Қазақстан Республикасының Үкімет ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 954 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |