Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
" жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" нысанында:
"I. Кірістер:" деген бөлімде:
мына:
"
29 | Мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
29 | Мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық |
"; |
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандарында:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп" деген 1-нысанда:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. |
Түсімдер, БАРЛЫҒЫ: |
". |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |