Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2022 № 20 қаулысымен.
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып "ӨКМ Операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.
2. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1137 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин |