"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамына экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 966 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамына оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін өтеуіне байланысты міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде 10 жыл қолданылу мерзімімен 102000000000 (бір жүз екі миллиард) теңге сомасына экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік берсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады