Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Зияткерлік криптографиялық жүйелер: аппараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |