Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ұлық Ұлыс" – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, жарты жылдың соңғы айының 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жылына екі рет, 25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1059 қаулысымен бекітілген |
"Ұлық Ұлыс" – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.12.2020 № 842 қаулысымен.
Р/с№ | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі |
Қаржылан дыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ғылыми-зерттеу, талдамалық сүйемелдеу | ||||||
1. | Отандық ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми конференция өткізу | республикалық ғылыми конференция | БҒМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
Тарихи-мәдени мұра объектілерін реставрациялау және салу | ||||||
2. | "Жошы хан" кесенесіне таяу туристік кешен салуға арналған эскиздік жобаны, ЖСҚ әзірлеу | эскиздік жоба, ЖСҚ | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл |
44 000 | жергілікті бюджет |
3. | "Жошы хан" кесенесіне таяу туристік кешен салу | туристік кешен | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 800 000 | Қарағанды облысы әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 37 ө өкімімен бекітілген Қарағанды облысы бойынша жұмыспен қамту жол картасы |
4. | Алаша хан кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу | ғылыми-реставрациялық жұмыстар, аумақты абаттандыру | МСМ | 2020 жыл | 11 835 | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу" кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
5. | Ұлытау өңірінің тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін қалыптастыру және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу жөніндегі мәселені пысықтау | Ұлытау өңірінің тарихи және мәдени ескерткіште рінің қалыптастырылған тізімі | МСМ | 2020 – 2022 жылдар | – | талап етілмейді |
6. | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі визит-орталығының құрылысын аяқтау | пайдалануға енгізу | МСМ | 2020 жыл | 149 999 |
республикалық бюджет |
7. | "Ұлытау" визит-орталығының аумағын абаттандыру | пайдалануға енгізу | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 180 000 | жергілікті бюджет |
8. | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі визит-орталығының экспозициясын құру | экспозиция | МСМ | 2020 жыл | 67 267 |
республикалық бюджет |
9. | Ұлытау тарихи-өлкетану музейінің құрылысын аяқтау | пайдалануға енгізу | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 130 000 | жергілікті бюджет |
10. | Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу | ғылыми-реставрациялау жұмыстары | МСМ | 2020 жыл | 29 595 |
033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу" кіші бюджеттік бағдарламасы |
11. | Жошы хан кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу | ғылыми-реставрациялық жұмыстар, аумақты абаттандыру | МСМ | 2020 жыл | 32 060 |
033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу"кіші бюджеттік бағдарламасы |
Ақпараттық қамтамасыз ету | ||||||
12. | Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тақырыптық бағыттарының тізбесіне Алтын Орданың 750 жылдығын ақпараттық сүйемелдеуді енгізу | МСМ-ге ақпарат | АҚДМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
13. | kazakhstan.travel интернет-ресурсында "Алтын Орда" модулін құру | модуль құру |
"Kazakh Tourism" | 2020 жыл |
30 600 | 043 "Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
14. | Шет елдердегі мекемелердің сайттарында "Ұлық Ұлыс (Алтын Орда)" 750 жылдығы және Ұлытау туристік бағыттары туралы материалдарды жариялау |
тақырыптық айдарларды толтыру | СІМ, МСМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
15. | Отандық және шетелдік БАҚ-та тақырыптық материалдарды, пікірлерді жариялау мақсатында танымал тұлғалар, медиа тұлғалар, зерттеушілер қатарынан отандық және шетелдік спикерлер пулын қалыптастыру; Алтын Орданың тарихы туралы жарияланымдарды әлеуметтік желілерде жариялау | спикерлер пулы, БАҚ-тағы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | АҚДМ, СІМ, МСМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
16. | 2020 жылға арналған "Бірыңғай республикалық медиа-жоспар" аясында Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларды БАҚ-та жариялау | мақалалар, сюжеттер, ақпараттық материалдар | АҚДМ | 2020 жыл | – | 033 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
Турмаршруттарды әзірлеу, туристерге жайлылық үшін жағдай жасау | ||||||
17. | "Талдысай" шатқалы аумағында кемпингтік тұрақтарды, туристік соқпақтарды, маршруттарды құру | кемпингтік тұрақтар | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 15 000 | жергілікті бюджет |
18. | Ұлытау ауылының маңында туристерді қабылдау үшін этноауыл құру (ипподром, қонақжай үйлер) | этноауыл | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл |
130 000 |
жеке |
Көлік-логистикалық инфрақұрылым | ||||||
19. | Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыруға арналған алаңдарды дайындай отырып, "Қызылорда – Жезқазған" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау мәселесін пысықтау | МСМ-ге ақпарат | ИИДМ, Қарағанды, Қызылорда облыстарының әкімдіктері | 2020 – 2025 жылдар | – | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
20. | Тарихи-мәдени мұраның негізгі объектілеріне (Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Зыңғыртас петроглифтері, Тоқтамыс хан, Едіге хан мазарлары, Алтын шоқы, Хан Ордасы төбелері, Кененбай су қоймасы) жету үшін Жезқазған – Ұлытау бағытындағы қиыршық тас автомобиль жолдарының жетіспейтін учаскелерін салып, көлік құралдарының тұрағын және жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін алаңдарды дайындау | МСМ-ге ақпарат | ИИДМ, Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | – | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
21. | Модульдік павильондарды дайындау және орнату (Теректі Әулие, Алаша хан, Хан Ордасы, Бесқамыр, Болған ана) | павильондар | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл |
2 500 | жергілікті бюджет |
22. | Ұлытау ауданын интернетпен және тұрақты мобильді байланыспен қамтамасыз ету | тұрақты мобильді байланыс |
ЦДИАӨМ, | 2020 жыл | – | көзделген қаражат шегінде |
23. | "Алматы – Жезқазған" және "Нұр-Сұлтан – Жезқазған" бағыттары бойынша жолаушылар пойыздарында жылжымалы құрамды жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру | жаңартылған вагондар |
ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), | 2020 жыл | – | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
24. | Аптасына кемінде 2 рет жиілікпен, субсидияланатын Алматы – Жезқазған – Алматы авиарейсінің іске қосылуы күтілуде | жаңа авиарейстерді іске қосу | ИИДМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысының әкімдіктері | 2020 жыл | 221 000 | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
Іс-шаралар жоспарын іске асыруға қажетті жалпы шығыстар, оның ішінде | 1 843 856 | |||||
Республикалық бюджет | 321 356 | |||||
Жергілікті бюджет | 371 500 | |||||
Қарағанды облысы бойынша жұмыспен қамту жол картасы | 800 000 | |||||
"Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде | 221 000 | |||||
Жеке инвестициялар | 130 000 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
БАҚ | – | бұқаралық ақпарат құралдары |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ЖСҚ | – | жобалау-сметалық құжаттама |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ | – | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
МСМ | – | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
СІМ | – | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ЮНЕСКО | – | Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы |