"Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 589 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2023 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 63-64, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерінде:

      1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 589 қаулысына
қосымша
  Кепілдік берілген әлеуметтік
топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері
мен көлемдеріне
1-қосымша

Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдері

Санаты

Түрі

Көлемі

1 2 3

1. Азық-түлік жиынтығы

Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар

гипоаллергенді жеміс езбесі және (немесе) көкөніс езбесі (зауыттық қаптамада 50-ден 100 грамға дейінгі көлемде, алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген)

кемінде

1200 грамм

балаларға арналған гипоаллергенді балалар ботқасы (зауыттық қаптамада, алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген)

кемінде
320 грамм

өлшеп оралған жүгері жармасы, зауыттық қаптамада

кемінде
400 грамм

өлшеп оралған сұлы үлпегі, зауыттық қаптамада

кемінде
800 грамм

балаларға арналған балалар печеньесі (бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген, зауыттық қаптамада)

кемінде
180 грамм

пастерленген немесе ультрапастерленген майлылығы 2,5 %, зауыттық қаптамадағы сүт

кемінде
2 литр

Үш жастан алты жасқа дейінгі балалар

пастерленген немесе ультра пастерленген, зауыттық қаптамадағы, майлылығы 2,5 % сүт

кемінде
2 литр

бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарондар, зауыттық қаптамада

кемінде
800 грамм

өлшеп оралған сұлы үлпегі, зауыттық қаптамада

кемінде
800 грамм

күнбағыс майы, зауыттық қаптамада

кемінде
0,8 литр

классикалық гематоген

кемінде
240 грамм

құрамында тұтас дақылдары бар, таңғы асқа арналған сүтті жастықшалар, зауыттық қаптамада

кемінде
250 грамм

балаларға арналған зауыттық қаптамадағы печенье

кемінде
400 грамм

өлшеп оралған арпа жармасы, зауыттық қаптамада

кемінде
800 грамм

өлшеп оралған қарақұмық немесе күріш жармасы, зауыттық қаптамада

кемінде 1,6 кг

өлшеп оралған уатылған бұршақ, зауыттық қаптамада

кемінде
800 грамм

өлшеп оралған ұнтақ жармасы, зауыттық қаптамада

кемінде
700 грамм

табиғи бал, зауыттық қаптамада

кемінде
200 грамм

2. Тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы

Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар

балалар тіс пастасы

кемінде
50 миллилитр

балалар тіс щеткасы

кемінде
1 бірлік

балаларға арналған гипоаллергенді сабын

кемінде
180 грамм

балалар сусабыны

кемінде
200 миллилитр

балалар кремі

кемінде
45 миллилитр

кірсабын

кемінде
200 грамм

балалар кіржуғыш ұнтағы

кемінде
800 грамм

      Ескертпе:

      1) азық-түлік жиынтығы "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болуға тиіс;

      2) тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы оларды сақтау және тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай болуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады