"QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 143 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 270 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады