Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 528 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі пайызына дейінгі мөлшерде жоспарланады.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібі
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларының 2-тарауының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберген кезде қаржыландыруды көздейтін ұсыныстар бойынша бюджет қаражатының қажеттілігін ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауларынан және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларынан кейін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, қаражат сомасын және шығыстар бағытын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Қаражат бюджеттік бағдарламалардың бірнеше әкімшісіне бір мезгілде бөлінген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарауды келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған және/немесе ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын пысықтауға қайтарады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының пысықталған жобасын ол қайтарылған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
10. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган материалдарды қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша қорытынды қалыптастырады және 5 жұмыс күнi iшiнде қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қорытындыны келіскеннен кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қорытындымен бірге Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
11. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы шешімі қабылданғаннан кейін бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 5 жұмыс күні ішінде тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен бөлінген қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде резервтен қаражат алған мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаның кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің орта мерзімді сипаттағы екінші және одан кейінгі жылдарға арналған бастамаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.