"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті, сондай-ақ мәдениет саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |