Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.04.2024 № 281 қаулысымен.3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 954 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі
көші-қон саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында көші-қон процестерін реттеудің аса маңызды бағыттарының бірі ретінде қарай отырып,
көші-қон саласында Тараптардың екіжақты ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз құруға ұмтыла отырып,
екі мемлекеттің ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында көші-қон саласындағы әріптестік ынтымақтастық арқылы қатынасты тереңдетуге ниет білдіре отырып,
халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім шеңберінде Тараптар көші-қон, бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
Тараптар өздерінің ұлттық заңнамалары мен халықаралық шарттар шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің аумағында еңбек ресурстарын тарту саласындағы мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Осы Келісімді іске асыру үшін жауапты Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары (бұдан әрі – құзыретті органдар деп аталады) мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Армения Республикасынан – Армения Республикасының полициясы және Армения Республикасының Аумақтық басқару және даму министрлігінің Көші-қон қызметі.
Құзыретті органдардың атаулары өзгерген, бір мемлекеттік органдарды басқасымен ауыстырған жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапқа ол туралы дипломатиялық арналар арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлайды.
1. Тараптар осы Келісім шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:
1) статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат алмасу;
2) Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы Тарап мемлекеттерінің азаматтары туралы мәліметтер алмасу;
3) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе алмасу және практикалық көмек көрсету;
4) Тараптар мемлекеттер азаматтарының құқықтарын, оның ішінде оларға берілген тұруға арналған рұқсаттың мерзімі ішінде олардың отбасы мүшелерінің тұру құқықтарын қорғау;
5) Тараптар мемлекеттерінің аумағында болу (тұру) үшін негіздер бар адамдардың құқықтық мәртебесі мәселелерін қарау.
2. Осы Келісім Тараптарға ынтымақтастықтың өзге де өзара қолайлы бағыттарын әзірлеуге және дамытуға кедергі келтірмейді.
1. Тараптар қажет болған жағдайда және өзара уағдаластық бойынша мынадай ақпаратпен және мәліметтермен алмасуды жүзеге асырады:
анықталған көші-қон заңнамасын бұзушылықтар және заңсыз көші-қон арналары туралы;
заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында әрекет ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар туралы;
келу визаларын және өзге де құжаттарды алу және оларды заңсыз көші-қон мақсатында пайдалану тәсілдері туралы;
Тараптар мемлекеттерінің көші-қон заңнамасы, оның ішінде көші-қон процестерін реттеу, пана және азаматтық беру тәртібі, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру, сондай-ақ заңнаманың көрсетілген салаларындағы өзгерістер туралы;
заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған практика мен шаралар туралы;
сыртқы көші-қонды реттеу әдістері туралы.
1. Тараптар заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл және өз мемлекеттері азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерінің азаматтары туралы мынадай санаттар бойынша ақпаратпен алмасады:
1) Тараптар мемлекеттері азаматтарының болатын (тұрғылықты) жері бойынша есепке алу (тіркеу) туралы мәліметтер;
2) арнайы, уақытша және тұрақты тұру мәртебесі, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс істеуге құқығы бар Тараптар мемлекеттерінің азаматтары туралы мәліметтер;
3) екінші Тарап мемлекетінің азаматтығына қабылданған немесе ол қайта қалпына келтірілген бір Тарап мемлекетінің азаматтары туралы, сондай-ақ Тараптардың бірінің азаматтығына тиесілілігі туралы мәліметтер;
4) Тараптар мемлекеттерінің азаматтары алған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер.
2. Тараптар олардың мемлекеттерінің аумағына келуге (не олардың аумағынан кетуге) қойылатын шектеулердің бар-жоғы және негіздері туралы мәліметтермен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағынан шығарылатын адамдар туралы мәліметтермен алмасады.
Осы Келісімінің 5-бабында көрсетілген адамдардың жеке басын анықтау, белгілеу және құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында Тараптар мынадай дербес деректермен алмаса алады:
тегі, аты, әкесінің аты (орысша және латынша жазылуы);
жынысы;
туған күні;
туған жері;
азаматтығы;
Тараптар мемлекеттерінің аумағында тұру үшін шекарадан шығуға арналған құжаттың немесе жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оны берген орган;
әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы;
Тараптар мемлекеттерінің аумағында болатын (тұрғылықты) жері бойынша есепке алу (тіркеу) туралы;
уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс істеуге құқығының болуы туралы;
Тараптар мемлекеттерінің аумағына келуге рұқсат етпеу не мерзімдерін көрсете отырып, Тараптар мемлекеттерінің аумағынан кетуге шектеу қою фактісі туралы;
фотосурет бейнелері;
дактилоскопиялық карта (бар болса).
Тараптар осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) көші-қон мәселелерімен айналысатын, осы салада семинарлар мен тағылымдамаларды ұйымдастыруды қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
2) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру және сарапшылармен алмасу;
3) ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізу және бірлескен іс-қимылды қажет ететін ынтымақтастықтың басқа да нысандарын пайдалану;
4) Тараптар мемлекеттерінің аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және құзыретті мекемелерінің жұмысымен танысу;
5) халықаралық ұйымдардың қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық мүдделі Тараптың жәрдем көрсету туралы сұрау салуының (бұдан әрі – сұрау салу) негізінде жүзеге асырылады.
Егер мұндай ақпарат екінші Тарап үшін қызығушылық тудырады деп ұйғаруға негіз болса, онда Тараптардың әрқайсысы көші-қон мәселелері жөніндегі өзінде бар ақпаратты сұрау салусыз екінші Тарапқа жолдай алады.
1. Сұрау салу және сұрау салуға жауап жазбаша нысанда, оның ішінде мәтінді берудің техникалық құралдары пайдаланыла отырып жолданады.
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар қорғалған электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыра алады.
2. Сұрау салуда мыналар қамтылуға тиіс:
сұрау салушы және сұрау салынатын органның атауы;
сұрау салу мәнінің қысқаша мазмұны, оның мақсаты мен негіздемесі;
сұрау салуды тиісінше орындау үшін пайдаланылуы мүмкін кез келген басқа ақпарат.
3. Сұрау салуға Тараптар мемлекетінің құзыретті органының басшысы (оның орынбасары) немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды, олар сұрау салуларды орындау бойынша үйлестіруші болып табылады. Тараптар сұрау салуларға қол қоюға уәкілетті адамдардың тізбелерімен, сондай-ақ осы Келісім күшіне енгеннен кейін 45 (қырық бес) күн ішінде бланкілердің үлгілерімен алмасады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сұрау салуларға қол қоюға уәкілеттік берілген адамдардың тізбелері не Тараптар бланкілері өзгерген жағдайда, Тараптар бұл туралы бір-бірін дереу хабардар етеді.
5. Сұрау салудың төлнұсқалығына немесе мазмұнына қатысты күдік туындаған жағдайда қосымша растау сұратылуы мүмкін.
1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салудың жылдам және толық орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Сұрау салынатын Тарап өзінің пікірі бойынша сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұратуға құқылы.
Сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тарапты сұрау салуды орындауға кедергі келтіретін немесе оның орындалуын едәуір кешіктіретін мән-жайлар туралы дереу хабардар етеді.
2. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау қылмыстық қудалауға немесе оның мемлекетінің аумағында жүзеге асырылып жатқан өзге де іс жүргізуге кедергі болуы мүмкін деп ұйғарса, онда ол сұрау салуды орындауды кейінге қалдыруға немесе оның орындалуын өзі айқындаған шарттардың сақталуымен байланыстыруға құқылы.
3. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау нәтижелері туралы сұрау салушы Тарапқа мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлайды. Сұрау салуды орындау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы тиіс.
4. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, басқа да елеулі мүдделеріне зиян келтіруі не заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келуі мүмкін деп ұйғарса, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартады.
Сұрау салушы Тарап бас тарту себептері көрсетіле отырып, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тарту туралы жазбаша хабардар етіледі.
1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салудың келіп түсу, оның мазмұнының және оған ілеспе құжаттардың, сондай-ақ жәрдем көрсету фактілерінің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Сұрау салуды құпиялылықты сақтап орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынатын Тарап бұл туралы сұрау салушы Тарапқа хабарлайды, ол сұрау салуды осындай жағдайларда орындау-орындамау керектігін шешеді.
2. Осы Келісімнің негізінде алынған сұрау салуды орындау нәтижелері оларды ұсынған Тараптың келісімінсіз, сұрау салынғаннан және ұсынылғаннан өзге де мақсаттарда пайдаланыла алмайды.
3. Осы Келісімнің негізінде бір Тарап алған мәліметтерді үшінші тарапқа беру үшін мәліметтерді ұсынған Тараптың алдын ала жазбаша келісімі талап етіледі.
4. Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасын және халықаралық міндеттемелерін басшылыққа ала отырып, Тараптар осы Келісім шеңберінде алынған ақпаратты кездейсоқ немесе заңсыз жоюдан, өзгертуден немесе таратудан, сондай-ақ кез келген өзге де санкцияланбаған қол жеткізуден немесе пайдаланудан қорғауға бағытталған қажетті ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүзеге асырады.
5. Осы Келісімнің шеңберінде алынған ақпарат берілген мақсаттары талап ететін уақыттан ұзақ сақталмайды. Ақпарат Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасына сәйкес жойылуға тиіс.
Осы Келісімді орындаумен немесе түсіндірумен байланысты Тараптар арасындағы барлық даулы мәселелер консультациялар мен олардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Келісімді іске асыру барысында туындайтын шығыстарды Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес дербес көтереді.
Осы Келісімнің ережелері мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың міндеттемелерін қозғамайды.
Тараптар осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде орыс тілін пайдаланады.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, бұлар оның ажырамас бөлігі болып табылады, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Тараптардың әрқайсысы өзінің осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жібере отырып, оның қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданысы бір Тараптың екінші Тараптан осындай хабарламаны алған күнінен бастап 6 (алты) ай өткен соң тоқтатылады.
20 ___ "___"___________ _________________ қаласында қазақ, армян және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Армения РеспубликасыныңҮкіметі үшін |