"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 408 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Президенті:

      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

      2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

      3) Ассамблеяның басшы лауазымды адамдарын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Ассамблея сессиясын шақырады;

      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Ассамблеяны басқару құқығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасына өмір бойы тиесілі, ол одан бас тартуға құқылы.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады