"КИМЭП Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 519 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КИМЭП университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Стратегиялық инвесторға:

      1) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 70000000 (жетпіс миллион) теңге мөлшерінде инвестициялар енгізу;

      2) 2021 – 2026 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету;

      3) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызмет бейінін сақтау;

      4) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс орындарын сақтау;

      5) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін штат санының кемінде үштен екісін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен қамтамасыз ету;

      6) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу;

      7) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

      8) мәмілелер жасасуды (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру мен басқалары) шектеу және (немесе) жекешелендіру объектісіне қатысты 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгілі бір әрекеттерге тыйым салу жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2019 года № 898 "О прямой адресной продаже государственного пакета акций некоммерческого акционерного общества "Университет КИМЭП"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2021 года № 519

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2019 года № 898 "О прямой адресной продаже государственного пакета акций некоммерческого акционерного общества "Университет КИМЭП" следующее изменение:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Установить обязательства к стратегическому инвестору по:

      1) внесению инвестиций в размере 70000000 (семьдесят миллионов) тенге в срок до 31 декабря 2021 года;

      2) обеспечению количества выпускников в среднем не менее 500 (пятьсот) человек в год за период с 2021 по 2026 годы;

      3) сохранению профиля деятельности до 31 декабря 2030 года;

      4) сохранению рабочих мест до 31 декабря 2030 года;

      5) обеспечению не менее двух третей от штатной численности работниками, являющимися гражданами Республики Казахстан, до 31 декабря 2030 года;

      6) погашению кредиторской задолженности до 31 декабря 2021 года;

      7) обеспечению своевременной выплаты заработной платы в соответствии с законодательством Республики Казахстан до 31 декабря 2030 года;

      8) ограничению совершения сделок (перепродажа, залог, передача в управление и другие) и (или) запрещению определенных действий в отношении объекта приватизации до 31 декабря 2030 года.".

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры по реализации настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин