Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 667 қаулысымен.
Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар және Алматы қаласының әкімдігі Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген |
2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары
Қаланы дамытудың ағымдағы жағдайын талдау
2019 жылғы бірінші жартыжылдықта 5 358,7 млрд. теңгені құраған ЖӨӨ көлемі бойынша елдің басқа өңірлері арасында ұзақ уақыт бойы алдыңғы қатарда болған Алматы қаласы елдің аса ірі қаласы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады. Мәселен, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта республиканың ЖІӨ-дегі қаланың үлес салмағы 19,2%-ды, ағымдағы жылдың 10 айында салықтар мен төлемдер түсімдерінде – 23,5%-ды құрады.
2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қала халқы 1 902 мың адамды құрайды, халықтың тығыздығы – 1 ш.км. 2 715,5 адам.
Сервистік экономикасы бар қала. 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта ЖӨӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер және сауда саласының үлесі 84,6%-ды құрады. Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына барынша үлес қосып, 30,4% құрайды.
2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа ЖӨӨ жалпы көлеміндегі секторлардың үлес салмағы: өнеркәсіп – 5,8%, ауыл шаруашылығы – 0,06%, құрылыс – 2%, сауда – 30,4%, қаржы және сақтандыру қызметі – 8,6% көлік және қоймалау – 5,7% және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 9,8%.
Алматы қаласы шағын және орта кәсіпкерліктің нақты өнімдерін өндіру көлемі бойынша елдің көшбасшысы болып табылады. 2019 жылдың 6 айында ШОК өнімін шығару 3 414,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға артық.
Алматы қаласы республиканың білім беру орталығы болып табылады, тиісті деңгейде білім алудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру мекемелерінің дамыған желісі бар.
Алматы қаласы – дамыған, көп деңгейлі денсаулық сақтау жүйесі бар қала. Соңғы жылдары денсаулық сақтау объектілерінің желісін амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту жағына қайта бағдарлау жүргізілді.
Алматы қаласы Қазақстан Республикасының ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның ірі қаржы және экономикалық орталығы, сондай-ақ ауқымды еңбек нарығы бола отырып, бизнес үшін, сол сияқты заңсыз көші-қон мен криминалдық жағдайлар үшін тартымды болып қала береді.
2019 жылғы 10 айда республика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 24,1%-ы Алматы қаласының үлесіне келеді – 46 528, республика бойынша – 192 764.
Алматы қаласы аумағындағы жедел жағдайды талдай отырып, соңғы жылдары криминогендік жағдайдың тұрақтанғанын байқауға болады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу саласында 2014 – 2018 жылдары су тасқындары мен топан суларға, селдерге, көшкіндерге, жер сілкіністеріне, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 48,5%-дан 56%-ға дейін артты.
ТЖ алдын алу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі бойынша қызмет техногендік авариялардан, апаттардан және табиғи апаттардан болатын қауіп-қатерлерді азайту және залалды азайту бойынша жағдай жасау мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Сел қаупінің автоматтандырылған мониторингін жасау бойынша "Smart-city" ақылды қаласын цифрландыру және құру шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.
Соңғы 10 жылда қалаға жаңа аумақтардың қосылуы нәтижесінде қаланың ауданы 2 еседен астам өсті. Бұл ретте жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігі күрт өсті. Аса өткір инфрақұрылымдық проблемалардың арасында мыналарды атап өту қажет:
1) инженерлік желілердің тозуы 60%-дан асады;
2) орталық сумен жабдықтау және су бұру Наурызбай, Алатау, Медеу, Түрксіб, Бостандық және Жетісу аудандарының 23 шағын ауданында жоқ;
3) қала көшелерінің 30% жарықтандырылмаған немесе жартылай жарықтандырылған (аумақтары қосылған Наурызбай, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарында 40%-ға жуық көше жарықтандырылмаған);
4) қалада, негізінен "Жаңа Алматыда" 3 мың км. астам көше-жол желісінің 30%-ы нашар жағдайда;
5) аудандардың бір бөлігі, ең алдымен, Түрксіб, Жетісу, Әуезов – тұрғын үймен және мектептермен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз ("Жаңа Алматыдағы" мектептермен қамтамасыз етілу 1,5 есе төмен);
6) тұрғын үй саясатындағы елеулі теңгерімсіздік (6 жыл ішінде Алматыда көппәтерлі үйлердің жалпы саны 13%-ға, ал ЖТҚ саны – 2 еседен астам өсті, субурбанизация орын алып отыр – қала жайылып барады және инфрақұрылымға жұмсалатын шығыстар өсуде);
7) Алматы қаласында елдегі ең ірі тұрғын үй қоры – 8,4 мың КПТҮ (бұл ретте 24,5 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр (өткен жылдан 10%-ға өсті), қолжетімді жайлы тұрғын үй жеткіліксіз (қала тұрғындарының 80%-дан астамының ипотекаға жайлы тұрғын үй алуға мүмкіндігі жоқ));
8) Алматы қаласында ел халқының тек 10% ғана тұрады, бірақ республика бойынша қылмыстың 20%-ы жасалады, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың үштен бірі осында;
9) қала елеулі көші-қон жүктемесін бастан кешуде. Айталық, 2012 жылдан бері қала тұрғындары 30%-ға өсті. Тіркелмеген және "күндізгі" халықты ескерсек, көші-қонның әсері одан да жоғары. Айталық, халықтың ресми саны 1,9 млн. адам болса, емханаларға 110 мың адамға жуық артық адам тіркелген. Жоспар бойынша жедел жәрдем шақыруы 735 мың болса, нақты шығулар жыл сайын 112 мыңға артық.
Халықтың ағымдағы өсу қарқыны сақталған жағдайда 2030 жылы алматылықтардың саны 3 млн. адамға жетуі мүмкін. Негізгі қоныстандыру қаланың шеткі аудандарында болады деп күтілуде.
Осыған байланысты ең өзекті мәселе – орталық пен мегаполистің шетін дамытудағы теңгерімсіздіктерді жою. Бұл ретте іс жүзінде Алматының барлық әлеуметтік инфрақұрылымының шамамен 70% орналасқан қаланың орталығы ғана дамыған.
2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын іске асыру пайымы
Мемлекет басшысының қалалардың шеткі аудандарын дамыту жөніндегі саяси тұғырнамасын іске асыру Алматының өткір әлеуметтік проблемаларын шешу үшін аса қажет.
2020 – 2024 жылға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының өмір сүру стандарттары барлық аудандарда жоғары тұңғыш "Шеті жоқ қала" қағидатын іске асыруға бағытталған және көп орталықты жоспарланған және ыңғайлы көлігі бар.
Барлық аудандарда қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін және Алматы тұрғындары мен қонақтарының үмітін барынша ақтайтын, бірақ тарихи даралығын сақтап қалған әдемі, ыңғайлы, қауіпсіз және жайлы қалалық орта құрылатын болады.
Мақсаты мен стратегиялық міндеттері
Сын-қатерлерге жауап ретінде Мемлекет басшысының саяси платформасы негізінде басты мақсаты әлеуметтік қамтамасыз ету, инфрақұрылымның болуы, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін шешу болып табылатын 2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары әзірленді.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық міндеттерді шешу көзделеді:
1) инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту;
2) ТКШ-ны жаңғырту;
3) көп қабатты үйлер салу және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамыту;
4) абаттандыруды дамыту;
5) қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету;
6) бизнес-орта және кәсіпкерлікті дамыту.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімдері (жыл) |
Болжанатын шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері | |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1. Инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту | |||||||
Көліктік инфрақұрылым | |||||||
1 | 51-шағын ауданда жолдар салу |
пайдалануға | Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 | 1412,5 | ЖБ | |
2021 | 11500,0 | ||||||
2022 | 9400,0 | ||||||
2023 | 14400,0 | ||||||
2024 | 13500,0 | ||||||
2020 | 3511,0 | РБ | |||||
2 | "Думан" шағын ауданында жолдарды күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 71,9 | ЖБ | |
2021 | 1 000,0 | ||||||
2022 | 2 000,0 | ||||||
3 | "Қарағайлы" шағын ауданында Тәжиев көшесінде "Қарғалы" өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 238,5 | ЖБ | |
4 | Көше-жол желісін қайта жаңарту (3 жоба) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ | 2020 | 911,3 | ЖБ | |
2021 | 197,3 | ||||||
2022 | 300,0 | ||||||
2023 | 866,2 | ||||||
2024 | 991,5 | ||||||
2021 | 1973,9 | РБ | |||||
2022 | 3 000,0 | ||||||
2023 | 8139,6 | ||||||
2024 | 7999,4 | ||||||
5 | Көлік айрықтарын және бұрылу эстакадасын салу (5 жоба) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ | 2020 | 847,0 | ЖБ | |
2021 | 825,9 | ||||||
2022 | 718,5 | ||||||
2023 | 532,3 | ||||||
2024 | 2 789,0 | ||||||
2020 | 10471,6 | РБ | |||||
2021 | 7905,2 | ||||||
2022 | 7130,9 | ||||||
2023 | 5 026,9 | ||||||
2024 | 4000,0 | ||||||
6 | Көшені ұзарту (6 жоба) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ | 2020 | 444,9 | ЖБ | |
2021 | 933,1 | ||||||
2022 | 826,2 | ||||||
2023 | 1077,3 | ||||||
2020 | 6748,9 | РБ | |||||
2021 | 9662,8 | ||||||
2022 | 9008,3 | ||||||
2023 | 10515,6 | ||||||
ЖИЫНЫ | 160 877,5 | ||||||
БАРЛЫҒЫ | 160 877,5 | ||||||
2. ТКШ-ны жаңғырту | |||||||
Газдандыру | |||||||
7 | 10 білім беру объектісіне газ жүргізу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 65,0 | ЖБ | |
2021 | 1302,0 | ||||||
2022 | 209,0 | ||||||
8 | Газбен жабдықтау магистральдық желілерін салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 39,0 | ЖБ | |
2021 | 741,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 2 356,0 | ||||||
Сумен жабдықтау және су бұру | |||||||
9 | Қаланың 7 ауданында су құбыры желілерін және су бұру желілерін салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ, ИИДМ | 2020 | 11347,6 |
| |
2021 | 14914,9 | ||||||
2022 | 1060,7 | ||||||
2020 | 13194,2 |
| |||||
2021 | 16984,8 | ||||||
2022 | 8238,6 | ||||||
2023 | 250,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 65 990,8 | ||||||
Электрмен жабдықтау | |||||||
10 | Қаланың 7 ауданында аулалық сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 585,2 | ЖБ | |
2021 | 1620,0 | ||||||
2022 | 1156,9 | ||||||
2023 | 900,0 | ||||||
11 | Сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 11229,9 | ЖБ | |
12 | Қаланың 3 ауданында (Алатау, Медеу және Наурызбай) жұмыс істеп тұрған иесіз электр желілері мен жабдықтарын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 2418,6 | ЖБ | |
2021 | 500,0 | ||||||
13 | Электр желілерін салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ЭМ | 2020 | 2197,7 |
ЖБ | |
2021 | 4247,1 | ||||||
2022 | 3005,9 | ||||||
2023 | 1803,1 | ||||||
2020 | 7000,0 |
РБ | |||||
2021 | 8000,0 | ||||||
2022 | 7200,0 | ||||||
2023 | 7690,5 | ||||||
ЖИЫНЫ | 59 554,9 | ||||||
Жылумен жабдықтау | |||||||
14 | Екі қазандықты реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 197,8 | МБ | |
2021 | 100,0 | ||||||
2022 | 100,0 | ||||||
2023 | 712,5 | ||||||
2024 | 612,5 | ||||||
15 | Екі жылу желісінің учаскелерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1215,1 | ЖБ | |
16 | Екі жылу желісін салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 340,5 | ЖБ | |
2021 | 700,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 3 978,4 | ||||||
Кондоминиум объектілері | |||||||
17 | 969 бірлік лифт жабдығын ауыстыру | қабылдау-тапсыру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 2 130,0 | ЖБ | |
2021 | 2 375,0 | ||||||
2022 | 2 374,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 6 879,0 | ||||||
БАРЛЫҒЫ | 138 759,1 | ||||||
3. Көп қабатты үйлерді салу және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамыту | |||||||
Тұрғын үй объектілері | |||||||
18 | Тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1 260,3 | ЖБ | |
2020 | 5 169,9 | РБ | |||||
19 | Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу, реконструкциялау және (немесе) сатып алу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 11 524,5 |
РБ | |
2021 | 11 524,5 | ||||||
2022 | 11 524,5 | ||||||
20 | ЖАО кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 10000,0 | ЖБ | |
2021 | 8800,0 | ||||||
2022 | 8100,0 | ||||||
2023 | 8100,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 76 003,7 | ||||||
Білім беру объектілері | |||||||
21 | 4 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 2 188,0 | ЖБ | |
22 | 2 балабақша ғимараттарын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 993,0 | ЖБ | |
23 | 11 балабақша құрылысы | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 2 318,7 | ЖБ | |
2021 | 5 384,0 | ||||||
2022 | 2 770,0 | ||||||
2023 | 810,0 | ||||||
2024 | 290,0 | ||||||
24 | 18 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарымен қоса сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 2 772,4 | ЖБ | |
2021 | 8 076,5 | ||||||
2022 | 7 991,9 | ||||||
2023 | 3 587,0 | ||||||
25 | 19 мектептің құрылысы | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 | 4 978,4 | ЖБ | |
2021 | 16 575,1 | ||||||
2022 | 10 860,0 | ||||||
2023 | 8 340,0 | ||||||
2024 | 4 560,0 | ||||||
2020 | 1 900,0 | РБ | |||||
2020 | 4 695,0 | БК | |||||
2021 | 2 055,0 | ||||||
26 | Мектептердің қолданыстағы ғимараттарына 16 жапсарлас құрылыс салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 | 4 842,0 | ЖБ | |
2021 | 6 108,3 | ||||||
2022 | 1 406,7 | ||||||
2023 | 800,0 | ||||||
2020 | 900,0 | РБ | |||||
27 | 2 оқушылар сарайын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 60,0 | ЖБ | |
2021 | 100,0 | ||||||
2022 | 1 000,0 | ||||||
2023 | 2 100,0 | ||||||
2024 | 900,0 | ||||||
28 | Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі" МКҚК аумағында жатақхана салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 34,5 | ЖБ | |
2021 | 1 500,0 | ||||||
29 | "Зерделі" шағын ауданында Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы мемлекеттік қызмет көрсету саласы колледжі" КМҚК 720 орындық ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 74,88 | ЖБ | |
2023 | 1 100,0 | ||||||
2024 | 1 100,0 | ||||||
30 | "Достық" шағын ауданында № 155 мектеп ғимаратын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 40,0 | ЖБ | |
2021 | 600,0 | ||||||
2022 | 200,0 | ||||||
31 | 400 жеке балабақша ашу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1 000,0 | БК | |
2021 | 1 000,0 | ||||||
2022 | 1 000,0 | ||||||
2023 | 1 000,0 | ||||||
2024 | 1 000,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 119 011,4 | ||||||
Денсаулық сақтау объектілері | |||||||
32 | Бір ауысымда 200 адам қабылдайтын 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 | 297,3 | ЖБ | |
2021 | 2800,0 | ||||||
2022 | 2810,0 | ||||||
2023 | 4590,0 | ||||||
2022 | 2 000,0 | РБ | |||||
33 | 200 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухана салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 23 000,0 | БК | |
2021 | 54 000,0 | ||||||
2022 | 2 600,0 | ||||||
34 | ЖИТС орталығының бөлімшесі бар хоспис ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 3 000,0 | ЖБ | |
2021 | 650,0 | ||||||
35 | Әуезов ауданы, Мамыр-5, 6 шағын ауданы мекенжайында орналасқан 100 орынға арналған ЖМКО құрылысы | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 401,0 | ЖБ | |
2021 | 3 500,0 | ||||||
36 | Бостандық ауданы, Манас көшесі, 40 мекенжайы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы" ШЖҚ МКК үшін операциялық блогы бар қабылдау бөлімінің корпусын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2021 | 4 500,0 | ЖБ | |
2022 | 323,0 | ||||||
37 | 8 денсаулық сақтау объектісін қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ДСМ | 2020 | 1 165,0 | ЖБ | |
2021 | 314,3 | ||||||
2022 | 1 270,0 | ||||||
2023 | 4519,0 | ||||||
2020 | 3 028,8 | РБ | |||||
2021 | 2415,9 | ||||||
2022 | 2500,0 | ||||||
2023 | 297,3 | ||||||
38 | Денсаулық сақтау объектілеріне 2 жапсарлас құрылыс салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2021 | 2800,0 | ЖБ | |
2022 | 2810,0 | ||||||
39 | 300 төсек-орындық көпбейінді университеттік аурухана салу | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Алматы қаласының әкімдігі | 2022 | 11 586,0 | МЖӘ | |
2023 | 30 124,0 | ||||||
2024 | 18 797,0 | ||||||
40 | 1400 төсек-орынға арналған біріккен университеттік аурухана ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Алматы қаласының әкімдігі | 2022 | 29 386,0 | МЖӘ | |
2023 | 76 403,0 | ||||||
2024 | 47 676,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 333 656,3 | ||||||
Әлеуметтік әл-ауқат объектілері | |||||||
41 | "Алатау ауданының "Трудовик" шағын ауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған жедел әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы" жобасын іске асыру | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2022 | 700,0 |
ЖБ | |
2023 | 500,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 1 200,0 | ||||||
Спорт объектілері | |||||||
42 | "Алатау ауданы, Рысқұлов көшесінің солтүстігіне қарай, Момышұлы көшесінің батысына қарай мекенжайы бойынша жабық және ашық корттары бар теннис орталығын салу" жобасын іске асыру | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 800,0 | ЖБ | |
2021 | 1 320,0 | ||||||
43 | 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1 154,7 | ЖБ | |
2021 | 2 600,0 | ||||||
2022 | 900,0 | ||||||
2023 | 1 400,0 | ||||||
44 | "Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін салу (бейімдеу-жаттығу орталығы, спорт залы және жабық бассейн)" жобасын іске асыру | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1 766,7 | БК | |
2021 | 1 766,7 | ||||||
ЖИЫНЫ | 11 708,1 | ||||||
БАРЛЫҒЫ | 541 579,5 | ||||||
4. Абаттандыруды дамыту | |||||||
45 | 4 саябақ аумағын және Қарғалы өзені алқабында 1 селден қорғау бөгетін абаттандыру | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 3 757,5 | ЖБ | |
2021 | 295,8 | ||||||
46 | 5 жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1626,5 | ЖБ | |
47 | 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өтпе жолдарын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1 218,1 | ЖБ | |
48 | 18 бағдаршам объектісін салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 484,1 | ЖБ | |
2021 | 90,0 | ||||||
2022 | 120,0 | ||||||
49 | 10 реттелетін жаяу жүргіншілер өтпежолын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 11,0 | ЖБ | |
2021 | 150,0 | ||||||
2022 | 150,0 | ||||||
50 | 55 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпежолын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 33,0 | ЖБ | |
2021 | 550,0 | ||||||
2022 | 550,0 | ||||||
БАРЛЫҒЫ | 9 036,0 | ||||||
5. Қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету | |||||||
Құқық қорғау қызметі | |||||||
51 | 29 учаскелік полиция пунктін салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 990,0 | ЖБ | |
2021 | 1 670,0 | ||||||
2022 | 770,0 | ||||||
52 | 13 бірлік автомашина сатып алу | қабылдау-тапсыру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 146,4 | ЖБ | |
53 | Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне арналған спорт кешенін салу (Тайманов көшесі, 198-үй) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 15,0 | ЖБ | |
2021 | 250,0 | ||||||
54 | 3 ғимараты (уақытша ұстау оқшаулағышы, тарату орталығы, әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы қабылдау орны) бар арнайы "ЖП арнайы мекемелері" кешенінің құрылысы | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2021 | 700,0 | ЖБ | |
2022 | 300,0 | ||||||
ЖИЫНЫ | 4 841,4 | ||||||
Азаматтық қорғау | |||||||
55 | Саны 30 бірлік өрт сөндіру техникасын сатып алу | қабылдау-тапсыру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2021 | 2 463,0 | ЖБ | |
56 | Саны 57 бірлік алып жүретін және стационарлық радиостанцияларды сатып алу | қабылдау-тапсыру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2021 | 208,6 | ЖБ | |
57 | 3 өрт сөндіру депосының құрылысы (6 шығу үшін 2, 4 шығу үшін 1) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 3 418,3 | ЖБ | |
2021 | 1 300,0 | ||||||
58 | Автоматтандырылған жүйенің 21 бірлік станциясын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 564,9 | ЖБ | |
59 | Халықты оқытудың 1 симуляциялық оқу-әдістемелік орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1 313,5 | ЖБ | |
60 | Ақсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ, Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 1175,4 | РБ | |
2021 | 4404,8 | ||||||
2022 | 6777,0 | ||||||
61 | Аюсай өзенінің сел ұстайтын бөгетін салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ, Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 5040,1 | РБ | |
2021 | 918,6 | ||||||
2022 | 4213,7 | ||||||
ЖИЫНЫ | 35 568,9 | ||||||
БАРЛЫҒЫ | 40 410,3 | ||||||
4. Бизнес-орта және кәсіпкерлікті дамыту | |||||||
62 | Көрсетілетін қызметтер және сауда саласының 20 объектісін салу (халыққа қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, бизнес-орталықтар) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 22 642,0 | БК | |
63 | 6 зауыт салу (энерго-тиімді сәулет қасбеттері, полимерлік бұйымдар, болат дәнекерлеу құбырларын шығаратын) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 | 28 800,0 | БК | |
64 | 6 сауда үйінің құрылысы | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2021 | 1 600,0 | БК | |
БАРЛЫҒЫ | 53 042,0 | ||||||
КЖ бойынша барлығы | 943 704,4 |
млн.тг
Қаржыландыру көзі | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
Республикалық бюджет | 63784,1 | 69188,7 | 64269,0 | 36662,7 | 11999,4 |
Жергілікті бюджет | 84658,1 | 112979,6 | 67094,1 | 47028,4 | 24743,0 |
Басқа көздер | 60903,6 | 29421,7 | 55000,0 | 1000,0 | 1000,0 |
МЖӘ | 40972,0 | 106527,0 | 66473,0 | ||
БАРЛЫҒЫ | 209 345,8 | 211 590,0 | 227 335,1 | 191 218,1 | 104 215,4 |
Жоспарды іске асыру нәтижесінде
2024 жылы ЖӨӨ үлесі 104,9%, ШОК үлесі МСБ – 45% құрайтын болады, сондай-ақ 25,7 мың тұрақты және 22,0 мың уақытша жұмыс орындары құрылатын болады.
Ауызсумен қамтамасыз етуге 99%, газдандыруға 100%, қала шетіндегі көшелерді жарықтандыруға 100% қол жеткізіледі.
Жолдардың сапасын 95%-ға дейін жақсарту және негізгі магистральдарды жеңілдету үшін 350 км жол, 4 көлік жолайрығын, 6 көшені ұзарту, 28 бағдаршам, 55 электр жабдығы бар жаяу жүргіншілер өтпежолын және 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өтпежолын салу жоспарлануда.
Бес жыл ішінде 3 саябақ аймағы, 5 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, 194 га астам көгалдандырылады.
Әлеуметтік салада мектептер мен оларға жапсарлас құрылыс салу есебінен 50 мыңнан астам оқушы орнына тапшылық қысқарады (2 ауысым). 400 жеке мектепке дейінгі ұйым ашу, 3,1 мың орынға арналған 11 мемлекеттік балабақша салу кезектіліктің 23 мың орынға төмендеуіне алып келеді.
19 медицина объектісінің құрылысы медициналық қызмет көрсетуді және 1 млн. астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті жақсартады.
Қауіпсіздік саласында бес жыл ішінде мыналар салынады: 3 ғимараты бар (уақытша ұстау изоляторы, қабылдау бөлгіші, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орны) арнайы 1 жол полиция кешені, сондай-ақ 29 учаскелік пункт. Нәтижесінде криминогендік жағдай мен ауыр емес қылмыстардың саны орташа 22,7%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстардың саны 17,5%-ға, ауыр қылмыстардың саны 26,5%-ға төмендеуі күтілуде.
Төтенше жағдайлардың алдын алу саласында 183 мың адамды қамтитын 3 өрт сөндіру депосын салу; Ақсай, Аюсай өзендерінің шатқалдарында 2 бөгет салу жоспарлануда, бұл 35 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің 21 станциясы және халықты оқытуға арналған 1 симуляциялық оқу-әдістемелік орталық салу.
Кәсіпкерлік саласында халыққа қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, сауда кешендері, бизнес-орталықтар мен зауыттар салынады.
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
БК | - | басқа көздер | |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | |
ЖАО | - | жергілікті атқарушы орган | |
ЖБ | - | жергілікті бюджет | |
ЖИТС | - | жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы | |
ЖМКО | - | Жедел медициналық көмек орталығы | |
ЖТҚ | - | жеке тұрғын үй құрылысы | |
ЖӨӨ | - | жалпы өңірлік өнім | |
ЖІӨ | - | жалпы ішкі өнім | |
ИИДМ | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | |
КЖ | - | кешенді жоспар | |
КМҚК | - | коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын | |
КПТУ | - | көппәтерлі тұрғын үй | |
МЖӘ | - | мемлекеттік-жекешелік әріптестік | |
МКҚК | - | мемлекеттік коммуналдық-қазынашылық кәсіпорын | |
ПД | - | Полиция департаменті | |
РБ | - | республикалық бюджет | |
ТЖ | - | төтенше жағдайлар | |
ТКШ | - | тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы | |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | |
ш.км. | - | шаршы километр | |
ШЖҚ МКК | - | шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | |
ШОБ | - | шағын және орта бизнес | |
ШОК | - | шағын және орта кәсіпкерлік | |
ІІМ | - | Ішкі істер министрлігі | |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | |