Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№п/п

Іс-шара атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

I. Заман талабына сай тиімді мемлекет

1.

Осы Жолдауда айтылған тұжырымдамалық мәселелерді енгізе отырып, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 2019-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспары бойынша ұсыныстарды жасап-әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ПМК

2019 жылғы қыркүйек

2.

2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту, көппартиялылықты, ой-пікірдің сан алуандығы мен саяси бәсекелестікті дамыту бойынша шараларды айқындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

АҚДМ, МСМ, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

3.

Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерімен жұмыс сапасын күшейтуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу, келіп түсетін өтініштерге ден қою кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігін талдау жүйесін енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

БП, АҚДМ, ІІМ, СІМ, МСМ, ҰЭМ, Қорғанысмині, ЦДИАӨМ, ИИДМ, БҒМ, АШМ, Қаржымині, ЭМ, Әділетмині, ДСМ, Еңбекмині, СИМ, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

4.

Халықтың өзекті проблемаларын шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

5.

Республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерінің (әлеуметтік сала мекемелерінің жұмыскерлерін қоспағанда) санын 2020 жылдан 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен 25%-ке қысқарту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, МҚІА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қаңтар

6.

Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін заңнамаға, оның ішінде:
митингілер өткізуге рұқсат алу рәсімдерін оңайлатуды;
ұйымдастыру ыңғайлылығын, қатысушылар үшін қолжетімділігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, елді мекендерде оларды өткізетін арнайы орындарды айқындауды;
ұйымдастырушылар мен қатысушылардың митингілер өткізудің белгіленген тәртібін сақтауы, сондай-ақ жария акцияларды құқыққа қарсы әрекеттерге пайдалану әрекеттері үшін жауаптылығын күшейтуді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы, мәслихаттардың шешімдері

АҚДМ, ІІМ, МСМ, Әділетмині, ҰЭМ, Қаржымині, ҰҚК, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан, 2020 жылғы қаңтар

7.

Тілдерді дамыту мен қолданудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу шеңберінде мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретінде рөлін нығайту жөніндегі шараларды айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

8.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды әзірлеп, бекіту

Мемлекеттік комиссияның шешімі

БҒМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, АҚДМ, СІМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Қоғамдық келісім" РММ

2019 жылғы қазан

9.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды әзірлеп, бекіту

Мемлекеттік комиссияның шешімі

МСМ, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, АҚДМ, СІМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Қоғамдық келісім" РММ

2019 жылғы қазан

10.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды әзірлеп, бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, МСМ, СІМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Қоғамдық келісім" РММ

2020 жылғы ақпан

11.

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс-шаралар кешенін іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы маусым, желтоқсан

II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

12.

Шығарылған сот шешімдерінің сапасын жақсарту және сот практикасының біркелкі болуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша), БП, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан, 2020 жылғы маусым

13.

"Сот практикасының цифрлық талдамасы" электрондық сервисін әзірлеу және сынақтан өткізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы шілде

14.

Әкімшілік юстицияны енгізуге, заңнамадағы барлық қайшылықтар мен түсініксіздіктерді азаматтар мен бизнестің пайдасына түсіндіруді қамтамасыз етуге, олардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасында тең жағдай жасауға бағытталған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заңды қабылдау

Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Заңы

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

2020 жылғы маусым

15.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, балаларға қарсы қылмыстар үшін, сондай-ақ браконьерлік, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшылар қызметіне күш қолдану мен қол сұғушылық және жеке адамға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны күшейту

Қазақстан Республикасының Заңы

БП, ІІМ, Еңбекмині, ЭГТРМ, БҒМ, ЖС (келісім бойынша), ҰҚК, СЖҚА

2019 жылғы желтоқсан

16.

Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылықты күшейту

Қазақстан Республикасының Заңы

ІІМ, БП, ЖС (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

17.

Ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың жалпы ел бойынша және өңірлер бөлінісінде, оның ішінде құқық қорғау органдарының олардың профилактикасы, анықтау, жолын кесу, тергеу жөніндегі қызметін бағалай отырып, қылмыстардың жай-күйіне, құрылымына, динамикасына, себептері мен жағдайларына талдау жүргізу және осындай қылмыстық көріністерге қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

БП, ІІМ, СЖҚА, ҰҚК, Қаржымині

2020 жылғы қаңтар

18.

Браконьерлікке қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке жан-жақты талдау жүргізу және үздік шетелдік тәжірибені ескере отырып, осындай қызметтің тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде құқық қорғау органдарының өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау, ұйымдасқан браконьерлер топтарын, қылмыстық жолмен алынған өсімдік және жануарлар әлемі өнімдерін өткізу арналарын анықтау жөніндегі тиісті құрылымдармен тиісінше өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді көздейтін шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

БП, ІІМ, СЖҚА, ЭГТРМ, ҰҚК, АШМ, Қаржымині, ҰЭМ

2020 жылғы қаңтар

19.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс болған ведомство басшылығының жауаптылығын заңнамалық регламенттеу

Қазақстан Республикасының Заңы

МҚІА, СЖҚА, ҰЭМ, Әділетмині

2019 жылғы желтоқсан

20.

Азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдіктерді арттыру, қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі мен жарыспалылығын, кінәсіздік презумпциясы қағидатының мүлтіксіз сақталуын, оның ішінде мыналар арқылы:
1) құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартқаны, көрінеу заңсыз ұстағаны, қамауға алғаны немесе қамақта ұстағаны, жауап беруге мәжбүрлегені, жалған дәлелдемелер және жедел-іздестіру материалдарын жасағаны, коммерциялық сатып алу не парақорлыққа арандатқаны, сондай-ақ жалпы қылмысқа итермелегені үшін, көрінеу жалған сөз жеткізгені, адвокаттардың қызметіне және адам мен азаматтық құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өзге де адамдардың заңды қызметіне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсетуге кедергі жасағаны үшін жауаптылықты күшейту;
2) куәгер айғақтарының, сондай-ақ жол берілетін және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен бекітілмеген және расталмаған өзге мәліметтер ғана негізінде қылмыстық жауаптылыққа тартуға және соттауға тыйым салуды белгілеу;
3) қылмыстық процесте қорғаушы тараптың дәлелдемелері мен шағымдарын жан-жақты және объективті қарауды қудалау органдарының лауазымды адамдары тарапынан осындай дәлелдемелер мен шағымдар бойынша сапасыз қарау немесе әрекетсіздігі фактілеріне қатаң ден қою шараларын қабылдай отырып қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БП, ЖС (келісім бойынша), СЖҚА, ҰҚК,ІІМ, Қаржымині, Әділетмині

2020 жылғы наурыз

21.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел іздестіру және тергеу практикасында заңсыз жұмыс әдістерін және арандатушылық іс-әрекеттерді қолдану фактілеріне жол бермеуіне, осындай фактілер бойынша жауаптылық пен жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын сақтауын қамтамасыз етумен қадағалауды және бақылауды күшейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП, ҰҚК, ІІМ, СЖҚА, Қаржымині

2020-2023 жылдар қаңтар, шілде

22.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы қараша

23.

Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік авариялардан қорғауды жүзеге асыратын кадрлардың кәсібилігін арттыру бойынша шаралар кешенін әзірлеп, қабылдау

ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині бірлескен бұйрығы

ІІМ, ЭГТРМ, БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы наурыз

24.

ІІМ-ді реформалауға бөлінетін қаражат шеңберінде азаматтық қорғау қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 40 млрд теңге бөлу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ, Қаржымині

2019 жылғы желтоқсан

25.

Барлық әскери шығыстарды ретке келтіру, армиядағы қаржылық тәртіпті нығайту бойынша нақты шаралар қабылдау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қорғанысмині, ИИДМ, Қаржымині, ЕК

2020 жылғы шілде, желтоқсан

26.

Шақыру, жасақтау, білім беру, патриотизмге тәрбиелеу, әскери тәртіп, әскери және кәсіби даярлық, әскери қызметшілердің мансаптық өсуі, әскери қызметтің беделі және Қарулы Күштерді материалдық жарақтандыруды жақсарту мәселелерін өзектендіре отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қалыптастыру мен дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині, ИИДМ, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы желтоқсан

III. Дамыған және инклюзивті экономика

27.

Өзекті әлеуметтік-экономикалық даму және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін қарастыра отырып, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, ДСМ, Еңбекмині, СИМ, ЦДИАӨМ, ҰБ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

28.

Индустриялық-инновациялық дамудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде:
еңбек өнімділігінің нақты өсуін кемінде 1,7 есе ұлғайту;
қазақстандық өңделген өнімді экспорттаушылардың мүдделерін қолдау мен қорғаудың тиімді құралдарын енгізу;
салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қоса алғанда, жоғары өнімді орта бизнесті қолдау бойынша шараларды айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ, АШМ, ЭМ, ҰЭМ, СИМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, СІМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

29.

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізу, мемлекеттік компаниялардың санын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЕК, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы желтоқсан

30.

Тариф белгілеудің ашықтығын жетілдіруге және арттыруға, сондай-ақ осы саладағы тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған теміржол көлігі мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

31.

Табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтердің өсуіне, базарлардағы баға жөнінде сөз байласуға қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ тариф белгілеу тәсілдерін тәртіпке келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, СИМ, ЭМ, ИИДМ, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы шілде, желтоқсан

32.

Авиабилеттер бағасын төмендету, теміржол жолаушылар тасымалында билеттердің жасанды тапшылығын жою бойынша шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИИДМ, ҰЭМ, ЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

33.

Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуын жүйелі түрде жаңғырту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Қаржымині, БП, СЖҚА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

34.

Микро- және шағын бизнес компанияларын табыс салығын төлеуден үш жыл мерзімге босату, сондай-ақ босатуды қолдану бойынша өлшемшарттар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы

ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

35.

Микро- және шағын бизнес субъектілеріне тексерлеру жүргізуге үш жылға мораторий енгізу, оған мыналар қосылмайды:
өткізу үшін салық төлеушінің өтініші негіз болып табылатын салықтық тексерулер;
қылмыстық істердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін салықтық тексерулер;
қарсы салықтық тексерулер;
салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды анықтау, салық органдарында тіркеу есебіне алуға қою, салық органы шығарған касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;
акцизделетін өнімді өндіретін және (немесе) көтерме саудада сатуды және ойын бизнесі саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер;
тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар;
жер қойнауын пайдаланушылар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

36.

Бизнеске, әсіресе санитариялық-эпидемиологиялық саладағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СИМ, ДСМ, ҰЭМ, АҚДМ, АШМ, ИИДМ, Қаржымині, ЭМ, ЦДИАӨМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

37.

Заңнамалық шараларды қоса алғанда, кәсіпкерлерді рейдерліктен және құқық қорғау мен бақылаушы органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғауға бағытталған қосымша шаралар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

БП, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, СЖҚА, ҰҚК, ІІМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

38.

"Бизнестің жол картасы-2025" 2020-2022 жылдарға арналған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде отбасылық бизнесті құруды қоса алғанда, әлеуметтік аспектілерге басымдық бере отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын енгізуге 250 млрд теңге бөлу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

39.

Бюджет шығындарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ көп балалы аналарды микро- және шағын бизнеске, оның ішінде үйде жұмысқа тарту құралдарын енгізу мақсатында "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

40.

Жаңа технологиялар мен цифрландыруды, оның ішінде 5G, "ақылды қалалар", жасанды интеллект, үлкен деректер, блокчейн, цифрлық активтер, цифрлық жаңа қаржы құралдарын енгізу жөніндегі шараларды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар, АХҚО (келісім бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

2020 жылғы маусым

41.

2030 жылға қарай суармалы жерлердің санын 3 млн гектар дейін кезең-кезеңмен ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы наурыз

42.

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының шикізаттық бағыттылығын төмендету, сыртқы нарықтарда өнімдерін өткізу бойынша фермерлерді қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық және жергілікті деңгейлерде ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі нәтижелілік көрсеткіштерін айқындау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

СИМ, ҰЭМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

43.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тартуды және оларды алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді (қажеттігіне қарай) күшейтумен жұмысты жандандыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша, 2020 жылғы мамыр

44.

Елбасының "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру шеңберінде инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге 2020-2022 жылдарға арнап қосымша 90 млрд теңге бөлу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері

2020 жылғы қаңтар

45.

Мыналар:
кірістерді неғұрлым әділ бөлуге назар аудара отырып, салық жүйесін жаңғырту;
компанияларды адами капиталға инвестициялауға, еңбек өнімділігін арттыруға, техникалық қайта жарақтандыруға, экспортқа ынталандыру жолымен салық жүйесінің сапасын арттыру;
шикізаттық емес өнімді экспорттау кезінде ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдету, оның ішінде уақытты, қажетті құжаттардың санын қысқарту, сондай-ақ барлық рәсімдерді цифрландыру жүргізу;
жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорын барабар көтеруге ынталандыру;
салық заңнамасында көзделмеген міндетті төлемдер мен алымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы ақпан

46.

Жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімдерін 2020 жылдан 2023 жылға ауыстыру

Қазақстан Республикасының Заңы

Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

47.

Әлеуметтік және зейнетақы жүйелері арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнесті дамытуға арналған ынталандыруларды сақтау үшін әлеуметтік аударымдардың көлемі мен жинау тетіктері бойынша бірлескен түрде шешім әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Еңбекмині, ИИДМ, Қаржымині, АШМ, ҰБ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

48.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу мен пайдалануды және банктік емес төлем жүйелерін белсенді дамыту, оның ішінде банктердің комиссиясын төмендету бойынша шаралар қабылдау

жол картасы

ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, СИМ

2019 жылғы желтоқсан

49.

Ақшаны жылыстату және елден капиталды шығару тәуекелдерін төмендету және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатында төлем жүйелерін қоса алғанда, банктік емес қаржы ұйымдарының қызметін реттеудің тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині

2019 жылғы желтоқсан

50.

Екінші деңгейдегі банктердің нақты экономикаға кредит беруін ұлғайту үшін қажетті шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар, шілде

51.

Азаматтардың, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының шамадан тыс қарыздарының алдын алу тетіктерін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰБ, Еңбекмині, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қазан

52.

Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды аяқтау және алынған нәтижелер мен ұсынылатын шараларды Президент Әкімшілігіне енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰБ

2019 жылғы желтоқсан

53.

Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт көлемін, оның ішінде 2022 жылдан бастап 2 трлн теңге деңгейінде шектеуді көздейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

54.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жылына 20 млрд теңгеге дейін ұлғайту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

55.

Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, МСМ, Еңбекмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

56.

Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын жаңарту

БҒМ бұйрығы

БҒМ, Еңбекмині, ДСМ, МСМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

57.

Білім беру бөлімдерін басқару және білім беру саласының бюджеттік қаражатын әкімшілендіру функцияларын қаладан және ауданнан облыстық деңгейге қайта бөлу

Қазақстан Республикасының Заңы

БҒМ, ҰЭМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

58.

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, орта білім беретін оқулықтарды әзірлеудің және оларға сараптама жасаудың жаңа жүйесін құру, білім берудің барлық деңгейлерінде дербес қаржыландыру, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және оларды іс жүзінде қолдану, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық және басшылық құрамы сапасының өсуі бойынша шараларды енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

59.

Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының қызметін қысқарту бойынша тиісті тетіктерді (қажеттігіне қарай) күшейте отырып жұмысты жандандыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, БП, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020-2023 жылдары наурыз

60.

2020 жылы педагогтардың еңбекақысын 25%-ке өсіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қыркүйек

61.

Баланың құқықтарын қорғауды күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу бойынша жол картасын әзірлеп, қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ІІМ, БП, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы наурыз

62.

Балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарының желісін "қадамдық қолжетімділікте" кеңейту жөніндегі шараларды қоса алғанда, "сал ауруы" диагнозымен ауыратын балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, қабылдау

ДСМ, Еңбекминінің, БҒМ-нің бірлескен бұйрығы

ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

63.

Қазақстан Республикасының заңнамасына халықтың барлық жастағы топтары арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі және балалар үшін спорттық инфрақұрылымға барынша қол жеткізу жөніндегі шараларды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қыркүйек

64.

Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы сәуір

65.

Барлық өңірлер бойынша басым нозологиялар тізбесін пайдалана отырып, денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет қаражатын жоспарлаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ДСМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

66.

Қарағанды облысындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін пилоттық сынақтан өткізуді аяқтау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толық көшу үшін ақпараттық жүйелерді толық интеграциялауды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

67.

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдар жұмыскерлерінің, республикалық және жергілікті деңгейлердегі мәдениет және өнер саласындағы қазынашылық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақы деңгейін арттыру және оларды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ, Қаржымині, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

68.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекке ынталандыруды арттыру үшін олардың қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру

Қазақстан Республикасының Заңы

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

69.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тегін ыстық тамақ, оларды оқу құралдарымен және киіммен қамтамасыз етуді, медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмекке ақы төлеуді, қоғамдық көліктерде жол жүру шығындарын өтеуді қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

70.

Жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және/немесе білім алуға төлеу мақсатында нысаналы пайдалануды көздейтін, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Еңбекмині, ҰЭМ, ҰБ

2019 жылғы желтоқсан

71.

Бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлемді енгізу арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Еңбекмині, ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ

2019 жылғы қараша

V. Қуатты өңірлер – қуатты ел

72.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тұрғындардың жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін бағалауы бойынша пилоттық жобаны енгізу бойынша тәсілдер әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

73.

Басқарылатын урбандалу шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы, сәулеттік келбетті қалыптастыру саласындағы құзыреттерін де кеңейту

Қазақстан Республикасының Заңы

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

74.

Жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қыркүйек

75.

Еңбек күші тапшы өңірлерді кадрлармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ірі қалаларда шамадан тыс қоныстануға жол бермеуге баса назар аудара отырып, көші-қон процестерін басқару бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Еңбекмині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

76.

"Нұрлы жер" Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде:
тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаларына қатысу үшін нақты өлшемшарттарды;
кезекте тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларына тұрғын үй беру мәселесін 3 жыл ішінде шешуді;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін ескере отырып, жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту үшін жекеше бизнесті тарту шараларын;
өңірлерге тұрғын үй қорын жаңғырту мен жөндеуге 2020-2021 жылдарға кемінде бюджеттік кредиттерді 30 млрд теңге бөлу тетігі жөніндегі шараларды;
"Бақытты отбасы" бағдарламасын кейін 2020-2023 жылдары 10 мыңға дейін ұлғайта отырып, оның шеңберінде 2019 жылы 6 мың тұрғын үй қарызын берумен қаржыландыру;
тұрғын үйдің қолжетімділігі динамикасын қадағалауды көздейтін елдегі тұрғын үйді дамытудың бірыңғай моделін қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЭМ, Еңбекмині, ҰБ, "Атамекен" ҰКП, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

77.

Тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту

Қазақстан Республикасының Заңы

ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

78.

2020 жылдан бастап өңірлерді дамыту бюджеті қаражатының жартысын өңірлер тұрғындарының өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік проблемаларын қаржыландыруға бағыттауды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері

2020-2023 жылдар ақпан

79.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген тұрғын үй және тұрғын үй қарызын алу кезегінде тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесін құру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИИДМ, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

80.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырына қосу үшін газ тарату желілерін кезең-кезеңмен пайдалануға енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭМ, ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері

2020-2021 жылдар наурыз

81.

Қазақстан Республикасының Парламенті жанынан заңнаманы зерттеу және сараптама жасау институтын құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ПІБ, Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы қазан

      Қосымша: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МҚІА

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

СЖҚА

– Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

– "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

– "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АО

– "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

"Назарбаев Университеті" ДБҰ

– "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

ҚҚҚ

– Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы

ЖС

– Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

БП

– Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

ҰҚК

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ПМК

– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ІІМ

– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ДСМ

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

СІМ

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ИИДМ

– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

АҚДМ

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

МСМ

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Қорғанысмині

– Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

БҒМ

– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

АШМ

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

СИМ

– Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

Еңбекмині

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қаржымині

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

АХҚО

– "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы

ЦДИАӨМ

– Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі

ЭМ

– Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭГТРМ

– Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Әділетмині

– Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ҰБ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

"Атамекен" ҰКП

– "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

"Қоғамдық келісім" РММ

– Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі

МКҚ

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

ЕК

– Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

ПІБ

– Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады