"2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 440 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Зияткерлік криптографиялық жүйелер: аппараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2020 года № 234 "О программно-целевом финансировании вне конкурсных процедур на 2020 – 2022 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2021 года № 440

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2020 года № 234 "О программно-целевом финансировании вне конкурсных процедур на 2020 – 2022 годы" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О программно-целевом финансировании вне конкурсных процедур на 2021 – 2023 годы";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить, что программно-целевое финансирование вне конкурсных процедур на 2021 – 2023 годы из республиканского бюджета осуществляется по научно-технической программе "Интеллектуальные криптографические системы: разработка аппаратно-программного комплекса" Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин