"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы деп қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

      2. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының 100 % мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне берілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Склярдың "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 955 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-157-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-157. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 363-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 400-1-жолмен толықтырылсын:

      "400-1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      5. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".

О переименовании акционерного общества "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в акционерное общество "Национальная компания "QazExpoCongress" и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2019 года № 955.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать акционерное общество "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в акционерное общество "Национальная компания "QazExpoCongress".

      2. Передать право владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества "Национальная компания "QazExpoCongress" в размере 100 % Министерству торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Министерству торговли и интеграции Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) обеспечить избрание Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Скляра Романа Васильевича в состав Совета директоров акционерного общества "Национальная компания "QazExpoCongress";

      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 декабря 2019 года № 955

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Нур-Султан":

      строку, порядковый номер 21-157, изложить в следующей редакции:

      "21-157. АО "Национальная компания "QazExpoCongress".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Министерству национальной экономики Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 363, исключить;

      раздел "Министерству торговли и интеграции Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 400-1, следующего содержания:

      "400-1. Акционерное общество "Национальная компания "QazExpoCongress".".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.03.2020 № 142.

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний":

      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Национальные компании":

      строку, порядковый номер 40, изложить в следующей редакции:

      "40. Акционерное общество "Национальная компания "QazExpoCongress".".

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 "Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 59-60, ст. 555):

      в Положении о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства национальной экономики Республики Казахстан:

      строку, порядковый номер 4, исключить.

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве торговли и интеграции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      перечень организаций, находящихся в ведении Министерства и его ведомств, дополнить строкой следующего содержания:

      "Акционерное общество "Национальная компания "QazExpoCongress".".