйкес келетін тауар не мұндай тауар болмағанда тауарды өндіру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылған тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар.

2-тарау. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу тәртібі мен шарттары

      3. ЕАЭО мүше мемлекеттерге қатысты өтемдік шараларды қолданудың орындылығы туралы қорытындыны дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізудің шарты дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліктілігі мен шынайылығы болып табылады.

      4. ЕАЭО мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытындыны дайындау, сондай-ақ ерекше субсидия берген мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланатын тауарды әкелу немесе ЕАЭО субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстыру салдарынан ұлттық экономика саласына залалдың болуын анықтау мақсатында тергеп-тексеруді уәкілетті орган өтініш берушінің берген өтініші негізінде не осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайда уәкілетті органның өз бастамасы бойынша жүргізеді.

      5. Өтініш берушінің осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген мәліметтер тізбесін қамтитын өтініші түскен күні уәкілетті органда тіркелуге тиіс.

      6. Уәкілетті орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін аумағында қаралатын өзіндік ерекшелікті субсидия берілетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органын өтініштің келіп түскені туралы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.

      7. Уәкілетті орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдау мақсатында өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліктілігін және анықтығын зерделейді. Уәкілетті орган өтініш берушіден қосымша мәліметтер алу мақсатында көрсетілген мерзімді күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      8. Өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган өзіндік ерекшелікті субсидия берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органына өзіндік ерекшелікті субсидиялардың бар-жоғын, мөлшерін және қолданылуын, сондай-ақ оны берудің салдарын нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультациялар жүргізуді ұсынады. Мұндай консультациялар тергеп-тексеру барысында да жүргізілуі мүмкін.

      9. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін тергеп-тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тергеп-тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган мұндай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіні тергеп-тексеруді жүргізуден бас тартудың себебі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Өтініш беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде тиісті мәліметтерді бермеген, сондай-ақ уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліксіз және жалған екендігін анықтаған жағдайда тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган өтініш берушіні, өзіндік ерекшелікті субсидия берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органын, сондай-ақ өзіне белгілі басқа да мүдделі тұлғаларды қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабардар етеді және тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді. Тергеп-тексеруді бастау туралы хабарлама жарияланған күн тергеп-тексеру басталған күн болып танылады.

      10. Егер уәкілетті органда Шарт ережелерін бұзу фактісі және (немесе) Қазақстан Республикасының нарығына субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан немесе өзіндік ерекшелікті субсидия берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің нарығынан не ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің нарығынан субсидияланатын тауардың ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан Ұлттық экономика саласына залал келуінің дәлелдемелері болған жағдайда, уәкілетті орган тергеп-тексеруді (оның ішінде өз бастамасы бойынша) бастау туралы шешім қабылдайды.

      11. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган өзіне белгілі ұқсас тауар өндірушілерге және тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауар өндірушілерге сұрақтар тізбесін жібереді, тергеп-тексеруді жүргізу мақсатында олар оған жауап қайтарады.

      Сұрақтар тізбесі ұқсас тауар өндірушінің немесе субсидияланатын тауар өндірушінің өкіліне тікелей берілген күннен бастап немесе осы тізбені поштамен жіберген күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кейін алынған болып есептеледі.

      12. Сұрақтар тізбесі жолданған ұқсас тауар өндірушілер мен тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауар өндірушілер мұндай тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілген сұрақтарға өздерінің жауаптарын уәкілетті органға береді. Ұқсас тауар өндірушілер мен тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауар өндірушілердің уәжді және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген мерзімді күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      13. Тергеп-тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізілетін тергеп-тексеруге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында уәкілетті орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тиісті субсидияланатын тауар өндірушінің келісімі болған жағдайда, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекет үкіметінің өкілдері алдын ала хабардар етілген және ЕАЭО-ға мүше осы мемлекет тарапынан тергеп-тексеруді оның аумағында жүргізуге қатысты қарсылықтар болмаған жағдайда, өзіндік ерекшелікті субсидия берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тергеп-тексеруді жүргізуі мүмкін.

      Тергеп-тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізілетін тергеп-тексеруге байланысты қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мүдделі тұлғалармен консультациялар және келіссөздер жүргізу, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауардың үлгілерімен танысу және тергеп-тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қажетті іс-қимылдар қабылдау үшін өз өкілдерін ұқсас тауар өндірушілер орналасқан жерге жібереді.

      14. Уәкілетті орган тергеп-тексеру жүргізу барысында қаралатын субсидияны берген немесе беретін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органдарына, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпарат беру туралы сұрау салулар жолдай алады.

      15. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексерудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген күннен кешіктірмей тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде құпия ақпаратты) алу көздерін көрсете отырып, ұсынады. Көрсетілген мәліметтерді нақтылау мақсатында уәкілетті орган мүдделі тұлғалардан қосымша мәліметтер сұрата алады.

      16. Тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелер мен мәліметтер уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармамен қоса берілуге тиіс.

      17. Құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, уәкілетті орган тергеп-тексеру барысында мүдделі тұлғаларға олардың жазбаша нысандағы өтініші бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелер ретінде кез келген мүдделі тұлға жазбаша нысанда ұсынған мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді (құпия емес ақпарат). Уәкілетті орган тергеп-тексеруге қатысушыларға тергеп-тексеруге қатысы бар және тергеп-тексеру барысында өздері пайдаланатын, бірақ құпия болып табылмайтын өзге де ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.

      18. Жазбаша хабарламаларды, ақпарат беру туралы сұрау салуларды, қосымша мәліметтерге сұрау салуларды, тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелер ретінде жазбаша нысанда ұсынылған мәліметтерді және осы Қағидалардың 9, 14, 15 және 17-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексеруге қатысы бар өзге де ақпаратты уәкілетті орган мүдделі тұлғаларға сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган арқылы жібереді.

      19. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі тергеп-тексеру басталған күннен бастап 6 айдан аспайды.

      Уәкілетті орган өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына жіберген күні тергеп-тексеру аяқталған болып есептеледі.

      20. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысында дербес немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісінше ресімделген өкілеттіктері бар өздерінің өкілдері арқылы әрекет етеді.

      Егер мүдделі тұлға тергеп-тексеру барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет еткен жағдайда, уәкілетті орган тергеп-тексеру нысанасы туралы барлық мәліметтерді мүдделі тұлғаға осы өкіл арқылы ғана жеткізеді.

      21. Мүдделі тұлға ақпараттың ашылуы бәсекелестік жағдайларында үшінші тұлғаға басымдық беретінін не мұндай ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе мұндай ақпарат алынған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкелетінін куәландыратын негіздемелерді ұсынған кезде осы тұлғаның уәкілетті органға ұсынатын ақпараты құпия ақпарат ретінде қаралады. Құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны ұсынған мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбайды.

      Барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылған құпия ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті мәліметтер беру мақсатында уәкілетті орган құпия ақпаратты ұсынушы мүдделі тұлғадан оның құпия емес нұсқасын ұсынуды талап ете алады.

      Егер осы талапқа жауап ретінде мүдделі тұлға құпия ақпарат осындай түрде ұсынылуы мүмкін емес деп мәлімдеген жағдайда, бұл тұлға тиісті негіздемелерді ұсынады.

      Егер уәкілетті орган мүдделі тұлға ұсынған негіздемелер ұсынылған ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейді деп белгілесе не құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынбаған мүдделі тұлға тиісті негіздемені де ұсынбаса немесе мұндай негіздеме болып табылмайтын мәліметтерді ұсынса, уәкілетті орган бұл ақпаратты ескермеуі мүмкін.

      22. Уәкілетті орган құпия ақпаратты жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

3-тарау. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытындыны ресімдеу

      23. Жүргізілген тергеп-тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген мерзімдерде өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындайды және оны ВАК-тың қарауына жібереді.

      ВАК өтемақы шарасын енгізу туралы қорытындыны мақұлдаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметіне Шарт нормаларын бұзуына және/немесе ұлттық экономика саласына залал келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасы саласының материалдық залалын бейтараптандыру мақсатында өтемақы шарасын қолдану қажеттілігі туралы ЕАЭО-ға мүше субсидиялаушы мемлекет үкіметінің басшысына тиісті өтініштің жобасын енгізеді.

      24. Өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы ВАК-тың теріс қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган ВАК отырысының хаттамасы уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге негізделген бас тартуды жібереді.

  Сыртқы сауда қызметін
реттеудің кедендік-тарифтік,
тарифтік емес, сауда және
өтемақы шараларын қолдану,
өзгерту немесе олардың күшін
жою туралы ұсыныстарды қарау
қағидаларына
  қосымша

Өтініш беруші немесе мемлекеттік органдар ұсынатын өтемдік шараларын қолдану туралы мәліметтер тізбесі

      1. Өтініш беруші туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны, факс, E-mail, тіркелген жері, басшының тегі, аты, жөні (ол бар болса)

      2. Тауардың сипаттамасы (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды);

      3. Ерекше субсидияның болуы, сипаты мен көлемі туралы мәліметтер;

      4. Субсидияланатын тауар өндірушілер туралы мәліметтер;

      5. Ұқсас тауарды ұлттық өндірушілер туралы мәліметтер;

      6. Өтініш беру алдында 3 (үш) күнтізбелік жылдағы Қазақстан Республикасының аумағына субсидияланатын тауарды әкелу көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан ұқсас тауарды басқа ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;

      8. Субсидияланатын тауарды әкелудің не субсидиялаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстыру салдарынан Қазақстан Республикасының экономика саласына келтірілетін залалдың бар екендігінің дәлелдемелері. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан Қазақстан Республикасының экономика саласына материалдық залал болуының субсидияланатын тауарды әкелу немесе ұқсас тауарларды субсидиялайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің нарығының ығыстыру салдарынан оны келтіру қатерлерінің болу дәлелдемелері ұлттық экономика саласының экономикалық ахуалын сипаттайтын және сандық көрсеткіштерде (оның ішінде тауар өндіру көлемі және оны сату көлемі, ЕАЭО-ға мүше мемлекет нарығындағы тауар үлесі, тауар өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндіріс қуаттарының жүктемесі, еңбек өнімділігі, пайда көлемдері, өндіріс пен тауарлар сату рентабельділігі туралы, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика саласына инвестициялар көлемі туралы деректер) көрсетілуі мүмкін объективті факторларға негізделеді;

      9. Өтініш беру алдындағы 3 (үш) күнтізбелік жылдағы ЕАЭО-тың бірыңғай кедендік аумағына ұқсас тауар импорты көлемінің (сандық және құндық мәнде) өзгеруі туралы мәліметтер;

      10. Өтініш беру алдындағы 3 (үш) күнтізбелік жылдағы ЕАЭО-ның кедендік аумағынан ұқсас тауар экспорты көлемінің (сандық және құндық мәнде) өзгеруі туралы мәліметтер;

      11. Талданатын кезеңде Қазақстан Республикасының экономика саласына әсер етуі мүмкін басқа да факторларды талдау.

Об утверждении Правил проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам Евразийского экономического союза

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2019 года № 670. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2023 года № 641

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.08.2023 № 641 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 22-1 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам Евразийского экономического союза.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 9 сентября 2019 года № 670

Правила проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам Евразийского экономического союза

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам Евразийского экономического союза (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 22-1 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" (далее – Закон) и определяют условия и порядок проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС).

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие основные понятия:

      1) ущерб – подтвержденное доказательствами ухудшение положения отрасли экономики Республики Казахстан, которое наступило вследствие ввоза промышленного товара с территории государства-члена ЕАЭС, предоставившего субсидию при производстве, транспортировке, хранении этого товара, и выражается в сокращении объема производства и реализации аналогичного товара на территории Республики Казахстан, снижении рентабельности производства такого товара, негативном воздействии на товарные запасы, занятость, уровень заработной платы и уровень инвестиций в данную отрасль;

      2) заинтересованные лица – производитель аналогичного товара, объединение производителей, большинство участников которого является производителями аналогичного товара, производитель субсидируемого товара, являющегося объектом расследования, объединение производителей такого субсидируемого товара, большинство участников которого является производителями данного товара, субсидирующее государство-член ЕАЭС и (или) компетентный орган субсидирующего государства-члена ЕАЭС, общественные объединения потребителей (в случае, если субсидируемый товар, являющийся объектом расследования, потребляется преимущественно физическими лицами), потребители субсидируемого товара, являющегося объектом расследования (в случае, если они используют этот товар при производстве продукции) и объединения таких потребителей;

      3) специфическая субсидия – мера государственной поддержки государств-членов ЕАЭС, специфичность которой определяется на основании принципов, изложенных в Протоколе о единых правилах предоставления промышленных субсидий, являющегося приложением № 28 к Договору о ЕАЭС от 29 мая 2014 года (далее – Договор);

      4) промышленные товары – товары, классифицируемые в группах 25 – 97 Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности ЕАЭС (далее – ТН ВЭД ЕАЭС), а также рыба и рыбопродукты, за исключением товаров, классифицируемых в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС в субпозициях 2905 43 000 0 и 2905 44, позициях 3301, 3501 – 3505, субпозициях 3809 10 и 3824 60, позициях 4101 – 4103, 4301, 5001 00 000 0 – 5003 00 000 0, 5101 – 5103, 5201 00 – 5203 00 000 0, 5301 и 5302 (субпозиция 2905 43 000 0 – маннит, субпозиция 2905 44 – сорбит, позиция 3301 – эфирные масла, позиции 3501-3505 – альбуминоидные вещества, модифицированные крахмалы, клеи, субпозиция 3809 10 – вещества для обработки поверхностей, субпозиция 3824 60 – сорбитол, прочие продукты, позиции 4101-4103 – шкуры и кожевенное сырье, позиция 4301 – невыделанная пушнина, позиции 5001 00 000 0 – 5003 00 000 0 – шелк-сырец и отходы шелка, позиции 5101-5103 – шерсть и волос животных, субпозиции 5201 00 – 5203 00 000 0 – хлопок-сырец, отходы хлопка, волокно хлопковое чесаное, позиция 5301 – лен-сырец, позиция 5302 – пенька сырая) (приводимое описание товаров необязательно является исчерпывающим);

      5) компенсирующая мера – мера по нейтрализации негативного воздействия специфической субсидии субсидирующего государства-члена ЕАЭС на отрасль экономики государства – члена ЕАЭС, подавшего заявление на введение данной меры;

      6) производитель субсидируемого товара – производитель субсидируемого товара государства-члена ЕАЭС, предоставившего специфическую субсидию;

      7) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, формирующий торговую политику и осуществляющий руководство, а также межотраслевую координацию в сфере торговой деятельности;

      8) аналогичный товар – промышленный товар, произведенный в Республике Казахстан, полностью идентичный товару, при производстве, вывозе с территории государства-члена ЕАЭС или транспортировке которого использовалась специфическая субсидия, либо в отсутствие такого товара – другой товар, который имеет характеристики, близкие к характеристикам товара, при производстве, вывозе с территории государства-члена ЕАЭС или транспортировке которого использовалась специфическая субсидия.

Глава 2. Условия и порядок проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам ЕАЭС

      3. Условиями проведения расследования в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам ЕАЭС являются достаточность и достоверность доказательств и сведений.

      4. Расследование в целях подготовки заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам ЕАЭС, а также установления наличия ущерба отрасли национальной экономики вследствие ввоза субсидируемого товара с территории государства-члена, предоставившего специфическую субсидию, либо вытеснения аналогичного товара с рынка субсидирующего государства-члена ЕАЭС проводится уполномоченным органом на основании поданного обращения заявителя либо по собственной инициативе уполномоченного органа в случае, указанном в пункте 10 настоящих Правил.

      5. Поданное обращение заявителя подлежит регистрации в уполномоченном органе в день его поступления, которое содержит перечень сведений, указанных в приложении к настоящим Правилам.

      6. Уполномоченный орган до принятия решения о начале расследования уведомляет в письменной форме компетентный орган государства-члена ЕАЭС, на территории которого предоставляется рассматриваемая специфическая субсидия, о поступлении обращения в сроки, указанные в пункте 7 настоящих Правил.

      7. Уполномоченный орган в целях принятия решения о начале расследования в течение 30 (тридцать) календарных дней с даты регистрации обращения изучает достаточность и достоверность доказательств и сведений, содержащихся в этом обращении, в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил. В целях получения дополнительных сведений уполномоченным органом от заявителя указанный срок может быть продлен не более, чем на 10 (десять) календарных дней.

      8. После принятия к рассмотрению обращения и до принятия решения о начале расследования уполномоченный орган предлагает компетентному органу государства-члена ЕАЭС, предоставившего специфическую субсидию, провести консультации в целях уточнения наличия, размера и использования, а также последствий предоставления специфической субсидии и в целях достижения взаимоприемлемого решения. Такие консультации могут проводиться и в ходе расследования.

      9. Уполномоченный орган до истечения срока, указанного в пункте 7 настоящих Правил, принимает решение о начале расследования или отказе в его проведении.

      При принятии решения об отказе в проведении расследования уполномоченный орган в письменной форме в срок не более 10 (десять) календарных дней с даты принятия такого решения уведомляет заявителя о причине отказа в проведении расследования.

      Решение об отказе в проведении расследования принимается в случаях, если заявителем не представлены соответствующие сведения в сроки, указанные в пункте 7 настоящих Правил, а также определения уполномоченным органом не достаточных и не достоверных доказательств и сведений, представленных в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил.

      При принятии решения о начале расследования уполномоченный орган уведомляет в письменной форме заявителя, компетентный орган государства-члена ЕАЭС, предоставившего специфическую субсидию, а также другие известные ему заинтересованные лица о принятом решении и обеспечивает в срок не более 5 (пять) рабочих дней с даты принятия решения о начале расследования публикацию уведомления о начале расследования на интернет-ресурсе уполномоченного органа. Дата публикации уведомления о начале расследования признается датой начала расследования.

      10. Уполномоченный орган принимает решение о начале расследования (в том числе по собственной инициативе) в случае, если в распоряжении этого органа имеются доказательства наличия фактов нарушения положений Договора и (или) наличия ущерба отрасли национальной экономики вследствие ввоза субсидируемого товара на рынок Республики Казахстан или вытеснения субсидируемым товаром аналогичного товара с рынка государства-члена ЕАЭС, предоставившего специфическую субсидию, либо другого государства-члена ЕАЭС.

      11. После принятия решения о начале расследования уполномоченный орган направляет известным ему производителям аналогичного товара и производителям субсидируемого товара, являющегося объектом расследования, перечень вопросов, на которые они представляют ответы в целях проведения расследования.

      Перечень вопросов считается полученным с даты его передачи непосредственно представителю производителя аналогичного товара или производителя субсидируемого товара или через 7 (семь) календарных дней с даты отправки этого перечня по почте.

      12. Производители аналогичного товара и производители субсидируемого товара, являющегося объектом расследования, которым был направлен перечень вопросов, представляют свои ответы на указанные вопросы в уполномоченный орган в течение 30 (тридцать) календарных дней с даты получения ими такого перечня. По мотивированной и изложенной в письменной форме просьбе производителей аналогичного товара и производителей субсидируемого товара, являющегося объектом расследования, указанный срок может быть продлен уполномоченным органом, но не более чем на 10 (десять) календарных дней.

      13. В целях проверки представленных в ходе расследования сведений или получения дополнительных сведений, связанных с проводимым расследованием, уполномоченный орган может проводить расследование на территории государства-члена ЕАЭС, предоставившего специфическую субсидию, при условии получения согласия на это соответствующего производителя субсидируемого товара, являющегося объектом расследования, а также при условии предварительного уведомления представителей правительства соответствующего государства-члена ЕАЭС и отсутствия со стороны этого государства-члена ЕАЭС возражений в отношении проведения расследования на его территории.

      В случае необходимости проверки представленных в ходе расследования сведений или получения дополнительных сведений, связанных с проводимым расследованием, уполномоченный орган направляет своих представителей к месту нахождения производителей аналогичного товара, для проведения консультации и переговоров с заинтересованными лицами, ознакомления с образцами субсидируемого товара, являющегося объектом расследования, и принятия иных необходимых для проведения расследования действий, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.

      14. Уполномоченный орган в ходе проведения расследования может направлять в компетентные органы государства-члена ЕАЭС, предоставившего или предоставляющего рассматриваемую субсидию, а также заинтересованным лицам запросы о представлении информации, имеющей отношение к проводимому расследованию.

      15. Заинтересованные лица представляют не позднее даты, указанной в уведомлении о начале расследования, необходимые для проведения расследования сведения (в том числе конфиденциальную информацию) с указанием источника их получения. С целью уточнения указанных сведений уполномоченный орган может запросить у заинтересованных лиц дополнительные сведения.

      16. Доказательства и сведения, относящиеся к расследованию, представляются в уполномоченный орган на государственном и русском языках, а оригиналы документов, составленные на иностранном языке, должны сопровождаться удостоверенным в установленном порядке переводом на государственный и русский языки.

      17. Уполномоченный орган с учетом необходимости защиты конфиденциальной информации в ходе расследования предоставляет заинтересованным лицам по их просьбе в письменной форме возможность ознакомиться со сведениями (неконфиденциальной информацией), представленными в письменной форме любым заинтересованным лицом в качестве доказательств, относящихся к расследованию. Уполномоченный орган предоставляет участникам расследования возможность ознакомиться с иной информацией, относящейся к расследованию и используемой им в ходе расследования, но не являющейся конфиденциальной.

      18. Письменные уведомления, запросы о представлении информации, запросы дополнительных сведений, сведения, представленные в письменной форме в качестве доказательств, относящиеся к расследованию, и иная информация, относящаяся к расследованию, указанные в пунктах 9, 14, 15 и 17 настоящих Правил, направляются уполномоченным органом заинтересованным лицам через государственный орган, осуществляющий внешнеполитическую деятельность.

      19. Срок проведения расследования не превышает 6 месяцев с даты начала расследования.

      Расследование считается завершенным в день направления уполномоченным органом заключения о целесообразности применения компенсирующей меры на рассмотрение Межведомственной комиссии Республики Казахстан по вопросам внешнеторговой политики и участия в международных экономических организациях (далее – МВК).

      20. Заинтересованные лица действуют в ходе расследования самостоятельно или через своих представителей, у которых в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеются должным образом оформленные полномочия.

      В случае, если заинтересованное лицо в ходе расследования действует через уполномоченного представителя, уполномоченный орган доводит до заинтересованного лица все сведения о предмете расследования только через этого представителя.

      21. Информация, представляемая заинтересованным лицом в уполномоченный орган, рассматривается в качестве конфиденциальной при представлении этим лицом обоснований, свидетельствующих о том, что раскрытие такой информации предоставит преимущество в условиях конкуренции третьему лицу либо повлечет за собой неблагоприятные последствия для лица, представившего информацию, или для лица, у которого получена эта информация. Конфиденциальная информация не разглашается без разрешения представившего ее заинтересованного лица, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      В целях представления всем заинтересованным лицам сведений, достаточных для понимания сути представленной конфиденциальной информации, уполномоченный орган может требовать от представляющего конфиденциальную информацию заинтересованного лица представление ее неконфиденциальной версии.

      В случае, если в ответ на это требование заинтересованное лицо заявляет, что конфиденциальная информация не может быть представлена в таком виде, это лицо представляет соответствующие обоснования.

      В случае, если уполномоченный орган установит, что обоснования, представленные заинтересованным лицом, не позволяют отнести представленную информацию к конфиденциальной, либо заинтересованное лицо, не представившее неконфиденциальную версию конфиденциальной информации, не представляет и соответствующее обоснование или представляет сведения, которые не являются таким обоснованием, уполномоченный орган может не учитывать эту информацию.

      22. Уполномоченный орган несет предусмотренную законодательством Республики Казахстан ответственность за разглашение конфиденциальной информации.

Глава 3. Оформление заключения о целесообразности применения компенсирующей меры по отношению к государствам-членам ЕАЭС

      23. По итогам проведенного расследования уполномоченный орган в сроки, предусмотренные в пункте 19 настоящих Правил, готовит заключение о целесообразности применения компенсирующей меры и направляет его на рассмотрение МВК.

      В случае одобрения МВК заключения о введении компенсирующей меры, уполномоченный орган вносит в Правительство Республики Казахстан проект соответствующего обращения на руководителя Правительства субсидирующего государства-члена ЕАЭС о необходимости применения компенсирующей меры в связи с нарушением норм Договора и/или причинением ущерба отрасли национальной экономики в целях нейтрализации материального ущерба отрасли Республики Казахстан.

      24. В случае отрицательного заключения МВК о целесообразности применения компенсирующей меры, уполномоченный орган направляет обоснованный отказ заявителю в течение 10 (десять) рабочих дней с момента регистрации протокола заседания МВК в уполномоченном органе.

  Приложение
к Правилам проведения
расследования в целях
подготовки заключения о
целесообразности применения
компенсирующей меры по
отношению к государствам-членам
Евразийского экономического союза

Перечень сведений, предоставляемый заявителем

      1. Информация о заявителе (адрес, телефон, факс, E-mail, место регистрации, фамилия, имя, отчество руководителя (при его наличии);

      2. Описание товара (с указанием страны происхождения и кода товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС));

      3. Сведения о наличии, характере и размере специфической субсидии;

      4. Сведения о производителях субсидируемого товара;

      5. Сведения о национальных производителях аналогичного товара;

      6. Сведения об изменении объема ввоза субсидируемого товара на территорию Республики Казахстан за 3 (три) календарных года, предшествующих дате подачи обращения;

      7. Сведения об изменении объема вывоза аналогичного товара с территории Республики Казахстан на территорию других государств-членов ЕАЭС;

      8. Доказательства наличия ущерба отрасли экономики Республики Казахстан вследствие ввоза субсидируемого товара либо вытеснения аналогичного товара с рынка субсидирующего государства-члена ЕАЭС. Доказательства наличия материального ущерба отрасли экономики Республики Казахстан или угрозы его причинения вследствие ввоза субсидируемого товара, или вытеснения аналогичного товара с рынка субсидирующего государства-члена ЕАЭС основываются на объективных факторах, которые характеризуют экономическое положение отрасли экономики и могут быть выражены в количественных показателях (в том числе, объем производства товара и объем его продаж, доля товара на рынке государства-члена ЕАЭС, себестоимость производства товара, цена товара, данные о загрузке производственных мощностей, производительности труда, размерах прибыли, рентабельности производства и продаж товара, об объеме инвестиций в отрасль экономики Республики Казахстан);

      9. Сведения об изменении объема импорта аналогичного товара (в количественном и стоимостном выражении) на таможенную территорию ЕАЭС за 3 (три) календарных года, предшествующих дате подачи обращения;

      10. Сведения об изменении объема экспорта аналогичного товара (в количественном и стоимостном выражении) с таможенной территории ЕАЭС за 3 (три) календарных года, предшествующих дате подачи обращения;

      11. Анализ других факторов, которые могли оказать влияние на отрасль экономики Республики Казахстан в анализируемый период.