Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 468 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 27 шілде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзімде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кейіннен бөлшек сауда желісінде өткізу үшін көтерме саудада сатып алу бойынша өкілеттіктер берілсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |