Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2023 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдері айқындалсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына қосымша |
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдері
1. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы:
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезеңде - бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар;
2) тиісті оқу жылы кезеңінде - орта білім беру ұйымдарында оқитын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.
2. Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы көмек түрлері мен көлемдеріне 1-қосымшаға сәйкес бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдерінде беріледі.
3. Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама:
1) осы көмек түрлері мен көлемдеріне 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлеріндегі және көлемдеріндегі мектеп формасын не спорттық форманы және мектеп-жазу керек-жарақтарының жиынтығын;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңіндегі оқу күндері оқитын жері бойынша бір реттік ыстық тамақты;
3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының кемінде 50 проценті мөлшерінде қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді қамтиды.
4. Бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі көмек түрлері мен көлемдері бойынша медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек ұсынылады.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде сынылатын көмектің түрлері мен көлемдеріне 1-қосымша |
Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 589 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Санаты | Түрі | Көлемі |
1 | 2 | 3 |
---|---|---|
1. Азық-түлік жиынтығы | ||
Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар | гипоаллергенді жеміс езбесі және (немесе) көкөніс езбесі (зауыттық қаптамада 50-ден 100 грамға дейінгі көлемде, алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген) |
кемінде 1200 грамм |
балаларға арналған гипоаллергенді балалар ботқасы (зауыттық қаптамада, алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген) |
кемінде | |
өлшеп оралған жүгері жармасы, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
өлшеп оралған сұлы үлпегі, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
балаларға арналған балалар печеньесі (бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген, зауыттық қаптамада) |
кемінде | |
пастерленген немесе ультрапастерленген майлылығы 2,5 %, зауыттық қаптамадағы сүт |
кемінде | |
Үш жастан алты жасқа дейінгі балалар | пастерленген немесе ультра пастерленген, зауыттық қаптамадағы, майлылығы 2,5 % сүт |
кемінде |
бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарондар, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
өлшеп оралған сұлы үлпегі, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
күнбағыс майы, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
классикалық гематоген |
кемінде | |
құрамында тұтас дақылдары бар, таңғы асқа арналған сүтті жастықшалар, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
балаларға арналған зауыттық қаптамадағы печенье |
кемінде | |
өлшеп оралған арпа жармасы, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
өлшеп оралған қарақұмық немесе күріш жармасы, зауыттық қаптамада | кемінде 1,6 кг | |
өлшеп оралған уатылған бұршақ, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
өлшеп оралған ұнтақ жармасы, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
табиғи бал, зауыттық қаптамада |
кемінде | |
2. Тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы | ||
Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар | балалар тіс пастасы |
кемінде |
балалар тіс щеткасы |
кемінде | |
балаларға арналған гипоаллергенді сабын |
кемінде | |
балалар сусабыны |
кемінде | |
балалар кремі |
кемінде | |
кірсабын |
кемінде | |
балалар кіржуғыш ұнтағы |
кемінде |
Ескертпе:
1) азық-түлік жиынтығы "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болуға тиіс;
2) тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы оларды сақтау және тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай болуға тиіс.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде сынылатын көмектің түрлері мен көлемдеріне 2-қосымша |
Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдері
Санат | Түрі |
Көлемі |
1. Мектеп формасы жинағы | ||
Ұлдарға | Пиджак | 1 |
Кеудеше | 1 | |
Шалбар | 1 | |
Көйлек немесе водолазка | 1 | |
Аяқ-киім | 1 | |
Қыздарға | Пиджак | 1 |
Кеудеше | 1 | |
Белдемше немесе сарафан (шалбар) | 1 | |
Блузка немесе водолазка | 1 | |
Аяқ-киім | 1 | |
Немесе | Спорттық костюм | 1 |
Спорттық аяқ киім | 1 | |
Мектеп-жазу керек-жарақтарының жинағы | ||
1-4 сыныпты | Рюкзак (қызға немесе ұлға арналған) | 1 |
Дәптерлер (12 парақ) | 20 | |
Пенал | 1 | |
Сурет салуға арналған альбом (24 бет) | 1 | |
Шарикті қаламсап | 10 | |
Қара қарындаш | 5 | |
Тыстар (дәптер және (немесе) кітаптар үшін) | 20 | |
Акварель бояулары | 1 | |
Сызғыш | 1 | |
Өшіргіш | 1 | |
5-9 сыныпты | Рюкзак (қызға немесе ұлға арналған) | 1 |
Дәптерлер (12 парақ) | 20 | |
Қалың дәптер (24 бет) | 10 | |
Пенал | 1 | |
Сурет салуға арналған альбом (48 бет) | 1 | |
Шарикті қаламсап | 10 | |
Қара қарындаш | 5 | |
Тыстар (дәптер және (немесе) кітаптар үшін) | 20 | |
Сызғыш | 1 | |
Өшіргіш | 1 | |
10-11 | Рюкзак (қыз немесе ұлға арналған) | 1 |
Дәптерлер (12 парақ) | 20 | |
Қалың дәптер (36 бет) | 10 | |
Пенал | 1 | |
Шарикті қаламсап | 10 | |
Қара қарындаш | 10 | |
Тыстар (дәптер және (немесе) кітаптар үшін) | 20 | |
Сызғыш | 1 | |
Циркуль | 1 | |
Өшіргіш | 1 |