"2020 - 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 667 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 667 қаулысымен.

      Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар және Алматы қаласының әкімдігі Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 23 қаулысымен
бекітілген

2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары

      Қаланы дамытудың ағымдағы жағдайын талдау

      2019 жылғы бірінші жартыжылдықта 5 358,7 млрд. теңгені құраған ЖӨӨ көлемі бойынша елдің басқа өңірлері арасында ұзақ уақыт бойы алдыңғы қатарда болған Алматы қаласы елдің аса ірі қаласы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады. Мәселен, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта республиканың ЖІӨ-дегі қаланың үлес салмағы 19,2%-ды, ағымдағы жылдың 10 айында салықтар мен төлемдер түсімдерінде – 23,5%-ды құрады.

      2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қала халқы 1 902 мың адамды құрайды, халықтың тығыздығы – 1 ш.км. 2 715,5 адам.

      Сервистік экономикасы бар қала. 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта ЖӨӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер және сауда саласының үлесі 84,6%-ды құрады. Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына барынша үлес қосып, 30,4% құрайды.      
      2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа ЖӨӨ жалпы көлеміндегі секторлардың үлес салмағы: өнеркәсіп – 5,8%, ауыл шаруашылығы – 0,06%, құрылыс – 2%, сауда – 30,4%, қаржы және сақтандыру қызметі – 8,6% көлік және қоймалау – 5,7% және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 9,8%.      
      Алматы қаласы шағын және орта кәсіпкерліктің нақты өнімдерін өндіру көлемі бойынша елдің көшбасшысы болып табылады. 2019 жылдың 6 айында ШОК өнімін шығару 3 414,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға артық.      
      Алматы қаласы республиканың білім беру орталығы болып табылады, тиісті деңгейде білім алудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру мекемелерінің дамыған желісі бар.

      Алматы қаласы – дамыған, көп деңгейлі денсаулық сақтау жүйесі бар қала. Соңғы жылдары денсаулық сақтау объектілерінің желісін амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту жағына қайта бағдарлау жүргізілді.      
      Алматы қаласы Қазақстан Республикасының ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның ірі қаржы және экономикалық орталығы, сондай-ақ ауқымды еңбек нарығы бола отырып, бизнес үшін, сол сияқты заңсыз көші-қон мен криминалдық жағдайлар үшін тартымды болып қала береді.

      2019 жылғы 10 айда республика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 24,1%-ы Алматы қаласының үлесіне келеді – 46 528, республика бойынша – 192 764.      
      Алматы қаласы аумағындағы жедел жағдайды талдай отырып, соңғы жылдары криминогендік жағдайдың тұрақтанғанын байқауға болады.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу саласында 2014 – 2018 жылдары су тасқындары мен топан суларға, селдерге, көшкіндерге, жер сілкіністеріне, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 48,5%-дан 56%-ға дейін артты.     
      ТЖ алдын алу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі бойынша қызмет техногендік авариялардан, апаттардан және табиғи апаттардан болатын қауіп-қатерлерді азайту және залалды азайту бойынша жағдай жасау мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Сел қаупінің автоматтандырылған мониторингін жасау бойынша "Smart-city" ақылды қаласын цифрландыру және құру шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.

      Соңғы 10 жылда қалаға жаңа аумақтардың қосылуы нәтижесінде қаланың ауданы 2 еседен астам өсті. Бұл ретте жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігі күрт өсті. Аса өткір инфрақұрылымдық проблемалардың арасында мыналарды атап өту қажет:      

      1) инженерлік желілердің тозуы 60%-дан асады;

      2) орталық сумен жабдықтау және су бұру Наурызбай, Алатау, Медеу, Түрксіб, Бостандық және Жетісу аудандарының 23 шағын ауданында жоқ;

      3) қала көшелерінің 30% жарықтандырылмаған немесе жартылай жарықтандырылған (аумақтары қосылған Наурызбай, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарында 40%-ға жуық көше жарықтандырылмаған);

      4) қалада, негізінен "Жаңа Алматыда" 3 мың км. астам көше-жол желісінің 30%-ы нашар жағдайда;

      5) аудандардың бір бөлігі, ең алдымен, Түрксіб, Жетісу, Әуезов – тұрғын үймен және мектептермен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз ("Жаңа Алматыдағы" мектептермен қамтамасыз етілу 1,5 есе төмен);

      6) тұрғын үй саясатындағы елеулі теңгерімсіздік (6 жыл ішінде Алматыда көппәтерлі үйлердің жалпы саны 13%-ға, ал ЖТҚ саны – 2 еседен астам өсті, субурбанизация орын алып отыр – қала жайылып барады және инфрақұрылымға жұмсалатын шығыстар өсуде);

      7) Алматы қаласында елдегі ең ірі тұрғын үй қоры – 8,4 мың КПТҮ (бұл ретте 24,5 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр (өткен жылдан 10%-ға өсті), қолжетімді жайлы тұрғын үй жеткіліксіз (қала тұрғындарының 80%-дан астамының ипотекаға жайлы тұрғын үй алуға мүмкіндігі жоқ));

      8) Алматы қаласында ел халқының тек 10% ғана тұрады, бірақ республика бойынша қылмыстың 20%-ы жасалады, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың үштен бірі осында;

      9) қала елеулі көші-қон жүктемесін бастан кешуде. Айталық, 2012 жылдан бері қала тұрғындары 30%-ға өсті. Тіркелмеген және "күндізгі" халықты ескерсек, көші-қонның әсері одан да жоғары. Айталық, халықтың ресми саны 1,9 млн. адам болса, емханаларға 110 мың адамға жуық артық адам тіркелген. Жоспар бойынша жедел жәрдем шақыруы 735 мың болса, нақты шығулар жыл сайын 112 мыңға артық.     

      Халықтың ағымдағы өсу қарқыны сақталған жағдайда 2030 жылы алматылықтардың саны 3 млн. адамға жетуі мүмкін. Негізгі қоныстандыру қаланың шеткі аудандарында болады деп күтілуде.

      Осыған байланысты ең өзекті мәселе – орталық пен мегаполистің шетін дамытудағы теңгерімсіздіктерді жою. Бұл ретте іс жүзінде Алматының барлық әлеуметтік инфрақұрылымының шамамен 70% орналасқан қаланың орталығы ғана дамыған.

      2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын іске асыру пайымы

      Мемлекет басшысының қалалардың шеткі аудандарын дамыту жөніндегі саяси тұғырнамасын іске асыру Алматының өткір әлеуметтік проблемаларын шешу үшін аса қажет.

      2020 – 2024 жылға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының өмір сүру стандарттары барлық аудандарда жоғары тұңғыш "Шеті жоқ қала" қағидатын іске асыруға бағытталған және көп орталықты жоспарланған және ыңғайлы көлігі бар.

      Барлық аудандарда қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін және Алматы тұрғындары мен қонақтарының үмітін барынша ақтайтын, бірақ тарихи даралығын сақтап қалған әдемі, ыңғайлы, қауіпсіз және жайлы қалалық орта құрылатын болады.

      Мақсаты мен стратегиялық міндеттері

      Сын-қатерлерге жауап ретінде Мемлекет басшысының саяси платформасы негізінде басты мақсаты әлеуметтік қамтамасыз ету, инфрақұрылымның болуы, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін шешу болып табылатын 2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары әзірленді.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық міндеттерді шешу көзделеді:

      1) инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту;

      2) ТКШ-ны жаңғырту;

      3) көп қабатты үйлер салу және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамыту;

      4) абаттандыруды дамыту;

      5) қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету;

      6) бизнес-орта және кәсіпкерлікті дамыту.


Р/с
Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімдері
(жыл)
Болжанатын шығыстар
(млн. теңге)
Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7

1. Инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту

Көліктік инфрақұрылым

1

51-шағын ауданда жолдар салу

пайдалануға
беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ

2020

1412,5

ЖБ

2021

11500,0

2022

9400,0

2023

14400,0

2024

13500,0

2020

3511,0

РБ

2

"Думан" шағын ауданында жолдарды күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

71,9

ЖБ

2021

1 000,0

2022

2 000,0

3

"Қарағайлы" шағын ауданында Тәжиев көшесінде "Қарғалы" өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

238,5

ЖБ

4

Көше-жол желісін қайта жаңарту (3 жоба)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ

2020

911,3

ЖБ

2021

197,3

2022

300,0

2023

866,2

2024

991,5

2021

1973,9

РБ

2022

3 000,0

2023

8139,6

2024

7999,4

5

Көлік айрықтарын және бұрылу эстакадасын салу (5 жоба)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ

2020

847,0

ЖБ

2021

825,9

2022

718,5

2023

532,3

2024

2 789,0

2020

10471,6

РБ

2021

7905,2

2022

7130,9

2023

5 026,9

2024

4000,0

6

Көшені ұзарту (6 жоба)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ

2020

444,9

ЖБ

2021

933,1

2022

826,2

2023

1077,3

2020

6748,9

РБ

2021

9662,8

2022

9008,3

2023

10515,6

ЖИЫНЫ




160 877,5


БАРЛЫҒЫ




160 877,5


2. ТКШ-ны жаңғырту

Газдандыру

7

10 білім беру объектісіне газ жүргізу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

65,0

ЖБ

2021

1302,0

2022

209,0

8

Газбен жабдықтау магистральдық желілерін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

39,0

ЖБ

2021

741,0

ЖИЫНЫ




2 356,0


Сумен жабдықтау және су бұру

9

Қаланың 7 ауданында су құбыры желілерін және су бұру желілерін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ, ИИДМ

2020

11347,6

 
ЖБ
 

2021

14914,9

2022

1060,7

2020

13194,2

 
РБ
 
 

2021

16984,8

2022

8238,6

2023

250,0

ЖИЫНЫ




65 990,8


Электрмен жабдықтау

10

Қаланың 7 ауданында аулалық сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

585,2

ЖБ

2021

1620,0

2022

1156,9

2023

900,0

11

Сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

11229,9

ЖБ

12

Қаланың 3 ауданында (Алатау, Медеу және Наурызбай) жұмыс істеп тұрған иесіз электр желілері мен жабдықтарын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

2418,6

ЖБ

2021

500,0

13

Электр желілерін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ЭМ

2020

2197,7

ЖБ
 

2021

4247,1

2022

3005,9

2023

1803,1

2020

7000,0

РБ
 

2021

8000,0

2022

7200,0





2023

7690,5

ЖИЫНЫ




59 554,9


Жылумен жабдықтау

14

Екі қазандықты реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

197,8

МБ

2021

100,0

2022

100,0

2023

712,5

2024

612,5

15

Екі жылу желісінің учаскелерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1215,1

ЖБ

16

Екі жылу желісін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

340,5

ЖБ

2021

700,0

ЖИЫНЫ




3 978,4


Кондоминиум объектілері

17

969 бірлік лифт жабдығын ауыстыру

қабылдау-тапсыру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

2 130,0

ЖБ

2021

2 375,0

2022

2 374,0

ЖИЫНЫ




6 879,0


БАРЛЫҒЫ




138 759,1


3. Көп қабатты үйлерді салу және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамыту

Тұрғын үй объектілері

18

Тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Алматы қаласының әкімдігі

2020

1 260,3

ЖБ

2020

5 169,9

РБ

19

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу, реконструкциялау және (немесе) сатып алу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Алматы қаласының әкімдігі

2020

11 524,5

РБ
 

2021

11 524,5

2022

11 524,5

20

ЖАО кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

10000,0

ЖБ

2021

8800,0

2022

8100,0

2023

8100,0

ЖИЫНЫ




76 003,7


Білім беру объектілері

21

4 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

2 188,0

ЖБ

22

2 балабақша ғимараттарын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

993,0

ЖБ

23

11 балабақша құрылысы

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

2 318,7

ЖБ

2021

5 384,0

2022

2 770,0

2023

810,0

2024

290,0

24

18 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарымен қоса сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

2 772,4

ЖБ

2021

8 076,5

2022

7 991,9

2023

3 587,0

25

19 мектептің құрылысы

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ

2020

4 978,4

ЖБ

2021

16 575,1

2022

10 860,0

2023

8 340,0

2024

4 560,0

2020

1 900,0

РБ

2020

4 695,0

БК

2021

2 055,0

26

Мектептердің қолданыстағы ғимараттарына 16 жапсарлас құрылыс салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ

2020

4 842,0

ЖБ

2021

6 108,3

2022

1 406,7

2023

800,0

2020

900,0

РБ

27

2 оқушылар сарайын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

60,0

ЖБ

2021

100,0

2022

1 000,0

2023

2 100,0

2024

900,0

28

Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі" МКҚК аумағында жатақхана салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

34,5

ЖБ

2021

1 500,0

29

"Зерделі" шағын ауданында Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы мемлекеттік қызмет көрсету саласы колледжі" КМҚК 720 орындық ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

74,88

ЖБ

2023

1 100,0

2024

1 100,0

30

"Достық" шағын ауданында № 155 мектеп ғимаратын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

40,0

ЖБ

2021

600,0

2022

200,0

31

400 жеке балабақша ашу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1 000,0

БК

2021

1 000,0

2022

1 000,0

2023

1 000,0

2024

1 000,0

ЖИЫНЫ




119 011,4


Денсаулық сақтау объектілері

32

Бір ауысымда 200 адам қабылдайтын 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ

2020

297,3

ЖБ

2021

2800,0

2022

2810,0

2023

4590,0

2022

2 000,0

РБ

33

200 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухана салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

23 000,0

БК

2021

54 000,0

2022

2 600,0

34

ЖИТС орталығының бөлімшесі бар хоспис ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

3 000,0

ЖБ

2021

650,0

35

Әуезов ауданы, Мамыр-5, 6 шағын ауданы мекенжайында орналасқан 100 орынға арналған ЖМКО құрылысы

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

401,0

ЖБ

2021

3 500,0

36

Бостандық ауданы, Манас көшесі, 40 мекенжайы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы" ШЖҚ МКК үшін операциялық блогы бар қабылдау бөлімінің корпусын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2021

4 500,0

ЖБ

2022

323,0

37

8 денсаулық сақтау объектісін қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ДСМ

2020

1 165,0

ЖБ

2021

314,3

2022

1 270,0

2023

4519,0

2020

3 028,8

РБ

2021

2415,9

2022

2500,0

2023

297,3

38

Денсаулық сақтау объектілеріне 2 жапсарлас құрылыс салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2021

2800,0

ЖБ

2022

2810,0

39

300 төсек-орындық көпбейінді университеттік аурухана салу

пайдалануға беру актісі

ДСМ, Алматы қаласының әкімдігі

2022

11 586,0

МЖӘ

2023

30 124,0

2024

18 797,0

40

1400 төсек-орынға арналған біріккен университеттік аурухана ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

ДСМ, Алматы қаласының әкімдігі

2022

29 386,0

МЖӘ

2023

76 403,0

2024

47 676,0

ЖИЫНЫ




333 656,3


Әлеуметтік әл-ауқат объектілері

41

"Алатау ауданының "Трудовик" шағын ауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған жедел әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы" жобасын іске асыру

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2022

700,0

ЖБ
 

2023

500,0

ЖИЫНЫ




1 200,0


Спорт объектілері

42

"Алатау ауданы, Рысқұлов көшесінің солтүстігіне қарай, Момышұлы көшесінің батысына қарай мекенжайы бойынша жабық және ашық корттары бар теннис орталығын салу" жобасын іске асыру

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

800,0

ЖБ

2021

1 320,0

43

4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1 154,7

ЖБ

2021

2 600,0

2022

900,0

2023

1 400,0

44

"Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін салу (бейімдеу-жаттығу орталығы, спорт залы және жабық бассейн)" жобасын іске асыру

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1 766,7

БК

2021

1 766,7

ЖИЫНЫ




11 708,1


БАРЛЫҒЫ




541 579,5


4. Абаттандыруды дамыту

45

4 саябақ аумағын және Қарғалы өзені алқабында 1 селден қорғау бөгетін абаттандыру

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

3 757,5

ЖБ

2021

295,8

46

5 жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1626,5

ЖБ

47

8 жерүсті жаяу жүргіншілер өтпе жолдарын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1 218,1

ЖБ

48

18 бағдаршам объектісін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

484,1

ЖБ

2021

90,0

2022

120,0

49

10 реттелетін жаяу жүргіншілер өтпежолын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

11,0

ЖБ

2021

150,0

2022

150,0

50

55 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпежолын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

33,0

ЖБ

2021

550,0

2022

550,0

БАРЛЫҒЫ




9 036,0


5. Қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету

Құқық қорғау қызметі

51

29 учаскелік полиция пунктін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

990,0

ЖБ

2021

1 670,0

2022

770,0

52

13 бірлік автомашина сатып алу

қабылдау-тапсыру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

146,4

ЖБ

53

Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне арналған спорт кешенін салу (Тайманов көшесі, 198-үй)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

15,0

ЖБ

2021

250,0

54

3 ғимараты (уақытша ұстау оқшаулағышы, тарату орталығы, әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы қабылдау орны) бар арнайы "ЖП арнайы мекемелері" кешенінің құрылысы

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2021

700,0

ЖБ

2022

300,0

ЖИЫНЫ




4 841,4


Азаматтық қорғау

55

Саны 30 бірлік өрт сөндіру техникасын сатып алу

қабылдау-тапсыру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2021

2 463,0

ЖБ

56

Саны 57 бірлік алып жүретін және стационарлық радиостанцияларды сатып алу

қабылдау-тапсыру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2021

208,6

ЖБ

57

3 өрт сөндіру депосының құрылысы (6 шығу үшін 2, 4 шығу үшін 1)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

3 418,3

ЖБ

2021

1 300,0

58

Автоматтандырылған жүйенің 21 бірлік станциясын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

564,9

ЖБ

59

Халықты оқытудың 1 симуляциялық оқу-әдістемелік орталығын салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

1 313,5

ЖБ

60

Ақсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет салу

пайдалануға беру актісі

ІІМ, Алматы қаласының әкімдігі

2020

1175,4

РБ

2021

4404,8

2022

6777,0

61

Аюсай өзенінің сел ұстайтын бөгетін салу

пайдалануға беру актісі

ІІМ, Алматы қаласының әкімдігі

2020

5040,1

РБ

2021

918,6

2022

4213,7

ЖИЫНЫ




35 568,9


БАРЛЫҒЫ


40 410,3


4. Бизнес-орта және кәсіпкерлікті дамыту

62

Көрсетілетін қызметтер және сауда саласының 20 объектісін салу (халыққа қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, бизнес-орталықтар)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

22 642,0

БК

63

6 зауыт салу (энерго-тиімді сәулет қасбеттері, полимерлік бұйымдар, болат дәнекерлеу құбырларын шығаратын)

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2020

28 800,0

БК

64

6 сауда үйінің құрылысы

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2021

1 600,0

БК

БАРЛЫҒЫ


53 042,0


КЖ бойынша барлығы


943 704,4


      млн.тг

Қаржыландыру көзі

2020

2021

2022

2023

2024

Республикалық бюджет

63784,1

69188,7

64269,0

36662,7

11999,4

Жергілікті бюджет

84658,1

112979,6

67094,1

47028,4

24743,0

Басқа көздер

60903,6

29421,7

55000,0

1000,0

1000,0

МЖӘ



40972,0

106527,0

66473,0

БАРЛЫҒЫ

209 345,8

211 590,0

227 335,1

191 218,1

104 215,4


      Жоспарды іске асыру нәтижесінде

      2024 жылы ЖӨӨ үлесі 104,9%, ШОК үлесі МСБ – 45% құрайтын болады, сондай-ақ 25,7 мың тұрақты және 22,0 мың уақытша жұмыс орындары құрылатын болады.

      Ауызсумен қамтамасыз етуге 99%, газдандыруға 100%, қала шетіндегі көшелерді жарықтандыруға 100% қол жеткізіледі.

      Жолдардың сапасын 95%-ға дейін жақсарту және негізгі магистральдарды жеңілдету үшін 350 км жол, 4 көлік жолайрығын, 6 көшені ұзарту, 28 бағдаршам, 55 электр жабдығы бар жаяу жүргіншілер өтпежолын және 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өтпежолын салу жоспарлануда.

      Бес жыл ішінде 3 саябақ аймағы, 5 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, 194 га астам көгалдандырылады.

      Әлеуметтік салада мектептер мен оларға жапсарлас құрылыс салу есебінен 50 мыңнан астам оқушы орнына тапшылық қысқарады (2 ауысым). 400 жеке мектепке дейінгі ұйым ашу, 3,1 мың орынға арналған 11 мемлекеттік балабақша салу кезектіліктің 23 мың орынға төмендеуіне алып келеді.

      19 медицина объектісінің құрылысы медициналық қызмет көрсетуді және 1 млн. астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті жақсартады.

      Қауіпсіздік саласында бес жыл ішінде мыналар салынады: 3 ғимараты бар (уақытша ұстау изоляторы, қабылдау бөлгіші, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орны) арнайы 1 жол полиция кешені, сондай-ақ 29 учаскелік пункт. Нәтижесінде криминогендік жағдай мен ауыр емес қылмыстардың саны орташа 22,7%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстардың саны 17,5%-ға, ауыр қылмыстардың саны 26,5%-ға төмендеуі күтілуде.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу саласында 183 мың адамды қамтитын 3 өрт сөндіру депосын салу; Ақсай, Аюсай өзендерінің шатқалдарында 2 бөгет салу жоспарлануда, бұл 35 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің 21 станциясы және халықты оқытуға арналған 1 симуляциялық оқу-әдістемелік орталық салу.

      Кәсіпкерлік саласында халыққа қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, сауда кешендері, бизнес-орталықтар мен зауыттар салынады.      

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:


БК

-

басқа көздер

ДСМ

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ЖАО

-

жергілікті атқарушы орган

ЖБ

-

жергілікті бюджет

ЖИТС

-

жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы

ЖМКО

-

Жедел медициналық көмек орталығы

ЖТҚ

-

жеке тұрғын үй құрылысы

ЖӨӨ

-

жалпы өңірлік өнім

ЖІӨ

-

жалпы ішкі өнім

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

КЖ

-

кешенді жоспар

КМҚК

-

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

КПТУ

-

көппәтерлі тұрғын үй

МЖӘ

-

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МКҚК

-

мемлекеттік коммуналдық-қазынашылық кәсіпорын

ПД

-

Полиция департаменті

РБ

-

республикалық бюджет

ТЖ

-

төтенше жағдайлар

ТКШ

-

тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ш.км.

-

шаршы километр

ШЖҚ МКК

-

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

ШОБ

-

шағын және орта бизнес

ШОК

-

шағын және орта кәсіпкерлік

ІІМ

-

Ішкі істер министрлігі

ЭМ

-

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады