"Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 802 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 387 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 387 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 365-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құрудың және оның жұмыс істеуінің қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құрудың және оның жұмыс істеуінің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 28 қазандағы
№ 802 қаулысына
  Қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 11 шілдедегі
№ 718 қаулысымен
бекітілген

Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құрудың және оның жұмыс істеуінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құрудың және оның жұмыс істеуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын (бұдан әрі - Ақпарат орталығы) құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылады.

      3. Ақпарат орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы, "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі, "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      4. Ақпарат орталығы мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

      1) қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар (бұдан әрі – СФС шаралар), стандарттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;

      3) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттердің, стандарттардың жобаларын, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шараларды және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдерін немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздері туралы консультация беру, құжаттардың көшірмелерін және ақпарат беру мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) хатшылығымен, ДСҰ-ға мүшелермен стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылады.

      5. ДСҰ хатшылығымен және ДСҰ-ға мүшелермен Қазақстан Республикасының ДСҰ-дағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау ДСҰ мәселелері жөніндегі Ақпарат орталығы арқылы жүзеге асырылады.

      6. Ақпарат орталығының негізгі міндеттері:

      1) саудадағы техникалық кедергілер (бұдан әрі – СТК) және СФС шараларды қолдану бойынша заңды және жеке тұлғалармен ақпарат алмасудың жедел жүйесін құру;

      2) СТК саласында және СФС шараларын қолдану бойынша ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

      7. Ақпарат орталығы қызметінің негізгі түрлері:

      1) ДСҰ Хатшылығын, ДСҰ-ға мүше елдерді, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды және басқа мүдделі тараптарды:

      әзірлеу процестерімен байланысты хабарламалар, қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;

      техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық талаптарды, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде бұзу фактілері;

      міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына зиян мен нұқсан келтіру (осы нұқсанның ауырлығын ескере отырып) фактілері;

      техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық талаптарды бұзуды жою үшін қабылданған шаралар;

      халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығына қауіп төндіретін өнім;

      қолданыстағы бақылау және инспекциялау рәсімдері, өндіріс пен карантин қағидалары, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілетін деңгейін мақұлдау рәсімдері;

      қауіпті, бұл ретте ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринариялық, санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін айқындау рәсімдері;

      карантиндік, фитосанитариялық, санитариялық және эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалдың және уақытша енгізілетін шаралардың нашарлауы;

      анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);

      халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (улануларды) анықталуы;

      адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіптілігі анықталған өнім;

      бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың ықтимал келіп түсуі;

      техникалық реттеу, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар бойынша жұмыстарды үйлестіретін ұлттық органдар;

      аккредиттеу жөніндегі орган;

      сертификаттау бойынша аккредиттелген және (немесе) тағайындалған органдар және аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары);

      техникалық реттеу, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары;

      сәйкестік сертификаттары және сәйкестік туралы декларациялар;

      техникалық реттеу, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;

      техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламалары;

      ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу бағдарламалары (жоспарлары);

      өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау үшін ерікті түрде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;

      сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы құжаттар;

      сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімдер туралы құжаттар;

      жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесі;

      ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесі;

      карантиндік объектілер мен аса қауіпті ағзалардың тізбесі;

      карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантиндегі өнімдердің (карантиндегі жүктер, карантиндегі материалдар, карантиндегі тауарлар) тізбесі туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету;

      2) ДСҰ-ға мүше елдердің, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және СТК бойынша әрі СФС шаралар бойынша басқа да халықаралық ұйымдардың ақпарат орталықтарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      3) СТК жөніндегі және СФС шаралар жөніндегі ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін дерекқор мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және қалыптастыру болып табылады.

      8. Ақпарат орталығының өңірлердегі қызметін кәсіпорынның филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырады.

2-тарау. Ақпарат орталығының жұмыс істеу тәртібі

      9. Ақпарат орталығы ДСҰ Хатшылығынан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден және басқа да халықаралық ұйымдардан хабарламалардың келіп түсуіне қарай оларды тоқсан сайын уәкілетті органның ресми баспа басылымында (Ақпарат орталығының жаршысы) және ай сайын жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйеде (www.memst.kz немесе www.wto.memst.kz) орналастыруды жүзеге асырады.

      10. Ақпарат орталығы осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес хабарламаларды алғаннан кейін оларды 15 жұмыс күні ішінде шет тілінен (ағылшын және басқа) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды жүзеге асырады, сондай-ақ СТК бойынша және СФС шаралары бойынша алынған хабарламаларға мониторинг жүргізеді.

      11. Ақпарат орталығы заңды және жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша оларды "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әзірленіп жатқан, қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдері; санитариялық және фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер туралы мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратымен (түсініктемесімен) өтеусіз негізде қамтамасыз етеді.

      12. Ақпарат орталығы ДСҰ Хатшылығының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және басқа да халықаралық ұйымдардың сұрау салуы бойынша, егер ратификацияланған халықаралық келісімдерде (шарттарда) өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан техникалық регламенттерге, стандарттарға, өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдеріне; санитариялық және фитосанитариялық шараларға, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерге мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратын (түсініктемесін) береді.

      13. Мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат келіп түскен күннен бастап оны екі күн мерзімде Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін СТК және СФС шаралардың қабылдану немесе басталу шамасына қарай Ақпараттық орталыққа жібереді.

      14. Ақпарат орталығы әзірлеушілердің деректері бойынша СТК және СФС шаралар саласындағы әзірленіп жатқан нормативтік құжаттар туралы хабарламаларды шет (ағылшын және басқа) тілінде жасайды және сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға жібереді.

      15. Ақпарат орталығы СТК және СФС шаралар жөніндегі ақпаратқа қолжетімділікті және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында дерекқорды және ақпараттық жүйені сүйемелдейді (www.wto.org).

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2005 года № 718 "Об утверждении Правил создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2019 года № 802. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 387.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.06.2021 года № 387 (вводится в действие с 01.07.2021).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2005 года № 718 "Об утверждении Правил создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 29, ст.365) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      Правила создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 28 октября 2019 года
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 июля 2005 года № 718

Правила создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" и определяют порядок создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам (далее – Информационный центр).

      2. Информационный центр является структурным подразделением республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахстанский институт стандартизации и сертификации (КазИнСт)" Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан (далее – предприятие) и создается в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      3. Информационный центр в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", законами Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений", от 3 июля 2002 года "О защите растений", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании", от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции", от 14 октября 2014 года "О ратификации договора о Евразийском экономическом союзе", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящими Правилами.

      4. Информационный центр создается для взаимодействия с Секретариатом Всемирной торговой организации (далее – ВТО), членами ВТО, международными и иностранными организациями по стандартизации с целью консультирования и представления заинтересованным сторонам и иностранным государствам по их запросам копий документов и информации о (об):

      1) действующих или разрабатываемых технических регламентах ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных мер (далее – СФС мер), стандартах, изменениях к ним и процедурах подтверждения соответствия продукции, услуги;

      2) членстве или участии Республики Казахстан в международных организациях и международных договорах в области стандартизации, подтверждения соответствия, аккредитации, ветеринарии, санитарии и фитосанитарии, двустороннего и многостороннего характера;

      3) источниках опубликования проектов разрабатываемых и принятых технических регламентов, стандартов, ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных мер и процедур подтверждения соответствия продукции, услуги или информации о них.

      5. Взаимодействие с Секретариатом ВТО и членами ВТО по вопросам, связанным с обязательствами Республики Казахстан в ВТО, осуществляется через Информационный центр по вопросам ВТО.

      6. Основными задачами Информационного центра являются:

      1) создание оперативной системы обмена информацией по техническим барьерам в торговле (далее - ТБТ) и применению СФС мер с юридическими и физическими лицами;

      2) информационное обеспечение в области ТБТ и по применению СФС мер.

      7. Основными видами деятельности Информационного центра являются:

      1) своевременное обеспечение Секретариата ВТО, стран-членов ВТО, государств-членов Евразийского экономического союза (далее - ЕАЭС), международных организаций и других заинтересованных сторон информацией о (об):

      уведомлениях, связанных с процессами разработки, принятых (утвержденных) и введенных в действие технических регламентах, ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных мерах, стандартах, изменениях к ним и процедурах подтверждения соответствия продукции, услуги;

      фактах нарушения требований технических регламентов, а также ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных требований, в том числе в результате осуществления государственного контроля;

      фактах причинения вреда и нанесения ущерба жизни и здоровья человеку, имуществу, окружающей среде, жизни и здоровью животных и растений (с учетом тяжести этого вреда) вследствие нарушения обязательных требований, в том числе требований технических регламентов;

      мерах, принятых для устранения нарушения требований технических регламентов, а также ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных требований;

      продукции, представляющей опасность жизни и здоровью человека, имуществу, окружающей среде, жизни и здоровью животных и растений, полученных от международных организаций и третьих государств;

      действующих процедурах контроля и инспектирования, правилах производства и карантина, процедурах одобрения допустимого уровня пестицидов и пищевых добавок;

      процедурах оценки рисков, учитываемых при этом факторов, а также определения надлежащего уровня ветеринарной, санитарной или фитосанитарной защиты;

      ухудшении карантинной, фитосанитарной, санитарной, эпидемиологической и эпизоотической ситуации и вводимых временных мерах;

      обнаруженных и распространенных карантинных объектах (карантинных вредных организмах);

      обнаружении инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений) среди населения;

      выявленной продукции, опасной для жизни, здоровья человека и среды его обитания;

      возможных поступлениях подконтрольных товаров, не соответствующих единым санитарным требованиям;

      национальных органах, координирующих работы по техническому регулированию, ветеринарно-санитарным, санитарным и фитосанитарным мерам;

      органе по аккредитации;

      аккредитованных и (или) назначенных органах по сертификации и аккредитованных испытательных лабораториях (центрах);

      органах государственного контроля (надзора) в области технического регулирования, ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных мер;

      сертификатах соответствия и декларациях о соответствии;

      международных правовых документах в области технического регулирования, ветеринарно-санитарных, санитарных и фитосанитарных мер;

      программах разработки технических регламентов;

      программах (планах) разработки национальных (государственных) стандартов;

      региональных (межгосударственных) стандартах, а также национальных (государственных) стандартах, которые могут на добровольной основе применяться для подтверждения соответствия продукции требованиям технических регламентов;

      документах в области оценки (подтверждения) соответствия;

      документах о продукции, подлежащей обязательному подтверждению соответствия;

      перечне опасных и карантинных болезней животных;

      перечне товаров, подлежащих ветеринарному контролю;

      перечне карантинных объектов и особо опасных организмов;

      перечне подкарантинной продукции (подкарантинных грузов, подкарантинных материалов, подкарантинных товаров), подлежащей карантинному фитосанитарному контролю;

      2) обеспечение сотрудничества с информационными центрами стран-членов ВТО, государств-членов ЕАЭС и другими международными организациями по ТБТ и по СФС мер;

      3) сопровождение и формирование баз данных и информационных систем, обеспечивающих доступность информации по ТБТ и по СФС мерам.

      8. Деятельность Информационного центра в регионах осуществляется филиалами (представительствами) предприятия.

Глава 2. Порядок функционирования Информационного центра

      9. Информационный центр по мере поступления уведомлений от Секретариата ВТО, государств-членов ЕАЭС и других международных организаций осуществляет их размещение на русском и государственном языках в официальном печатном издании уполномоченного органа (вестник Информационного центра) ежеквартально и информационной системе общего пользования (www.memst.kz или www.wto.memst.kz) ежемесячно.

      10. После получения уведомлений согласно пункту 9 настоящих Правил Информационный центр в течение 15 рабочих дней осуществляет их перевод с иностранного (английского и других) языка на государственный и русский языки, а также проводит мониторинг полученных уведомлений по ТБТ и СФС мерам.

      11. Информационный центр по запросу юридических и физических лиц на безвозмездной основе обеспечивает их информацией (разъяснениями) государственных органов (разработчиков) о разрабатываемых, принятых технических регламентах, стандартах, процедурах подтверждения соответствия продукции, услуги; санитарных и фитосанитарных мерах, а также изменениях к ним в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц".

      12. Информационный центр по запросу Секретариата ВТО, государств-членов ЕАЭС и других международных организаций представляет информацию (разъяснение) государственных органов (разработчиков) к разрабатываемым в Республике Казахстан техническим регламентам, стандартам, процедурам подтверждения соответствия продукции, услуги; санитарным и фитосанитарным мерам, а также изменениям к ним в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, если иное не установлено ратифицированными международными договорами Республики Казахстан.

      13. Государственные органы в двухдневный срок со дня поступления направляют информацию, указанную в подпункте 1) пункта 7 настоящих Правил, в Информационный центр по мере принятия или наступления ТБТ и СФС мер для направления в уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности.

      14. Информационный центр составляет уведомления на иностранном (английском и других) языке о разрабатываемых нормативных документах в области ТБТ и по СФС мер по данным разработчиков и направляет в уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности.

      15. Информационный центр в целях обеспечения доступности и открытости информации по ТБТ и СФС мерам сопровождает базы данных и информационные системы (www.wto.org).