2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2021 № 440 қаулысымен.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Зияткерлік криптографиялық жүйелер: аппараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2021 № 440 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады