"СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 468 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 507 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 468 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 27 шілде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзімде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кейіннен бөлшек сауда желісінде өткізу үшін көтерме саудада сатып алу бойынша өкілеттіктер берілсін".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады