Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
3) Ассамблеяның басшы лауазымды адамдарын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) Ассамблея сессиясын шақырады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Ассамблеяны басқару құқығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасына өмір бойы тиесілі, ол одан бас тартуға құқылы.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |