"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.02.2024 № 143 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |