"Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 141 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 590-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      4) азаматтығы жоқ адам куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      5) босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      6) жол жүру құжатының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес жол жүру құжатының үлгісімен және оны қорғауға қойылатын талаптармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 141 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен
бекітілген

      1. Жол жүру құжатының үлгісі

      1. Жол жүру құжаты машина оқи алатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Жол жүру құжаты мөлшері 88x125 мм, бұрышы жұмырланған кітапша болып табылады және мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтар мен 18 парақтан (36 бет) тұрады (№ 1-сурет).

      3. Жол жүру құжатының мұқабасы қара көк түсті.

      Жол жүру құжатының алдыңғы мұқабасының сыртқы жағында:

      жоғарғы бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ҚАЗАҚСТАН

      РЕСПУБЛИКАСЫ

      REPUBLIC OF

      KAZAKHSTAN" деген жазу орналасқан.

      Ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ

      (1951 жылғы 28 шілдедегі Конвенция)

      TRAVEL DOCUMENT

      (Convention of 28 July 1951)" деген жазу бар.

      Төменгі бөлігінде – жол жүру құжатында электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі.

      Мұқабаның жоғарғы сол және төменгі оң жақтағы бұрыштарында екі диагональ жолақ бар.

      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, диагональ жолақтар және арнайы белгі алтын түстес фольгамен бедерленіп жасалған.

      4. Жол жүру құжатының алдыңғы форзацында (№ 2-сурет):

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек элементтері бар өрнек;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында тігінен жол жүру құжатының нөмірі орналасқан.

      5. Жол жүру құжатының 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 2-сурет):

      "1. Осы құжат иесіне ұлттық паспорттың орнына қолдануға болатын осындай құжатты беру мақсатында ғана берілді. Бұл құжат иесіне зиян келтірмейді және оның азаматтығын ешқандай түрде қозғамайды.

      This document is issued solely with a view to providing the holder with a travel document which can serve in lieu of a national passport. It is without prejudice to and in no way affects the holder’s nationality.

      2. Реадмиссияға және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберуге жататын адамдарды қоспағанда, құжат иесінің осы құжатта көрсетілген қолданыс мерзімі кезеңінде Қазақстан Республикасына қайтып оралуға рұқсаты болады.

      The holder is authorized to return to the Republic of Kazakhstan within the period of validity specified in this document with the exception of persons subject to readmission and expulsion from the Republic of Kazakhstan.

      3. Егер құжат иесі осы құжатты берген елде тұрмаса, қайтадан саяхаттағысы келсе, ол жаңа құжат алу үшін өзі тұрып жатқан елдің құзыретті билік органдарына жүгінуге тиіс.

      Should the holder take up residence in a country other than that which issued the present document, he must, if he wishes to travel again, apply to the competent authorities of his country of residence for a new document." деген жазу орналасқан.".

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2021 № 741 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Жол жүру құжатының 2-беті жол жүру құжаты иесінің фотосуретін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 3-сурет):

      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі – көрінетін аймақ, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:

      ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ/ ТҮРІ/TYPE МЕМЛЕКЕТ КОДЫ/CODE OF STATE ҚҰЖАТТЫҢ №/DOCUMENT №

      TRAVEL DOCUMENT

      ТЕГІ / SURNAME

      АТЫ / GIVEN NAMES

      ФОТО АЗАМАТТЫҒЫ / NATIONALITY ЖЫНЫСЫ / SEX ЖСН / ID №

      35х45 мм ТУҒАН КҮНІ / DATE OF BIRTH ТУҒАН ЖЕРІ / PLACE OF BIRTH

      БЕРІЛГЕН КҮНІ / DATE OF ISSUE

      ҚҰЖАТ МЕРЗІМІ / DATE OF EXPIRY ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATUREOF BEARER

      БЕРГЕН ОРГАН / AUTHORITY

      беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған, әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.

      7. Жол жүру құжатының 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер жол жүру құжатының келесі бос бетіне жасалады. Жол жүру құжатының 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "МӘЛІМЕТ / OBSERVATIONS" деген жазу орналасқан (№ 4-сурет).

      8. Жол жүру құжатының 4-36-беттері визаларды орналастыруға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "ВИЗАЛАР / VISAS" деген жазу орналасқан (№ 5-сурет).

      9. Жол жүру құжатының артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 6 сурет):

      "ОСЫ ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ 36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ THIS TRAVEL DOCUMENT CONTAINS 36 PAGES" деген жазу орналасқан.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2021 № 741 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Әріптік-цифрлық тоғыз нышаннан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын жол жүру құжатының нөмірі жол жүру құжатының барлық беттерінде, алдыңғы және артқы форзацтарында және артқы мұқабасында басылған.

      11. Жол жүру құжаты беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.

      № 1-сурет. Мұқаба.




      № 2 сурет. Алдыңғы форзац




      № 3 сурет




      № 4 сурет




      № 5 сурет. 4-36-беттер




      № 6. Артқы форзац




      2. Жол жүру құжатын қорғауға қойылатын талаптар

      1. Жол жүру құжатының мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында жол жүру құжатының иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.

      Жадысының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада жол жүру құжатының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақталады.

      2. Жол жүру құжатының 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары қанықтығын және жоғары дәлдігін сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін голографиялық қатпарлы мөлдір материалдан тұратын ламинаттаушы арнайы пленкамен қорғалады.

      3. Жол жүру құжатында жазулардың сақталуын арттыру немесе жол жүру құжатын және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2013 года № 684 "Об утверждении образцов паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, удостоверения беженца и требований к их защите"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2021 года № 141. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 758.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 758 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2022.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2013 года № 684 "Об утверждении образцов паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, удостоверения беженца и требований к их защите" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 40, ст. 590) следующие изменения и дополнение:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении образцов паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, удостоверения беженца, проездного документа и требований к их защите";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые:

      1) образец паспорта гражданина Республики Казахстан и требования к его защите;

      2) образец удостоверения личности гражданина Республики Казахстан и требования к его защите;

      3) образец вида на жительство иностранца в Республике Казахстан и требования к его защите;

      4) образец удостоверения лица без гражданства и требования к его защите;

      5) образец удостоверения беженца и требования к его защите;

      6) образец проездного документа и требования к его защите.";

      дополнить образцом проездного документа и требованиями к его защите согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 17 марта 2021 года № 141
  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 июля 2013 года № 684

      1. Образец проездного документа

      1. Проездной документ изготавливается в соответствии с международными требованиями и стандартами, предъявляемыми к машиночитаемым проездным документам.

      2. Проездной документ представляет собой брошюру размером 88x125 мм с округленными углами и состоит из обложки, приклеенных к обложке форзацев и 18 листов (36 страниц) (рис. № 1).

      3. Обложка проездного документа темно-синего цвета.

      На внешней стороне передней обложки проездного документа размещены:

      в верхней части – надпись на казахском и английском языках:

      "ҚАЗАҚСТАН

      РЕСПУБЛИКАСЫ

      REPUBLIC OF

      KAZAKHSTAN".

      В центре расположен Государственный Герб Республики Казахстан.

      Под Государственным Гербом Республики Казахстан – надпись на казахском и английском языках:

      "ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ

      (1951 жылғы 28 шілдедегі Конвенция)

      TRAVEL DOCUMENT

      (Convention of 28 July 1951)".

      В нижней части – специальный знак, указывающий на наличие в проездном документе электронного носителя информации.

      В верхнем левом и нижнем правом углах обложки нанесены две диагональные полосы.

      Надписи, изображение Государственного Герба Республики Казахстан, диагональные полосы и специальный знак выполняются тиснением фольгой золотистого цвета.

      4. На переднем форзаце проездного документа размещены (рис. № 2):

      в центре – Государственный Герб Республики Казахстан;

      под Государственным Гербом Республики Казахстан – узор с элементами национального орнамента;

      слева от Государственного Герба Республики Казахстан по вертикали – номер проездного документа.

      5. На странице 1 проездного документа размещена надпись на казахском и английском языках (рис. № 2):

      "1. Осы құжат иесіне ұлттық паспорттың орнына қолдануға болатын осындай құжатты беру мақсатында ғана берілді. Бұл құжат иесіне зиян келтірмейді және оның азаматтығын ешқандай түрде қозғамайды.

      This document is issued solely with a view to providing the holder with a travel document which can serve in lieu of a national passport. It is without prejudice to and in no way affects the holder’s nationality.

      2. Реадмиссияға және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберуге жататын адамдарды қоспағанда, құжат иесінің осы құжатта көрсетілген қолданыс мерзімі кезеңінде Қазақстан Республикасына қайтып оралуға рұқсаты болады.

      The holder is authorized to return to the Republic of Kazakhstan within the period of validity specified in this document with the exception of persons subject to readmission and expulsion from the Republic of Kazakhstan.

      3. Егер құжат иесі осы құжатты берген елде орналаспаса, ол қайтадан саяхаттағысы келсе, ол жаңа құжат алу үшін өзі тұрып жатқан елдің құзыретті билік органдарына жүгінуге тиіс.

      Should the holder take up residence in a country other than that which issued the present document, he must, if he wishes to travel again, apply to the competent authorities of his country of residence for a new document.".

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 14.10.2021 № 741 (вводится в действие с 01.01.2022).

      6. Страница 2 проездного документа предназначена для размещения фотоизображения, подписи и данных владельца проездного документа и состоит из двух частей (рис. № 3):

      верхние три четверти страницы – визуальная зона, в которой на казахском и английском языках размещаются следующие реквизиты:

      ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ/ ТҮРІ/TYPE МЕМЛЕКЕТ КОДЫ/CODE OF STATE ҚҰЖАТТЫҢ №/DOCUMENT № TRAVEL DOCUMENT


ФОТО
35х45 мм

ТЕГІ / SURNAME


АТЫ / GIVEN NAMES


АЗАМАТТЫҒЫ / NATIONALITY

ЖЫНЫСЫ / SEX ЖСН / ID №

ТУҒАН КҮНІ / DATE OF BIRTH

ТУҒАН ЖЕРІ / PLACE OF BIRTH

БЕРІЛГЕН КҮНІ / DATE OF ISSUE


ҚҰЖАТ МЕРЗІМІ / DATE OF EXPIRY

ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATUREOF BEARER

БЕРГЕН ОРГАН / AUTHORITY


      нижняя четверть страницы – машиночитаемая зона, в которой располагается машиночитаемая запись, состоящая из комбинации букв и цифр, содержащая в соответствии с международными требованиями и стандартами, предъявляемыми к машиночитаемым проездным документам, основную информацию, имеющуюся в этом документе.

      7. Страница 3 проездного документа предназначена для размещения отметок, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Если страница 3 использована, то отметки производятся на другой свободной странице проездного документа. На странице 3 проездного документа размещена надпись на казахском и английском языках (рис. № 4):

      "МӘЛІМЕТ / OBSERVATIONS".

      8. Страницы 4-36 проездного документа предназначены для размещения виз. Вверху страниц размещена надпись на казахском и английском языках (рис. № 5):

      "ВИЗАЛАР / VISAS".

      9. На заднем форзаце проездного документа размещена надпись на казахском и английском языках (рис. № 6):

      "ОСЫ ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ
36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ
THIS TRAVEL DOCUMENT CONTAINS
36 PAGES".

      Сноска. Пункт 9 - в редакции постановления Правительства РК от 14.10.2021 № 741 (вводится в действие с 01.01.2022).

      10. Номер проездного документа, состоящий из девяти буквенно-цифровых символов (один буквенный символ и восьмизначный цифровой номер), воспроизведен на всех страницах, переднем и заднем форзацах и задней обложке проездного документа.

      11. Номера страниц проездного документа со страницы 4 по страницу 35 расположены в нижних углах.

      Рисунок № 1. Обложка.

     


      Рисунок № 2. Передний форзац

     


      Рисунок № 3

     


      Рисунок № 4

     


      Рисунок № 5. Страница 4-36

     


      Рисунок № 6. Задний форзац

     


      2. Требования к защите проездного документа

      1. Обложка проездного документа изготавливается из износостойкого материала и подложки, между которыми располагается микросхема (чип с бесконтактным интерфейсом) с антенной, используемая в качестве электронного носителя информации о владельце проездного документа.

      В микросхеме, имеющей емкость памяти не менее 64 Кб, в защищенном виде хранится графическая и текстовая информация о владельце проездного документа.

      2. Страница 2 проездного документа защищается специальной ламинирующей пленкой, которая представляет собой прозрачный голографический слоистый материал, производящий множество визуальных эффектов, сохраняя высокую яркость и высокое разрешение дизайна и характеристик.

      3. В проездном документе применены специально разработанные элементы, предназначенные для повышения сохранности записей или защиты проездного документа и произведенных в нем записей от подделок.