2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Ұлттық қауіпсіздік туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзімде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кейіннен бөлшек сауда желісінде өткізу үшін көтерме саудада сатып алу бойынша өкілеттіктер берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.08.2020 № 507 қаулысымен.1-1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстеме бағасы сатып алу бағасының 6 % -і мөлшерінде айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.10.2020 № 699 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |