2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамына оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін өтеуіне байланысты міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде 10 жыл қолданылу мерзімімен 102000000000 (бір жүз екі миллиард) теңге сомасына экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік берсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |