Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 және "Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 638 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 512 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 320-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларында:

      7-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган;";

      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган;

      7-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган;";

      "8-1) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;

      8-2) жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. МЭАҚ-та материалдар мен құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бағыттар бойынша топтастырылады.";

      2) "Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 1, 7-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларына:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қоршаған ортаны қорғау, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті орган:

      1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;

      2) өндіру және тұтыну қалдықтарын басқару;

      3) парниктiк газдардың және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;

      4) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi;

      5) жойылуы қиын органикалық ластауыштар;

      6) мемлекеттік экологиялық бақылау;

      7) мемлекеттік экологиялық сараптама;

      8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;

      9) міндетті экологиялық аудит;

      10) міндетті экологиялық сақтандыру;

      11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөнінде ақпарат дайындауды ұйымдастырады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган:

      1) электр энергиясын өндіру мен тұтыну және олардың серпінін талдау;

      2) электр станциялары отынының шығыны;

      3) энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      9-2. Атом энергиясы саласындағы уәкілетті орган су пайдалану объектілері мен әуе кеңістігі мониторингі бойынша деректерді қоса алғанда, бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағын радиоэкологиялық зерттеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      9-3. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ақпаратты ұсынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган:

      1) республиканың минералдық-шикізат базасының жай-күйі және негізгі проблемалары;

      2) жерасты суларын есепке алу;

      3) жер қойнауын зерттеу саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:

      1) республикадағы көмірсутектер саласының жай-күйі мен негізгі проблемалары;

      2) көмірсутектерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары туралы ақпаратты ұсынады.

      15-2. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган:

      1) республикадағы уранның жай-күйі мен негізгі проблемалары;

      2) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылау туралы ақпаратты ұсынады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) жер ресурстары;

      2) жерлерді алып қою;

      3) қалдықтар: қалдықтар түзілуінің негізгі көздері және олардың қысқаша сипаттамасы; жинақталған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі (өнеркәсіп саласы, қалдық түрі); жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі; қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу; қалдықтарды полигондарда орналастыру; қалдықтарды санитариялық сақтау; халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және шығарумен қамту; тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды енгізу;

      4) 2, 3, 4-санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама;

      5) 2, 3, 4-санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;

      6) өңірлерді газдандыру жөніндегі ақпаратты ұсынады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 13 октября 2016 года № 589 "Об утверждении Правил ведения Государственного фонда экологической информации" и от 24 января 2017 года № 13 "Об утверждении Правил предоставления информации центральными государственными органами и местными исполнительными органами для составления Национального доклада о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 638. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 512.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.07.2022 № 512 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 октября 2016 года № 589 "Об утверждении Правил ведения Государственного фонда экологической информации" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 50, ст. 320):

      в Правилах ведения Государственного фонда экологической информации, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 7:

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) уполномоченный орган по изучению недр;";

      дополнить подпунктами 7-1), 7-2), 8-1) и 8-2) следующего содержания:

      "7-1) уполномоченный орган в области углеводородов;

      7-2) уполномоченный орган в области добычи урана;";

      "8-1) уполномоченный орган в области электроэнергетики;

      8-2) уполномоченный орган в области развития возобновляемых источников энергии;";

      подпункт 16) изложить в следующей редакции:

      "16) местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Материалы и документы в ГФЭИ группируются по направлениям в соответствии с пунктом 14 настоящих Правил.";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 января 2017 года № 13 "Об утверждении Правил предоставления информации центральными государственными органами и местными исполнительными органами для составления Национального доклада о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 1, ст. 7):

      в Правилах предоставления информации центральными государственными органами и местными исполнительными органами для составления Национального доклада о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Уполномоченный орган в сферах охраны окружающей среды, развития "зеленой экономики", обращения с отходами (за исключением коммунальных, медицинских и радиоактивных отходов), охраны, контроля и надзора за рациональным использованием природных ресурсов организует подготовку информации по:

      1) мониторингу состояния окружающей среды;

      2) управлению отходами производства и потребления;

      3) мониторингу парниковых газов и потребления озоноразрушающих веществ;

      4) мониторингу климата и озонового слоя Земли;

      5) стойким органическим загрязнителям;

      6) государственному экологическому контролю;

      7) государственной экологической экспертизе;

      8) разрешениям на эмиссии в окружающую среду;

      9) обязательному экологическому аудиту;

      10) обязательному экологическому страхованию;

      11) международному сотрудничеству в области охраны окружающей среды;

      12) научным исследованиям в области охраны окружающей среды.";

      дополнить пунктами 9-1, 9-2 и 9-3 следующего содержания:

      "9-1. Уполномоченный орган в области электроэнергетики предоставляет информацию по:

      1) производству и потреблению электроэнергии и анализу их динамики;

      2) расходу топлива электростанций;

      3) снижению энергоемкости.

      9-2. Уполномоченный орган в области атомной энергии предоставляет информацию по радиоэкологическому обследованию территории бывшего Семипалатинского испытательного полигона, включая данные по мониторингу объектов водопользования и воздушной среды.

      9-3. Уполномоченный орган в области развития возобновляемых источников энергии предоставляет информацию по возобновляемым источникам энергии.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Уполномоченный орган по изучению недр предоставляет информацию:

      1) о состоянии и основных проблемах минерально-сырьевой базы республики;

      2) по учету подземных вод;

      3) по контролю в области изучения недр.";

      дополнить пунктами 15-1 и 15-2 следующего содержания:

      "15-1. Уполномоченный орган в области углеводородов предоставляет информацию о (об):

      1) состоянии и основных проблемах в области углеводородов в республике;

      2) осуществлении государственного контроля в области проведения операций по разведке и (или) добыче углеводородов;

      3) национальном плане обеспечения готовности и действий к ликвидации разливов нефти на море, внутренних водоемах и в предохранительной зоне Республики Казахстан.

      15-2. Уполномоченный орган в области добычи урана предоставляет информацию о (об):

      1) состоянии и основных проблемах урана в республике;

      2) государственном контроле в области проведения операций по добыче урана.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы предоставляют информацию по:

      1) земельным ресурсам;

      2) изъятию земель;

      3) отходам: основные источники образования отходов и их краткая характеристика; объем накопленных промышленных отходов (отрасль промышленности, вид отхода); объем накопленных коммунальных отходов, утилизация, переработка отходов, размещение отходов на полигонах; санитарное хранение отходов; охват населения услугами по сбору и транспортировке твердых бытовых отходов; внедрение раздельного сбора твердых бытовых отходов;

      4) государственной экологической экспертизе объектов 2, 3, 4-й категорий;

      5) разрешениям на эмиссии в окружающую среду для объектов 2, 3, 4-й категорий;

      6) газификации регионов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин